Бейорганикалық химия практикумы


Кейбір химиялық аспаптардың құрамы мен қолданылуы



бет12/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.3.2. Кейбір химиялық аспаптардың құрамы мен қолданылуы


1.3.2.1. Лабораториялық қыздырғыш аспаптар
Жылудың келуі мен шығуы - айдау, ұшыру, балқымалардың түзілуі мен қатуы, мұздату, кристалдану және сол сияқтылар арқылы жүзеге асады. Қыздыру мен суыту жылдамдық пен реакцияның жүру бағытын реттеудің маңызды құралдары болып табылады. Суыту - бөлме температурасында тез өзгеретін тұрақсыз заттарды алу, бөлу, сақтау үшін, сонымен бірге газтәрізді заттарды сұйықтарда еріту үшін, сұйытылған газдарды алу және т.с.с. үшін қажет.
Мұнда қыздыру мен суытудың жалпы жағдайлары, сонымен бірге осы операцияларды орындауға арналған құрал-жабдықтар қарастырылады.
Лабораторияда әртүрлі қыздырғыш аспаптар қолданылады: спиртті және газды жанарғылар, электр плитасы, жылытқыштар, муфель пеші және спирт жанарғылары әдетте қырналған қақпағы бар шыныдан жасалады (8 сурет). Оған денатурацияланған спирт құйып, бұралмаған жіптен жасалған білтемен қамтамасыз етеді. Спирт жанарғылары өте ыстық жалын бермейді (9 сурет). Жұмыс істеп болған соң жанарғыны спирт ұшып кетпес үшін қақпағын жауып қояды.





қақпағы

түтік

білте

резер-вуар







әшық жалын

ыстық жалын


ыстық емес

Көбінесе газды Бунзен және Теклю [14-18] жанарғысын жиі қолданады. Жанарғының құрылысымен танысу үшін түтікті бұраса онда газ шығатын саңылауды көруге болады.

8-сурет. 9-сурет.
Спирт Жалын
шамы құрылысы

Жанарғыға ауа түтіктегі және сауыттағы саңылау арқылы келеді. Сауытты айналдырып, ауа кіретін

саңылауды көбірек немесе азырақ жабуға, не ашуға, осылайша ауаның келуін реттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет