Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет148/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   205
index

азық 
қалдықтарын, 
тӛсеніштерді сыртқа тастауға тыйым салынады. Жұқпалы 
малдарды тасымалдаған кӛліктер малдарды белгілі орынға әкелгеннен 
кейін қи, тӛсеніштермен қоса ӛңдеуден ӛткізеді, ветеринарлық 
ережелерге сай акт толтырылады. Жұқпалы аурумен ауырған малдар 
жергілікті бір стансаларға жеткізу, арту арнайы жергілікті 
ветеринарлық мекеменің қадағалауында болады. 
Әр жағдайда жұқпалы ауруларға күдікті деп танылған малдарды 
арту, түсіру кезінде, туберкулез, бруцеллез, маңқа ауруларына мал оң 
реакция берген кезде автокӛлікке, темір жол кӛліктеріне артуға, түсіру 
үшін міндетті түрде мемветинспектор акт толтырады, мұнда жолсерігі, 
мал иесі қатысуы міндет. Актыда аурудың анықталғаны, шектеуін қою 
керектігі туралы, ветеринарлық-санитарлық эпизоотиаға қарсы шаралар 
жүргізілгені туралы толық жазылу керек. Акті толтырғаннан кейін, 
бірнеше кӛшірмесін жасайды. бірінші акт толтырылған аймақтық 
ветеринарлық мекемесінің құжатында тіркеледі, ал екіншісі тауар
жіберген тауар алатын мекемелерге, тауар құжаттарына тіркейді. 
Үшіншісі қалалық облыстық бас мемветинспекторға береді. тӛртіншісі 
әуежайдың, стансаның бастығына тапсырылады. 
Әрбір ауырған малды, ауру, жұқпалы ауруларға күдікті малдар 
кездескен жағдайда, жұқпалы ауру шыққан кезде мемветинспектор 
міндетті түрде аталған мекемелерге мыналар жайында жедел 
хабарлайды: 
- ауру 
шыққан 
жердің 
(аудандық, 
қалалық) 
бас 
мемветинспекторына хабар беру; 


265 
- ауру мал әкелінген (шыққан) елді мекенге хабарлау; 
Зооантропонозды ауру анықталған кезде жергілікті санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау мекемелеріне хабар беру қажет. 
Тасымалдау барысында ауруға күмәнді малдарды толық тексеруден 
кейін тасымалдауға рұқсат берсе, мемветинспектор қатаң ветқадағалау 
жүргізіп отыру қажет және кӛлік ӛтетін барлық стансаларға, бекеттерге 
хабарлау керек, шекара кӛліктегі аймақтық ветеринарлық қадағалау 
бекеттеріне хабарлау шарт. Ауруға күдікті малдарды, ауырып 
жазылған малдарды тасымалдағанда келесі ережелерді сақтау керек: 
- вагондармен, ұшақтармен, автокӛліктермен, су жолымен 
тасымалдаған кезде, малды тасымалдайтын кӛліктер арнайы 
жабдықталған, дезтӛсеніштер, кілемшелер, дез заттар болу керек; 
- жануарларды тасымалдау кезінде жануарларды артқан кісі 
қажетті-құрал саймандармен жабдықталуы қажет. Су беретін арнайы 
шелек болу керек, бекеттен алған шелектермен суаруға болмайды; 
- мал қарайтын жолсеріктерінде арнайы жұмыс киім, орамал, 
сабын, қол жууға арналған деззаттар міндетті түрде болу керек. 
Малдарды кӛліктен түсіру, арту тек қана мемветинспектордың 
қатысуымен ӛтуі керек. Шекарадағы кӛліктегі аймақтық қадағалау 
мекемелері, жергілікті аймаққа қарасты бас мемветинспектор егер 
кӛлікпен тасымалдау барысында, сібір жарасы, қарасан, ірі қара 
малдың обасы, ӛкпе қабыну аурулары, қой обасы, шошқа обасы, 
тілмесі, жылқы маңқасы, түбітті аңдар обасы, вирустық энтерит, құс 
обасы, пастереллез т.б. аса қауіпті аурулар туралы күдік туған жағдайда 
бір дерек болса, малдар қай облыстан әкелініп жатыр сол аймаққа, 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 
міндетті түрде хабар беру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет