7.3.ЕРІТІНДІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ
ғ 22 жұмыс. Берілген пайыздық концентрацияда ерітінділер дайындау.
Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: стақан немесе өлшеуіш шынышақша, технохимиялық таразы, өлшегіш өлшеуір, 200 мл-ге сай өлшеуіш құты, құйғы, ареометрлер жиынтығы, Na2CO3(10H2O, BaCl2(2H2O, Na2SO4(10H2O, Na2B4O7(10H2O кристаллогидраттары; NaOН, NaCl концентрлі ерітінділері.
|
1. Қатты заттардан. Na2CO3(10H2O кристаллогидратынан 200 г 5% натрий карбонатының ерітіндісін дайындау керек (бұл үшін қанша мөлшерде кристалды сода қажет екенін есептеңдер). Ұсақталған соданың бұл мөлшерін алдын-ала өлшенген стаканда немесе шынышақшада технохимиялық таразымен өлшеңдер. Алынған затты еріту үшін судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер. Дайындалған ерітіндінің температурасын өлшеңдер. Егер ол төмендегі кестеде көрсетілген температураға сәйкес келмесе, онда ерітіндіні қыздыру немесе салқындату арқылы көрсетілген шамаға дейін жеткізу керек. Ерітіндіні құрғақ өлшеуірге құйыңдар және ареометр көмегімен тығыздығын анықтаңдар. Ареометрді сумен жуып, абайлап құрғағанша сүртіңдер.
Кестені пайдалана отырып, табылған тығыздық бойынша ерітіндідегі натрий корбанатының пайыздық мөлшерін анықтаңдар. Алынған көрсеткішті берілген ерітінді концентрациясымен салыстырыңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын (бұрын нормальды концентрация деп аталған) есептеңдер. Басқа студенттер осы жолмен барий хлориді, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий тетрабораты (BaCl2, NaCl, Na2SO4, Na2B4O7(10H2O) және т.б. (мұғалімнің тапсырмасы бойынша) ерітінділерді дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |