180
ӘУЕ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҤРІН
ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жүктердің жіктелуі Сауда жағдайына байланысты әуе
кӛліктеріндегі жүктер келесі түрлерге бӛлінеді: тез бұзылатын және
арнайы.
Тез бұзылатын жүктерге азық және басқа ӛнім жүктері жатады. Бұл
жүктер оптималды температура және ауа
ылғалдылығына байланысты
тез бұзылатындықтан, оларды сақтағанда және жабдықтағанда ерекше
жағдайлар жасап, тез арада белгіленген орынға жеткізу керек.
Тез бұзылатын жануартекті жүктерге келесі топтар жатады:
жануартекті ӛнімдер - әр түрлі мал еті, құс, салқындатылған және
ысталған балық,
уылдырық, және сиыр майы, әр түрлі майшабақ,
консервілер, шұжық ӛнімдері, ірімшік және т.б; тірі балық ӛнімдеріне –
тірі уылдырық,
азықтық ағзалар, мольки; биологиялық препараттар,
қағанақ (плацентарная) сары суы, консервіленген қан,
медициналық
сүлік. Бұл ӛнімдерді сақтаған, тасымалдаған кезде арнайы жағдайлар
жасалынады.
Сақтау барысында жағдай жасалып және тез арада
жеткізілетін жүктер «Арнайы жүк түрлері»
деген атаумен
ерекшеленеді. Жеткізу уақыты шектелген және ұзақ қашықтыққа
тасымалданатын жүктер тек қана әуе кӛлігімен жеткізіледі.
Арнайы
жануартекті жүктерге ауылшаруашылық және жабайы жануарлар,
құс (сонымен қатар тәуліктік балапандар) және түбітті аңдар, ара, ауыл
шаруашылық малдарының ұрықтары,
бауырмен жорғалаушылар, асыл
тұқымды жұмыртқалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: