Бейорганикалық химия практикумы



бет13/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Теклю жанарғысы - реттеуші дискісімен неғұрлым жақсы аспап, себебі онда тек қана ауаның келуін ғана емес газдың ағынын да реттеуге болады.
Газ ағынын бұранданың көмегімен реттейді. Ауа жоғарғы түтікке түтіктің конус тәрізді кеңейтілген негізі мен бұранданың қиындысына орнатылған диск арасындағы саңылау арқылы түседі. Дискіні айналдырып саңылау енін өлшеуге, осылайша жанарғыға ауа келуін реттеуге болады. Жылудың көп бөлігі газ толық жанғанда жарқырамайтын жалын түзілгенде бөлінеді. Ауа жетіспегенде оттек толық жанып кетпейді, бұл кезде қызған бөлшектері жалынның жарқырауын туғызатын көміртек бөлінеді. Жанарғыға ауа кіріп біткен кезде жалын ысталған болады.


Лабораториялық электр қыздырғыш аспаптар
Лабораториялық тәжірибелерде электр қыздырғыш аспаптар кеңінен қолданылады. Басқа қыздыру аспаптарынан олардың артықшылықтары-келетін жылу энергиясының мөлшерін дәл реттеу және температураны автоматты ұстауға, барлық жұмыс кеңістігін бірқалыпты қыздыруға, жұмыс кеңістігінде жану өнімдерінің болмауына мүмкіндік береді.


Кедергі электр пештері


Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыру тәсілі бойынша лабораториялық қыздырғыш аспаптар көбінесе кедергі аспаптарына жатады.
Лабораториялық кедергі пештері камералық (СНОЛ), түтікті (СУОЛ) және шахталық (СШОЛ) болып бөлінеді. Кедергі электр пештеріне сонымен бірге СНОЛ типті кептіргіш электр шкафтары жатады.
Кедергі электр пештерінің негізгі техникалық көрсеткіштері-жұмыс кеңістігінің өлшемі, қыздырудың максимальды температурасы және температураны реттеу диапазонының шектері. Лабораторияда жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр қондырғылардың металдық бөліктері және электр құрал-жабдықтардың қорабы жерге қосылған болуы керек. Жерге қосылмаған электр пештерімен жұмыс істеуге тиым салынады. Қондырғының жерге қосылатын әрбір элементі жерге қосушыға бөлек тармақтың көмегімен қосылуы керек. Жерге қосылатын өткізгішке электрқондырғының бірнеше жерге қосылатын бөлігін бірінен соң бірін қосуға тиым салынады.
СНОЛ тәрізді камералық лабораториялық кедергі электрпештері стационар жағдайында 900-11000С-ға дейін әртүрлі термиялық процестер мен аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады, СУОЛ және СШОЛ тәрізді электр пештері сонымен бірге металдарды балқытуға және 12500С-ға дейінгі температурада әртүрлі материалдарды термоөңдеуге арналған. Көлемі кішкентай отбақырашқа арналған пештер СШОЛ типтегі электрпешінің түрлеріне жатады да сол мақсатқа пайдаланылады.
Сонымен бірге лабораториялық СУОЛ типтес органикалық қосылыстардың элементтік анализіне және кварц түтігін қыздыруға, олардың ішіндегі органикалық қосылыстарды жағуға арналған түтікті кедергі электр пештері шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет