Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі



Pdf көрінісі
бет92/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205
index

 
Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі 
ветсанбақылау 
Жануарларды тиеуге таза, ал асыл тұқымды жануарларды тиеуге - 
жуылған және залалсыздандырылған вагондар беріледі. Вагондардың 
жануарларды 
тасымалдауға 
жарамдылығын 
жүк 
жӛнелтуші 
мемветинспектормен бірлесіп белгілейді. Мұндай тасымалдау үшін улы 
химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдаудан кейін 
босаған вагондар беруге тиісті ӛңдеусіз рұқсат етілмейді. 
Жануарларды 
арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң кӛліктегі 
ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі 
шаралар ӛткізеді: станса ӛкілімен және жӛнелтушімен бірлесіп 


164 
вагондар жарамдылығын тексеріледі; қажетті азық мӛлшері 
анықталады; клиникалық қарау мен термометрия жүргізіледі. Аға 
жолсерік шаруашылықтан азықтар мен тӛсеніштерді барлық жол 
бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті. Азықтар мен тӛсеніштерді 
тасымалдау үшін, бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға есебінен 
беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл 
тұқымды жануарларға 2 жолсерік бекітіледі.
Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар, 
жануарларды тиеуге арналған баспалдағымен тиегіштері, бүйірлік 
қабырғалары бар стансаларда ӛткізіледі. Бірден автокӛліктен артуға 
болмайды (2 Сурет). 
Сурет-2. Ірі қара малды вагондарға арту платформасы арқылы тиеу 
кӛрінісі. 
Зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын тасымалдау 
мамандандырылған вагондарда немесе осындай тасымалдау үшін 
жабдықталған жабық вагондарда жүргізіледі (2 сүрет). Жануарларды 
тасымалдау үшін жалға алынған мамандандырылған вагондарды 
пайдалану тәртібі жалға алу шартымен реттеледі. 
Артарға дейін жануарларды кӛлемі, салмағы, жынысы бойынша 
топтап сұрыптайды. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, 
жануарларды тиеу, түсіру тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі, 
жануарларды тәуліктің қараңғы уақытында тиеуге, түсіруге жеткілікті 
жарықтануы болғанда ғана рұқсат етіледі.


165 
Сурет-3. Жануарларды тасымалдайтын вагондар түрлері 
Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық 
жануарларды тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа 


166 
қайтарылады 
немесе 
белгіленген 
тәртіпте 
сойылуы 
үшін 
еткомбинаттарына жіберіледі. Вагондарда тасымалдауға керек құрал-
жабдықтары темiр жолмен немесе жүк жiберушi (жүк алушы) 
келiсiмiмен жабдықталады. 
Жiберiлген малдарға, құстарға, араларға және ӛсiру, тiрi балыққа, 
балық ӛсiретiн материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк 
жiберушi мiндеттi түрде, бақылаудағы жүктердiң шыққан жерiнен, 
аумақтық 
ветеринариялық 
мекемесi 
берген 
ветеринариялық 
сертификатын кӛрсетедi. Ветеринариялық сертификатсыз жануарлар 
мен құстар тасымалдауға жiберiлмейдi. Ветеринариялық сертификат 
әрбiр вагонға бӛлек берiледi, оны тасымалдау құжаттарына қосады. 
Малдың саны 5 дейін болса, бір сертификатты беруге болады, онда 
кесте ретінде әр малдың құлағының ені, таңбасы, түрі, аты, салмағы 
кӛрсетіледі, егер малдың саны 5 бастан асса, олардың тізімі болу керек, 
ол тізімге шекара бекетінің ветеринарлық инспекторы қол қояды және
сол тізім осы сертификаттың ажыратылмас бӛлігі болып табылады. 
Егер жүкті жүк жiберушiмен бiр стансаға және бiр жүк алушыға 
жолдаса, бiрнеше вагонға бiр сертификат берiледi. Жануарлар және 
құстар шет елдеріне жiберiлгенде, ветеринариялық сертификат әрбiр 
вагонға берiледi. Ветеринариялық сертификаттың жұру мерзімі- ол 
берiлген күннен бастап жеткізілетін бекетке дейін жарамды болып 
саналады.
Станса бастығы, жүк тасушы мен мемлекеттiк ветеринарлық 
қадағалау мекемесіне мал мен құсты тиеуге 24 сағат уақыт бұрын хабар 
бередi. Жануарлар мен құстар станса бастығы тағайындаған уақытта 
стансаға жеткiзiлiп, тиеуге дейiн бүкiл вагондар ветеринарлық 
инспекторымен қаралуы керек. Жануарлар мен құстарды тиеуге рұқсат 
етiлсе, ол туралы ветеринарлық сертификатта белгi қойылады, ал 
тиеуге тыйым салынса, ветеринарлық сертификаттың алынғаны туралы 
акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар берiледi. Тиеуге 
ветеринарлық инспекторы тыйым салса, жүк жiберушi мiндеттi түрде 2 
сағат аралығында тиеуге жiберiлмеген жануарларды және құстарды 
станса аумағынан алып кетуi керек. 
Бір тӛрт діңгекті вагонға арту нормасы жануар түріне, жасына, 
кӛлеміне, салмағына байланысты анықталады. Асыл тұқымды 
жануарларды 
арту 
нормасы 
жүк 
жӛнелтушінің 
кӛліктегі 
мемветқадағалау орындарымен келісімі бойынша ӛзгертіле алады. 
2 Кесте
Тӛрт діңгекті вагонға әр-түрлі жануарларды тиеу нормасы 
Жануарлардың түрі мен жасы 
Бір вагонға тиеу 
саны, бас 


167 
Сойылатын ІҚМ 
Ересек ІҰМ 
16-24 
ІҚМ тӛлдері 
24-28 
350-500кг салмақты бордақылау ӛндірісіндегі 
тӛлдер 
10-12 
Бұзаулар 
30-50 
Жоғары ӛнімді және асыл тұқымды ірі қаралар: 
Сиырлар 

Ересек бұқалар 

Тайыншалар, бұқашықтар, құнажындар 
10-12 
ҰҚМ: 
Қойлар мен ешкілер 
8-110 
Шошқалар: 
30-60 кг салмақты 
60-80 
60-80 кг 
50-60 
80-100 кг 
44-50 
100-150 
28-44 
150 
20-28 
Жылқылар: 
Сойылатын жылқылар 
14 кӛп емес 
Асыл тұқымды және атжарыс жылқылары 
10-12 кӛп емес 
Түйе 

Бұғы 
12-16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет