Бейорганикалық химия практикумы



бет30/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 3 жұмыс. Вакуумда сүзу
Қатты заттарды сұйық заттардан тез айыру үшін вакуумда сүзу қолданылады. Төмендетілген қысымда сүзу қалың қабырғалы Бунзен (1) құтысынан, Бюхнер сүзгісінен (2), сақтауыш ыдыстан (3), су ағатын сорғыдан (4) тұратын 16-шы суреттегідей аспапта жүргізіледі. Сүзгінің түбіне екі сүзгі қағазын, біреуін сүзгіштің диаметрімен бірдей, ал екіншісін біріншісінен 0,5 см үлкен болатындай етіп салады. Сүзгіштің контуры бойынша сүзгіні құйғыға нақтылап





келтіреді. Кіші сүзгі қағазы құтының түбіне, ал екіншісі оның үстінен шеттері құйғы қабыр-ғаларына жабыстырылып қойылады. Сиреу сорғы-ның көмегімен жүзеге асады.
Су ағынды сорғының жұмыс істеу принципін

16-сурет. Вакуумда сүзу

былайша түсіндіруге бола- ды: егер төменгі жағы

жіңішкеріп келетін түтікті алып, оның бойымен жоғары жылдамдықта су жіберсе, онда Бернулли заңына сәйкес жіңішке бөлігінде қысым төмендейді. Жіңішкерген жеріндегі су қысымыатмосфералық қысымнан төмен болатындай түтік формасы мен ағын жылдамдығын таңдап алуға болады. Егер түтіктің жіңішке жеріне бұрып жіберетін түтікті қоссақ, онда ауа қысымы аз жерге сорылады да, ағынға түсіп ауа сумен шығарылады. Су ағынды сорғы деп аталатын 16-суретте көрсетілген осы құбылыс қолданылған сирететін сорғы жасалынған.
Аспапты сорғыға сүзгі құйғының қабырғасы мен түбіне тығыз жабысу үшін қосады да, одан соң алып тастайды. Бюхнер құйғысына шыны таяқшаның көмегімен ерітіндіні тұнбасымен бірге құяды, содан кейін аспапты сорғыға сақтандырғыш шынысауыт арқылы қосады. Құтыда сиреуді тұнба жиналуына қарай біртіндеп туғызу керек. Сүзіп болғаннан кейін құтыны сақтандырғыш шынысауыттан ажыратып (неліктен?), тек осыдан кейін ғана су құбырының шүмегін жабу керек.
Құйғыдан тұнбаны шығарып алу үшін оны құтыдан алып, фильтр қағазының үстіне аударады да, құйғыны соққылап, тұнбаны аластайды. Бұл мақсатта Бюхнер құйғысының орнына Гуч отбақырашын немесе тесігінің диаметрі әртүрлі шыны Шотта құйғысын қолдануға болады.
Тапсырма: Оқытушының нұсқауы бойынша Бюхнер құйғысын және шыны Шотта құйғысын қолданып, құрылғы жинаңдар. Су ағынды сорғының жұмыс істеу принципімен танысыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет