Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК



Pdf көрінісі
бет74/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205
index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 
ШЕКАРАСЫНДА ЖҤРГІЗІЛЕТІН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР
 
ҚР шекара және кӛліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды 
жүргізуде 
шекарадағы 
ветеринарлық 
қадағалау 
пункттерінің 
ветеринарлық дәрігерлері барлық халықаралық әуежай желілерінде, 
шетелдік және басқа да жоспарланған теңіз және ӛзен қайықтарын, 
шекарадан ӛтетін темір жол және барлық кӛлік түрлерінің қосымша 
тексерістен ӛтеді.
Қазақстан порттарына келген соң теңіз кӛліктерімен барлық 
жануар түрлерін, жануар текті ӛнім және шикізатты шығаруға 
(енгізуге), сонымен қатар жолаушылардың шет елдерден әкелінген (ҚР 
Ветеринария Комитеті кӛрсеткен кейбір ерекше жағдайларды 
ескермегенде) ет ӛнімдерін қолдануға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына, темір жол 
стансаларында ӛлген жануарларды, азық қалдықтарын, тӛсеніштерді 
лақтыруға болмайды. 
Кеден қызметі халықаралық теңіз порттары, әуежай, темір жол 
стансасы және сапаржай әкімшілігі арнайы бӛлінген жерде ұшақ, вагон 
мейрамханасынан, теңіз кӛлігі т.б сапаржай және кеден қызметі 
аумағындағы асхана қалдықтарын жинау, залалсыздандыру және 
ӛтелдеу жұмыстарын атқаруды ұйымдастырады. Бұл қалдықтарды 
жануарларды азықтандыру үшін қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан 
Республикасының 
Кӛлік 
және 
коммуникация 
министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіп, теңіз және 
ӛзен порттарында, темір жол 
стансаларының 
шекарасында, 
халықаралық әуежай мен сапаржайларда және т.б. қадағалаудағы 
жүктер импортталатын жерлерде артып-түсіру ауданын салып, оны 
техникалық заттармен қамтамасыз етуді, жуу үшін дезинфекциялық 
кешендерді, тасымалдаудан кейінгі теңіз кӛлігі, ұшақ, вагон және 
автокӛліктердің босаған жүктік бӛлімдерінің дезинфекция және 
дезинсекциясын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бұл кешендер 
арнайы теңіз кӛлігі, ұшақ, поезд және автокӛліктен қоқыс, тағам 
қалдықтарын жинап, жоятын құрылыммен жабдықталуы керек. 
Айтылған қалдықтарды қала қоқысына жіберуге тыйым салынады. 
Халықаралық сапардағы кемелердің теңіз және ӛзен порттарының 
әкімшілігі 
ветеринарлық-санитарлық 
шараларды 
ӛткізуге 
жабдықталып, басқа порттардан алшақ орналасқан карантиндік порт 
болуы керек.
Республика, облыс, аудан ауылшаруашылық мүшелері шекаралық 
ветеринарлық қадағалау бекеттерімен бірігіп, шекарадағы аудандардың 
мал шаруашылық фермалардың, меншік иелігіне қарамастан 


126 
жануартекті шикізатты, импортталған тауарды сақтау және қайта ӛңдеу 
кәсіпорын және ӛндірістік базаларының санитарлық жағдайын, кӛлікті 
санитарлық ӛңдеу, шайынды сулардың залалсыздану және ӛндірістік 
қалдықтардың ӛтелденуінің кешендік шараларын бақылайды.
Шекаралық қалаларда, ауылдарда базарлар салынуы, сою 
пунктінде қоқыс, қалдықтардың кӛп жинауына әкеледі олардың 
уақытылы шығарылуы, сонымен қоса дезинфекция және кеміргіштерді 
жою жұмыстарымен айналысу қажет. 
Жануарларды союға шығару, азықтандыру және жануар текті 
шикізат аудандарына шығару тек қана мемлекеттік шекара және 
транспортта ветеринарлық қызметінің және ҚР АШМ қадағалауымен 
жүзеге асырылады. 
Сатып алу, консервілеу, сақтау және жануартекті шикізаттарды 
тасымалдау, әсіресе Монголия және Қытаймен шекаралас аудандарда, 
сонымен қатар шикізатты алғашқы ӛңдеу (жүнді қауырсын, қыл, 
шашты ыстық сумен жуу, сүйектерді қайнату) кезінде осы аудандарда 
орналасқан кәсіпорындарда санитарлық ережелердің сақталуын 
қадағалайды. 
Ауру және күмәнді жануарларды арнайы тәртіптегі ет 
комбинаттарында сою үшін Қазақстан Республикасы Ветеринария 
Комитетінің рұқсатымен аурудың таралмауына жағдай жасалған соң 
барып, рұқсат етіледі.
Ет комбинаттарына союға жануарды жеткізген соң, оны қайта 
қайтаруға тыйым салынады. Қайта ӛңдеу орындарында жануарды 
тасымалдаған кӛлікті тазалау және дезинфекциялау жұмыстары 
жүргізіледі. 
Жануарларды семірту үшін, жергілікті малдар жайылмайтын, 
инфекциялардан сау, жануарларды оңашалап ұстайтын жайылымға 
жібереді.Жайылымнан қайтқан жануарларды ветеринарлық тексеруге 
қажет жағдайда зерттеулерге жасалады.
Бұл жұмыстар ӛткізілетін жануарлардың эпизоотиялық жағдайына 
жауапты жергілікті ветеринарлық дәрігерлеріне жүктеледі. Бұндай 
жануарлар шаруашылықтан ӛтіп, жақын ет комбинатына союға 
жіберіледі. 
Жануарлардың ішінде инфекциялық ауру табыла қалса, жергілікті 
ветеринарлық органдар және шекаралық ветеринарлық бекет 
инфекциялық ауруларға қарсы ағымдық ережелерге сай шаралар 
қолданып оқиға жӛнінде шекара және кӛліктегі мемлекеттік 
ветеринарлық қадағалаудың бас басқармасына және Қазақстан 
Республикасының ветеринарлық Комитетіне хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет