181
болатындай, азықты жеңіл беру үшін, суару, тазалау, тӛсеніштерді
ауыстыру, қиды шығару үшін, пилот кабинасына кедергісіз, ӛту үшін
арнайы кеңістік орнын қалдырады. Жүк кабинасының еденіне ағаш
тақтайлар, үстіне пластинамен рифленген резеңке тӛсейді, оның үстіне
ағаш үгінділерін тегістеп салады. Ағаш үгінділері сору қасиеті бар
материал
болып табылады, сондықтан оларды уақытында ауыстырып
отырған жӛн.
Тік ұшақтың жүк кабинасында ішетін су және шӛптерге арналған
жәшіктер, сонымен қатар жануарларды суаруға арналған шелектер,
тазалау жұмыстарын жүргізуге қалақ, сыпырғыш және т.б. жабдықтар
міндетті түрде болған жӛн.
Үй жануарларын тасымалдауға негізделген
ұшақтар ішінде жеңіл
алынатын, бірақ мықты, беткейі гафрильденген резеңке немесе киіз
тӛселген бір-бірінен қашықтығы 320 мм болатын саты орнату керек.
Саты ені кем дегенде 1500мм, саты 1000кг дейін жануар салмағын және
бақылаушы адамдардың 100кг салмағын,
сонымен қатар динамикалық
ауыртпалықтарды кӛтеру керек.
Жануарларды арту кезінде ветеринарлық маман қараудан ӛткізіп,
тексереді, құжатта белгілейді.
Сурет-8. Ірі қара малдарын арту тәртібі, контейнерлер түрі
Жануарларды тасымалдау міндетті түрде бақылаушы адам, жүк
жӛнелтуші немесе қабылдаушы жағынан болса, мықты арқанды шетен,
уақытында азық алдырылса, суарылса, шетен ішін жинап, тӛсеніштерін
ауыстырып отыру жағдайы қамтылса рұқсат етіледі. Бақылаушы
адамдарды алдын
ала нұсқаумен таныстырады, бақылаушы адам әр
түрлі шараларды ұшақ басшысының рұқсатымен ғана қабылдай алады.
182
Тасымалдау барысында күмән туатын жағдайлар болса, онда ұшақ
басшысына (командирге) шұғыл түрде баяндап отырады және ережеге
сай жұмыс жүргізеді. Бақылаушылар арасында медициналық
жадығаттары бар ветеринарлық жұмысшы болады. Жолсеріктерінің
саны, жануар санына байланысты болып келеді.
Тасымалдау
ұзақтығына байланысты қосымша азық, су болған жӛн.
Жануарларды
аралық әуежайларда түсіруге тыйым салынады.
Әрбір рейстен кейін жүк бӛлімдері міндетті түрде тазалаудан
ӛткізіліп, дезинфекцияланады.
Достарыңызбен бөлісу: