Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет71/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   205
index

Жануартекті 
шикізатты 
экспорттауда 
мемлекеттік 
ветеринарлық қадағалау. Экспортқа тұяқ, сүйек, шаш, тері, қыл, мүйіз, 
жүн шикізаттары жіберіледі. Экспорттық жүкті шығарушы барлық 
кәсіпорындар ветеринарлық санитарияның талаптарына сай келіп, 
үнемі ветеринарлық қадағалауда болуы шарт. Былғары тері шикі заты 
сібір жарасына тексеріледі, таңбаланады. Шикі заттарды консервілеу 
әдістері халықаралық талаптарға сәйкес және ветеринарлық-
санитариялық қаупсіздікті қамтамассыз ету керек. Ветеринарлық 
сертификатта жануартекті ӛнімнің дайындалуы және жіберілуі барлық 
қолданыстағы ережелерге сай екендігі кӛрсетіледі. Жүн, ешкі түбіті, 
қыл, шаш, қауырсын- мамық тасымалдауға жіберер алдында ыстық 
сумен жуылады және дезинфекцияланады, егер жуылмаған шикі зат 
тасымалданса, онда жеткізілген жақта ӛндеуге жіберіледі.
Жӛнелтер алдында тұяқ, мүйіз және сүйекті міндетті түрде 2,5% 
формальдегид немесе құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әктің 
ертіндісімен дезинфецияланады. 


121 
ЖАНУАРЛАРДЫ, ЖАНУАРТЕКТІ ӚНІМ ЖӘНЕ 
ШИКІЗАТТАРДЫ ИМПОРТТАУ КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК 
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 
 
ҚР-на шет елдерден жануарларды импорттап әкелу ҚР АШМ 
ветеринария комитетінің рұқсатымен аурудан сау шаруашылықтардан 
жүргізіледі.
ҚР импортталатын жануарлар сатушы базасында ҚР дәрігерінің 
қадағалауымен 14 күндік карантинде болу керек.
Карантин кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: 
1. Ірі қара малдарға: туберкулезге тері ішкі сынамамен
бруцеллезге КБР және АР, паратуберкулезді энтеритке аллергиялық 
және серологиялық КБР бойынша, лептоспирозға микроаглютинация 
реакциясы және лизистеу арқылы, лейкозды клиникалық және 
гематологиялық, вибриозды шәуеттен ӛсінділік микроскопиялық және 
ӛсінділік, ірі қараның аналық бастарын кӛбею үрдісіне жарамдылығын 
гинекологиялық зерттеу арқылы тексереді.
2. Жылқы, есек, қашырларды: маңқаға 2 мәрте кӛзге малленизация 
және серологиялық әдістерден КБР тексереді, инфекциялық анемияға 
клиникалық және гематологиялық, жылқының
аналықтарын 
кӛбею үрдісіне жарамдылығын гинекологиялық зерттеу арқылы 
тексереді. 
3. 
ІҚМ 
бруцеллезге 
серологиялық 
және 
аллергиялық; 
параттуберкулезді энтеритке аллергиялық және серологиялық; 
инфекциялық эпидимит-клиникалық; серологиялық; листериозға 
серологиялық КБР және АР; сальмонеллез-серологиялық АР, 
туберкулез (ешкі) сиыр туберкулинін 2 рет тері ішіне, шаруашылықта 
гельминтоздық аурулар табылған жағдайда дегельминтизация 
жұмыстарын қойларға жүргізеді. 
4. Екі жұма бұрын сиыр және құс түберкулинімен шошқаларды 2 
мәрте туберкулезге тері асты сынамасын қояды; бруцеллезге АР; КБР 
және аллергиялық; лептоспирозға микроаглютинация реакциясын және 
лизистеу арқылы; экспорттаушы елден шошқаны шығарар алдында, 
бұрын вакцинация жасалмаса тілмеге қарсы егеді. 
5. Терісі бағалы аңдар. Қоян, иттерді ботулизмге қарсы 
вакцинациялайды, ет қоректілер обасына қарсы түлкілерді артуға 10 
күннен кешіктірмей егеді, иттерді 14 күн бұрын оба және құтыруға 
қарсы, қояндарды пастереллезге қарсы егеді және кокцидиостатикалық 
препараттармен емдейді (5 күндік 2 курс), диагностикалық зерттеулер 
жүргізеді, Алеут ауруына құндыздарға 10-30 күн қалғанда йодтық 
сынама қояды.


122 
6. Тауық, күрке тауықтарды туберкулезге аллергиялық, пуллорозға 
– серологиялық АР, суда жүзетін құстарды паратифке серологиялық АР 
тексереді. 
7.Сертификатта балық, уылдырықтың, шаян, ара және бал 
шаруашылық ӛнімдерін аурулардан ада
екендігі кӛрсетіледі.
8. Ауыл шаруашылық жануарлардың шәуеті сау жануардан 
алынып, трихомоноз, вибриоз, бруцеллез, туберкулез, жылқылардың 
шағылысу ауруына, лейкоз, лептоспироз, паратуберкулезді энтеритке 
теріс (реакция) нәтиже беріп, аусыл, инфекциялық анемия, жылқы 
энцефаломиелиттен, шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитінен, 
түйінді дерматит, вирусты ринотрахеитінен, энзоотикалық іш тастау, 
вирустық диареядан 12 ай бойы ада шаруашылықтардан алынуы керек.
9. Зоопарктік жануарлар, бауырымен жорғалушылар туберкулезге 
теріс реакция кӛрсетіп, жабайы етқоректілер оба және құтыруға қарсы 
егілген болу керек.
10. Союға жіберілетін жануарлар сібір жарасына қарсы, шешек 
ауруы кездесетін мемлекеттен әкелінген қойларды шешекке қарсы 
егеді, шығаруға 2 тәулік қалғанда тілмеге қарсы ӛңдейді. 
11. Ара жанұяларын, аналықтарын, бал, балауызын т.б. ара 
шаруашылығы ӛнімдері соңғы 12 айда жұқпалы аурулардан сау 
шаруашылықтардан әкеледі, ара шаруашылығы ӛнімдерінің ӛзіне тән 
органолептикалық қасиеттері болу керек. 
12. Жӛнелтер алдында ара жанұялары 30 күн, аналықтары 10 күн 
ветеринарлық маманның қадағалауында болуы шарт. Бұл уақыт 
аралығында ара жанұялары әр 10 күн сайын бруцеллез, варроатоз, 
таңдамалы түрде акарапидоз, амебеоаз, нозематозға лабораториялық
американдық және еуропалық шірімеге бактериологиялық тексеріледі.
ҚР келген кезде аралар 30 күн ветеринарлық қадағалауда болады, 
клиникалық 
байқау 
мен 
зертханалық 
зерттеулер 
жоғарыда 
кӛрсетілгендей жүргізіледі. 
ҚР келген жануарлар 1 айлық карантинде арнайы базаларда 
ұсталады, карантиннен кейінгі 12 айда жергілікті жануарлармен 
қатынаста болдырмау керек. Соятын жануарларды әкелгеннен кейін 1-2 
тәуліктен кейін союға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет