Бейорганикалық химия практикумы



бет124/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Антимонилсульфат (SbО)24 алу.
Сүрме сульфатын он есе көп су мөлшерімен жуып, суықта әбден араластырғаннан кейін бір түнге қалдырыңдар. Тұнбаны сүзіп, 1000 С-да кептіріңдер. Сүрме сульфатының сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Түзілген қосылыстың суда, сұйытылған қышқылдарда ерігіштігі қандай?


3. Висмут оксохлоридін BіOCІ алу.
1 г Bі2O3 100 мл тұз қышқылында (d=1,05г/см3) ерітіп, оны қайнағанша қыздырып, 0,85 л қайнап тұрған су қосыңдар. Қоспаны бастапқыда түзілген тұнба қайтадан ерітіндіге ауысқанша қайнатыңдар да, сонан соң ерітіндіні суытуға және кристалдануға қойып қойыңдар. Түзілген тұзды Гуч сүзгісінде сүзіп алыңдар. Висмут хлоридінің сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Түзілген тұздың суға қатынасын тексеріңдер.


4. Висмуттың иодты қосылыстарын алу.
Висмут тұзының 1-2 мл ерітіндісіне калий йодидының ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Алдымен түзілген висмут йодидының қара-қоңыр тұнбасы КJ артық мөлшерін қосқанда қызғылт-сары K[BіJ4] комплексті қосылыс түзе ериді. Бұл комплексті қосылыс тұрақсыз, су қосқанда ол қайтадан ВіJ3 бөле ыдырайды. Әрі қарай су қосқанда және қыздырғанда висмут йодидінің қызғылт-сары тұнбасы түзіледі. Түзілген қосылыстың құрамы қандай? Жүретін барлық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
16. КӨМІРТЕК


ғ 68 жұмыс. Көміртек және оның қосылыстары



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, құрғақ банкалар, газ өткізетін түтік, спирт шамы, тұрғы, микроқалақша, мыс (ІІ) оксиді, ағаш көмірі, күкірт қышқылы (d=1,84 г/см3), құмырсқа қышқылы, 2 М натрий гидроксиді, 0,1 М күміс нитратының аммиакты ерітіндісі,
0,1 М мыс хлоридінің аммиакты ерітіндісі, Кипп аппараты, қызыл фосфор, магний жолағы, лакмус ерітіндісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет