Ерітіндінің титрі Т - еріген заттың массасының ерітінді көлеміне қатынасы. Титрдің өлшем бірлігі кг/м3, г/см3, практикада көп қолданылатыны г/мл болуы мүмкін.
Тығыздықты анықтау химиялық зерттеулерде жиі кездеседі. Заттың тығыздығы деп [(] зат массасының [m] оның көлеміне қатынасын [V] айтады:
(=m/V
Дененің тығыздығы оның Жерде тұрғанына тәуелсіз, ол кезде меншікті салмақ сияқты жердің қай бөлігінде өлшенгеніне тәуелділікте өзгереді. Кей жағдайда салыстырмалы тығыздық қолданылады, ол тығыздықтың басқа дене тығыздығына белгілі жағдайларға сай қатынасы.
Әдетте ерітінді тығыздығы еріген зат концентрациясының өсуімен артады (егер оның өзінің тығыздығы ерітіндіге қарағанда жоғары болса). Бірақ, концентрацияның артуымен тығыздықтың өсуі шектеулі болатын, осыдан кейін концентрация өскенде тығыздықтың кемуі болатын заттар да бар. Мысалы, сірке қышқылы 77-79% концентрацияда максималды тығыздыққа ие болады, ал 100% сірке қышқылының және 41% сірке қышқылының тығыздықтары бірдей болады. Салыстырмалы тығыздық оны қандай температурада анықтайтындығына тәуелді. Сондықтан ылғи анықтау кезіндегі температураны және су температурасын көрсетеді. Анықтамалық кітаптарда оны индекс арқылы көрсетеді d420; Көрсетілген белгілер салыстырмалы тығыздық 200С температурада анықталғанын және салыстыру үшін бірлік ретінде 40С температурадағы судың тығыздығы алынғанын көрсетеді. Сол сияқты басқа да шартты белгілерді білдіретін индекстер кездеседі.
Осылай, салыстырмалы тығыздықты анықтауда ол жүрген температураны көрсету қажет. Егер өлшеу анықтамалықта көрсетілгендей температурада жүргізілмесе, онда интерполяция әдісімен есептеп түзету енгізеді.
Сұйықтықтардың салыстырмалы тығыздығын көбінесе ареометр көмегімен анықтайды. (34 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |