161
саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
жүргізіледі.
Ауру
жануарлар
тасымалданған
вагондарға,
кемелерге,
қайықтарға,
ұшақтарға,
автокӛліктерге
және
алаңдарға,
платформаларға, қораларға, сонымен қатар, ауру жануарлармен
жанасқан аспаптарға, қызмет етушілердің киім, аяқ киімдеріне,
ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі.
Транзит кезінде жұқпалы аурумен ауырған жануарлар табылса,
ветинспекторы,
ауру мал бар вагондарды, қайық, кеме, автокӛліктерді
тоқтатып, керек болған жағдайда малы және жемімен бірге осы
пойыздың бүкіл вагондарын ӛңдейді, ветеринариялық-санитариялық
және эпизоотияға қарсы шараларды жүргізеді.
Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар болған вагондардан,
кемелерден, қайықтардан, ұшақтардан, автокөліктерден мал
нәжісімен және қолданылған төсенішін жол бойына тастауға, нәжіс
және төсеніш тастауға рұқсат етілген стансаларда да тыйым
салынады. Бұндай вагондар,
қайықтар, кемелер, ұшақтар нәжісімен
және құрал-аспаптарымен бірге, жануарлар түсіріліп болған соң,
ветеринарлық-санитарлық ӛңдеуге жіберіледі.
Ауру малдарға алдын алу шаралары, ауру жануарлар стансадан,
айлақтан, пристаннан әкелінгеннен соң жергілікті ветеринариялық
мекеменің
мамандарының
нұсқауымен
және
қадағалауымен
жүргізіледі.
Жануарлар тасымалдауға жіберілмеген кезде, жол бойында
амалсыз түсірілгенде,
шаралар қолданылғанда, тасымалдау кезінде
(түсірілген және артылған уақытта), бруцеллез, туберкулез (құстардан
басқа), маңқа және басқа жұқпалы аурулар анықталғанда,
ветеринариялық инспектор жүк жіберушінің (жүк алушы) және
стансаның, порттың, аэропорттың қызметкерлерімен бірге
акт
ресімдейді. Бұл актіде тоқтату шаралары (табылған ауру), істелінген
немесе істелінетін ветеринариялық–санитарлық және эпизоотияға
қарсы шаралар кӛрсетіледі. Актінің
бірінші нұсқасы акт жасалынған
жергілікті жердегі ветеринарлық бӛліміне,
екінші нұсқасы жүк
жіберушіге (жүк алушыға) немесе жүк құжаттарына (транзит кезінде)
қосып, ал
үшінші нұсқасын облыстың, ауданың (қаланың) бас
мемлекеттік ветеринарлық инспекторына, ал
төртінші нұсқасын
стансаның, порттың, айлақтың, аэропорттың басшылықтарына
тапсырылады.
Ауру, жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар табылған сәтте,
ветеринариялық инспектор міндетті түрде мыналарға хабарлауы керек:
1) ауру жануарлар табылған жердің ауданның (қаланың) бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторына;
162
2) ауру жануарлар шығарылған ауданның (қаланың) бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторына;
3) ауру жануарлардан адамға жұғатын ауру қатарына жатса, онда
жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау мекемелеріне
(ауру табылған жердің) хабар беріледі;
4)
керек
болса,
күшейтілген
(зерттеу,
термометрия)
ветеринариялық бақылаудағы жануарларды тасымалдауға мемлекеттік
ветеринариялық инспекторы рұқсат берсе, ол ветеринариялық
қадағалау қарамағындағы жол жүру бойында телеграф жүзінде
стансадағы,
порттағы,
айлақтағы
ветеринариялық
қадағалау
басқармасының бастығына хабарлайды.
Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар анықталған уақытта және
олардың әрі қарай жүруіне рұқсат етілген болса, барлық жағдайларда
қатаң түрде мынадай шарттарды орындау қерек:
1) жануарлар тасымалданатын вагондарда, кемелерде, қайықтарда,
ұшақтарда дезинфекциялық ерітіндімен сіңірілген тӛсеніштермен
қамтамасыз етілуі керек;
2) жүк жіберуші жеткілікті санмен жануарларға жететін су беретін
шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Суаратын орындағы шелек және
астаулармен малдарды суаруға тыйым салынады;
3) жануарлардың жол серіктері арнаулы киіммен (халаттар,
резиналы етіктер), орамал, сабын және
қолды залалсыздандыратын
дезинфекциялық ерітіндімен қамтамасыз етілуі керек;
4)
жануарларды
вагондарға,
автокӛліктерге,
қайықтарға,
кемелерге, ұшақтарға тиеу және түсіру тек ветеринариялық
инспекторлардың қадағалауымен жүргізіледі.
Тасымалданатын барлық жануарлардан топалаң және аусыл, ірі
қара малдың обасы, сиырдың плевропневмониясы, қойдың күл ауруы,
шошқаның оба тілмесі, жылқының маңқасы, бағалы аңдардың оба,
вирустік энтериті, құстарда оба, пастереллез
аурулары анықталған
болса, сол аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары,
шекара және кӛліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
аумақтық басқармасының инспекторлары, ауру жануарлар тиелген
жақтың аумақтық ветеринариялық мекемесіне және ҚР АШМ
ветеринарлық комитетіне хабар беруге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: