Бейорганикалық химия практикумы


ғ 2 жұмыс. Қалыпты қысымда сүзу



бет29/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 2 жұмыс. Қалыпты қысымда сүзу
Қалыпты қысымда сүзу үшін 15-суреттегідей аспап жиналады. Ерітіндіні сүзуді 15 суреттегідей жүргізу керек.







Сұйықтық аз қалғанда тұнбаны шайқап сүзгіге құяды. Сүзгіден өткен ерітінді сүзінді немесе еріген затты айырып алғаннан кейін қалатын сұйықтық деп аталады. Сүзгідегі қалған қалдықты шайғыштағы дистилденген сумен жуады (11 сурет). Қалдықты жуу үшін су немесе арнайы ерітінділерді аз-аздан құйып тұрып шайқайды. Содан кейін ерітінді толық ағып кеткен соң келесі бөлігін құяды. 4-5 рет жуғаннан кейін оның жуылу сапасын тексереді. Ол

15-сурет. Қалыпты қысымда сүзу

үшін таза сынауыққа бірнеше тамшы сүзгіден аққан ерітіндіні жинап, жуылатын ионға реакция жүргізеді.

(Мысалы: С1— ионын AgNO3-пен; SO42- ионын-BaCl2-мен). Лайланудың пайда болуы тұнбаны әрі қарай жуу керектігін көрсетеді. Жуылған ерітіндіні негізгі сүзгіден бөлек жинайды (не үшін?). Қиын еритін және баяу сүзілетін ерітінділерді бөлу және жуу үшін декантация әдісі қолданылады. Сүзер алдында алынған тұнбаның ыдыс түбіне шөгуіне мүмкіндік береді. Тұнық ерітіндіні абайлап тұнбадан алып сүзгіге құяды. Тұнбаға тағы да еріткіш құйып, араластырып ертіндіні шөгуге қойып қояды. Ерітіндіні қайта төгіп, ол тұнбаға еріткіш құяды да, осылайша бірнеше рет қайталайды. Одан соң тұнбаны ары қарай жуу үшін сүзгіге ауыстырады.
Тапсырма: Қалыпты қысымда сүзу үшін 15-суреттегідей аспап жинаңдар. Тұрғымен танысып, оның жиналуын үйреніңдер. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша 50 мл құм-су, лай- су өлшендісін сүзіңдер. Тұнбаны шыны таяқша мен шайғыш қолдана отырып ауыстыру әдісін үйреніңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет