Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Катаралды пневмония, бронхопневмония



Pdf көрінісі
бет142/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205
index

Катаралды пневмония, бронхопневмония. Ауру ӛкпенің жеке 
бӛліктерімен қоса бронхтардың катаралды қабынуымен сипатталады. 
Кӛбінесе жас малдар ауырады. Бронхопневмонияның себептері
бронхит ауыруындағыдай. Кӛбінесе ӛкпеге азық және дәрі 
қалдықтарының ӛтіп кетпеуінен бронхтағы қабыну үрдістері ӛкпеге 
ауысуынан болады. Бронхопневмония гиповитаминоз кезінде малды 
дұрыс бағып күтпеуден де болады. 
Ауру малды тыныш, желдетілетін қорада ұстайды, ас қорыту 
жолдарын жақсартатын заттар береді: қыша, карловар тұзы, аз 
мӛлшерде әлсіздендірілген заттар береді, ал бір камералы малдарға 
қосымша тұз қышқылы мен пепсин тағайындайды. Ауруды емдей 
бастағанда, кең аралықта әсер ететін антибиотиктер қолданады, тыныс 
алу жолдарының микрофлорасының сезімталдығына қарай таңдап 
алады. Антибиотиктермен қоса 1кг тірі салмағы есебінде 0,02-0,05г 
сульфаниламидтті де қолданады. Норсульфазолдың әсер ету мерзімін 
ұзарту үшін балық майымен эмульсия жасап енгізеді. Бұзауларға бұл 
препаратты 1 кг тірі салмағына 1 мл есебімен тері астына енгізеді. 
Сонымен қатар, коньюнктивитке 2-3 рет арасына 2-3 күн салып 50% 
новарсенол ерітіндісін 3-5 тамшыдан тамызып отыру керек және 5 күн 
бойы күніне 2-3 рет 1 кг тірі салмағына 1 мл есебімен сау жылқы канын 
10% натрий цитрат ерітіндісімен енгізу керек. Торайларға тері астына 2 
күн бойы 1 кг тірі салмағына 0,5 мл мӛлшерде жылқы қан сарысуын 
антибиотиктермен араластырып, 1 кг тірі салмағына 0,2 мл мӛлшерде 
10 күн салып енгізу керек. Жүрек жұмысы әлсізденген кезде камфора 
майын, кофеин, глюкоза қолданады. 
Жҥйке жҥйесінің аурулары 
 
 Күн сәулесінің соғуы. Гиперемия, бас миына қан құйылу кезінде, 
бас миы қабыршығымен жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелері 
қызметінің бұзылуыменен сипатталатын ауру. Ауру ыстық, желсіз 
күндері малды айдау, тасымалдау, жұмысқа салған кезде басқа күн 
сәулесі тікелей тиюдің салдарынан болады. Ауру бірнеше сағаттан бір 
тәулікке дейін созылады. Жеңіл түрінде және дер кезінде кӛмек 
кӛрсетсек, ем тиімдірек, ал ауыр және күмәнді жағдайда ем тиімсіз 
болып келеді. 


260 
Ауруды анықтаған кезде малды дереу қараңғы жерде, кӛлеңкеде 
ұстау керек, басына суық су құйған дұрыс және бас миының 
гиперемиясын емдеу сияқты жолдарын жүргізу керек. 
Аурудың алдын алу шарасы ретінде малдарды жайылымға 
шығарған кезде тікелей күн кӛзінің түспеуін қадағалау және малды 
кӛлеңкелі жерлерде жаю керек. Жұмыс жылқыларына арнайы 
шӛптерден басына қалқан жасау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет