Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет93/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205
index

Жылқыларды вагондарда кӛлденең бойы қатар бастарымен 
есiкаралық кеңiстiкке қарай орналастырады. Жолсерiк жүріп тұруы 
үшiн ортаңғы қатарда шеткi қатарға қараған бiр жылқыға аз 
орналастырылады. Жылқылар тек қана тағасыз түрде тасымалданады. 
Қысқа бағыттар болса, рационнан дәндесін азықтар алынады. 
Iрi қара мал вагонда ұзын бойы және кӛлденең түрiнде 
орналастырылады. Кӛлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның 
кӛлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал 
байлауға темiр шығыршықтар жапсырылады, 1-2 малға бiр шығыршық. 
Вагонның екi басына, әрқайсысы екi тақтайдан құралатын, вагонның 
алынбайтын тақтайына, вагонға кӛлденең, вагонның беткi қабырғасына 
тiреп сӛрелер орнатады. Iрi қара мал тиелiп болғаннан соң, есiк 
жақтауларына 
тор 
қойылады. 
Iрi 
қара 
малды 
кӛлденең 
орналастырылғанда 
вагонды 
жылқыларды 
орналастырылғандай
жасалынады, тек есiкке қойған тақтай орнына тор қойылады. Қой, ешкi, 
шошқа және iрi қара малдың тӛлдерi вагондарға бос артылады. 
Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның 
ұрғашысы мен аталығын және жануарлар мен құстың әр түрлерiн бiрге 


168 
тиеуге болмайды. Егер жануар мен құстың әр түрлi жыныс және 
түрiмен тасымалдауға бӛлек вагондар болмаса, оларды мiндеттi түрде 
мықты шарбақпен бӛлiп тасымалдауға болады. 
Бұзау, қой, ешкі, шошқалар, қашарлар бос артылады. Шошқаларды 
қыс уақытында сыртқы ауа температурасы 25°С тӛмен болса, ал жаз 
уақытында 25°С жоғары болса, үлкен семiз шошқалар (салмағы 100 кг 
кӛп) тиелiнбейдi және тасымалданбайды.
Ұсақ жануарлар тор жәшiкте бiрнеше қабатта тасымалданады. 
Үстiңгi тор мен тӛбенiң және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м 
болуы керек. Жәшiк пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылып, 
ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшiн орын 
қалдырылады. Тор және жәшiктердiң түбi бүтiн болып және тиелген 
соң жақсылап бекiтiлуi керек. 
Бағалы аңдар, олардың түрлерiне қарамастан темiр жол немесе 
мықты ағаш, есiгi темiрмен торланған торларда тасымалданады. Тор 
есiктерi мықты есiктiң иегiмен және құлыпқа жабылуы керек. 
Жеткiзудiң белгiленген уақытына байланысты, жүк жiберушi мал 
мен құсқа жеткiлiктi түрде жол бойына азықпен және тӛсенiшпен 
қамтамасыз етедi (3-кесте). Қыс уақытында ауаның сыртқы 
температурасы 15°С тӛмен болса, қыспақ, барда, сүрлеммен 
жануарларды азықтандыруға болмайды. 
3-Кесте. Жануарларды темір жол кӛлігімен тасымалдағанда азық 
және тӛсенішпен қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы 
Жануарлар 
Пішен (шӛп) 
Құрама азықтар 
Тӛсеніш 
Асыл тұқымды, жұмысшы жануарларға, кг/басына 
1,5 
жастан 
кейінгі 
сиырлар мен бұқалар 
10-12 
2-3 

Ірі қара мал тӛлдері 
6-10 
1,5-2 

Қойлар мен ешкілер 

0,5 
0,3 
Ересек шошқалар 

3-4 
1,6-2 

айлыққа 
дейінгі 
шошқалар 

2-3 

Асыл 
тұқымды 
жылқылар 
12-14 
3-4 

Жұмыс жылқылары 
10-12 
2-4 

Қояндар 
0,1-0,15 
0,1-0,15 
0,1 
Союға жіберілетін жануарлар, 1ц кг салмаққа 
Ірі қара малдар 
4,5 

1,5 
Қойлар мен ешкілер 
5,5 

0,5 
Шошқалар 

2,5 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет