Бейорганикалық химия практикумы


Қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығын пайдаланып белгісіз ертіндінің рН-ын анықтау



бет74/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығын пайдаланып белгісіз ертіндінің рН-ын анықтау. Ерітіндінің рН-ын индикаторлар жиынтығының көмегімен анықтау, зерттейтін ерітіндіге әртүрлі индикаторлар қосқанда олардың түстерінің өзгеруіне негізделген. Әрбір индикатор ерітіндінің белгілі бір мөлшеріне қосылады және бірнеше рет бақылау негізінде рН анықтауға болады. Индикатор жиынтығы рН ортаны 0,5 рН дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуді ауысу ауданы рН 7 индикатордан бастаған дұрыс. Ерітіндінің азғана бөлігін сынауыққа құйып, ортада жатқан ауысу интервалдарының арасындағы қажетті индикаторды мысалы, фенолфталеин қосыңдар. Егер ерітінді алқызыл түске өзгерсе, онда орта сілтілік (рН 10-14) және кейінгі рН-анықтау үшін бақылауларды ауысу интервалы сілтілік ауданда жататын индикаторлардың, яғни сары ализарин және индигокармин көмегімен жүргізу керек, Егер фенолфталиен бірінші үлгіде түссіз болса, онда рН<8 болғаны. Мұндай жағдайда алдағы бақылауларда рН-ты анықтау үшін қышқылдық ауданда жататын индикаторлардың көмегін пайдаланыңдар, олар паранитрофенол, метилоранж және метилвиолет. Әрі қарай метилоранжды қосқан дұрыс (не себепті?).
2. Әлсіз электролиттің диссоцияциясын біртекті ионды қосу жолымен әлсірету. 2 н сірке қышқылының ерітіндісіне 2 тамшы метилоранж қосып, индикатордың түсін байқылаңдар. Содан кейін сынауыққа ерітіндінің түсі өзгергенге дейін аммоний ацетатының бірнеше кристалдарын қосыңдар. Ерітіндінің рН-ы қалай өзгереді? Сірке қышқылының диссоциялану реакциясының теңдеуін жазыңдар және Ле-Шателье принципін қолданып ерітінді түсінің өзгергендігін түсіндіріңдер.
2 н NH4OH ерітіндісіне екі тамшы фенолфталеин, одан кейін ерітіндінің түсі өзгергенше аммоний ацетатының бірнеше кристалын қосыңдар. NH4OH ерітіндісінің pН-ын CH3COONH4 қосқанға дейін де және қосқаннан кейін де белгілеңдер. Аммиак ерітіндісінің диссоциациялануының реакция теңдеуін жазыңдар. Ле-Шателье принципі негізінде бақылаған құбылысты түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет