127
шаралар. Шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасы шекарасынан
ӛткізу бекетінде Қазақстан Ресубликасына жануарлардың жұқпалы
аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құқықтық
және басқа да
ветеринарлық актілері» және ағымдағы жағдайға байланысты
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ветеринарлық-санитарлық қадағалау жануар текті
ӛнімдерді және т.б. қадағалаудағы жүктерді түсіру, тасымалдау,
қайта
ӛңдеу жерлерінде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы
ӛткізгенде қатысты министрліктер мен ведомстволар кӛлік, вагон, суда
ұшақтарды санитарлық ӛңдеуден ӛткізуге арналған дезинфекциялық –
жуғыш блоктар орнатып, жануарлардың жұқпалы ауруларының
таралуы туралы қауіп тӛнсе, медицина
қызметкерлерімен бірігіп,
жолаушылардың киімі және аяқ киіміне ӛңдеу жасалады.
Қазақстан
Республикасының
барлық
министрліктері
мен
ведомстволары Ауыл шаруашылық министрлігімен келісе отырып,
белгіленген тәртіп бойынша шет елдерде жұмыс істейтін, сапар шегетін
шет ел фирмаларының мүшелерін Қазақстан Республикасына
жануартекті ӛнімдер мен барлық қадағалау жүктеріне енгізу және
шығару жӛніндегі тыйымдар жайлы хабарлайды.
Жануар, құстардың жалпылама ауырып, жануар және адамға ортақ
аурулардың шет елдік территорияға таралу қаупі тӛнсе, Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау
министрлігіне хабарлайды.
Аса қауіпті аурулардың Қазақстан Республикасында немесе шет ел
территориясында таралу қаупі тӛнсе, үкімет шешімі бойынша
Қазақстан Республикасына адам, жануар, жүк және т.б. жануар немесе
ӛсімдік текті ӛнімдердің енгізілуі жартылай толық тоқтатылуы және
карантин қойылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне
қатысты жақтарға және
министрліктер мен ведомстволарға шектеуліктер жайлы баяндайды.
Шет елдерден жануарларды (құс, терісі бағалы аңдар, зоопарктік
және цирктік аңдар, ит, балық, ара), жануар эмбриондары мен шәуетін,
құрлық және су организмдерін, сонымен қатар жануартекті шикізат пен
фураждарды сатып алу Қазақстан мамандарымен Қазақстан
Республикасының импорт бойынша ережелерін
қатаң сақтай отырып
жүргізіледі. Қазақстан Республикасына жануарлар, жануартекті ӛнім
мен шикізатты және т.б. жүктерді енгізу Қазақстан Ресубликасының
ветеринарлық Департаментінің жазбаша рұқсатымен беріледі.
Импортталған табындық жануарларды арнайы дайындалған
шаруашылықта 30 күн
карантинде ұстап, кейін шаруашылық және
жергілікті малдардан 1 жыл бойы бӛлектеп ұстайды.
128
Карантин кезінде жануарларды аса қауіпті ауруларға Қазақстан
Республикасы Ветеринария Комитеті белгілеген тәртібіне сәйкес
кешенді диагностикалық зерттеуден ӛткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: