1.Натрий тиосульфатының күкірт қышқылымен әрекеттесуі (22 жұмыс, 1- тәжірибені қараңдар).
2. Калий иодидінің күкірт қышқылды ортада натрий сульфитімен әрекеттесуі (22 жұмыс, 2- тәжірибені қараңдар).
3. Калий иодидінің қышқылдық ортада сутек пероксидімен әрекетттесуі (22 жұмыс 3-тәжірибені қараңдар).
4. Күкірт қышқылды ортада қымыздық қышқылының калий перманганатымен тотығуы. Күкірт қышқылды ортада қымыздық қышқылының калий перманганатымен тотығуы боялмаған Mn2+ ионының (жоғары концентрацияда күлгін) түзілуі салдарынан ерітіндінің түссізденуіне әкеледі.
H2C2O4+KМnO4+H2SO4=CO2+ (реакцияны аяқтап, теңестіру керек)
Перманганат ионының қызғылт (күлгін) түсінің жойылуы процестің жылдамдығына байланысты.
Тәжірибені екі ерітіндіні араластыру арқылы жүргізеді: бірінші сынауыққа 2 мл 0,5% KМnO4 ерітіндісін, екінші сынауыққа 2 мл күкірт қышқылды H2C2O4 ерітіндісін құяды. Екі сынауықты да термостатқа салып біраз ұстағаннан кейін ерітінділерді бір-біріне қосып, ерітінділер араласқаннан кезден бастап ерітіндінің түсі түссізденгенге дейінгі уақытты белгілеп алыңдар. Осындай тәжірибелерді басқа температураларда жасау керек.
Тапсырма.Алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар. Кесте
Алынған мәліметтер бойынша, абцисса өсіне температураны, ал ордината осіне шартты реакция жылдамдығын сала отырып, реакцияның салыстырмалы жылдамдығының температураға тәуелділігінің графигін тұрғызыңдар. Температураны әрбір 100С-ға көтерген кезде реакция жылдамдығы қалай өзгереді? ((((( екенін дәлелдей отырып, реакция жылдамдығының температуралық коэффицентін есептеңдер. 100 және 300 немесе 200 және 400С температуралардағы мәліметтерді пайдаланып, реакция жылдамдығының коэффиценті мен реакцияның жүру уақыты кері пропорционалды тәуелділікпен байланысқанын ескере отырып, процесстің активтену энергиясын есептеңдер. Реакцияның жүру механизмі туралы қорытынды жасаңдар.