ғ 62 жұмыс. Фосфор қышқылдары және олардың тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақуыздың сулы ерітіндісі, калий метафосфаты, сірке қышқылы, күміс нитраты ерітіндісі, сұйытылған және концентрлі азот қышқылы, 95% ортофосфор қышқылы, құмды жылытқыш, қызыл фосфор, сулы жылытқыш, шыны таяқша, натрий ортофосфаты, гидрофосфаты және дигидрофосфаты, магнезиялық қоспа, барий хлориді, алюминий сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, 2 н сірке және тұз қышқылдары, кальций хлориді, аммиак ерітінділері, натрий-аммоний гидрофосфат аралас тұздарының кристалдары, спирт шамы немесе жанарғы.
|
Метафосфор қышқылы
1.Метафосфор қышқылы және оның тұздарына реакциялар.
а) Сынауыққа шамамен 1 мл ақуыздың сулы ертіндісін құйып, оған сондай мөлшерде сірке қышқылды ортада калий метафосфатын қосыңдар. Не байқалады?
б) Натрий метафосфатының ертіндісіне бірнеше тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсіне көңіл аударыңдар. Оны сұйытылған азот қышқылымен тексеріп көріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Метафосфор қышқылын алу.
а) 0,1 г фосфор (V) оксидін суда ерітіп, түзілген ерітіндіні ақуыздың сулы ертіндісімен тексеріп көріңдер. Не байқалады?
б) Кәрлен тостағанға 1-2 мл 95% фосфор қышқылын құйып, оны құмды жылытқышта шырын тәрізді болғанша қыздырыңдар да, одан кейін 3500 С температурада күйдіріңдер. Метафосфор қышқылы түзілгенін қалай анықтауға болады?
Ортофосфор қышқылы
3. (Тартқыш шкафта жасау керек!). Кәрлен тостағанға аздап қызыл фосфор салып, оған 10-12 тамшы концентрлі азот қышқылын ((=1,4 г/см3) құйыңдар. Реакциялық массаны әлсін-әлсін араластыра отырып, тостағанды сулы жылытқышқа қойып, азот диоксидінің бөлінуі тоқтағанша қыздырыңдар. Ортофосфор қышқылы түссіз шырын тәрізді масса түрінде түзіледі.
Реакцияға су және қышқылдан басқа азот (ІІ) оксиді қатысатынын ескере отырып, фосфордың азот қышқылымен тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Фосфат-ионға сапалық реакция жүргізіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |