Бейорганикалық химия практикумы


Сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) хлоридтерінің гидролизі



бет122/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) хлоридтерінің гидролизі. Екі сынауыққа 1 мл сүрме және висмут хлоридтерінің қышқылданған ерітінділерін құйып, тұнба түзілгенше су қосыңдар. Күшән, сүрме және висмут хлоридтерінің гидролиз реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар. Сүрме және висмут хлоридтерінің мөлдір ерітінділерін қалай алуға болады? Күшәннен висмутқа ауысқанда гидролиз дәрежесі қалай өзгереді?


ғ 66 жұмыс. Күшән (V), сүрме (V) және висмут (V) қосылыстарының қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: кәрлен тостаған, азот қышқылы, күшән (ІІІ) оксиді, электр плитасы немесе газ жанарғысы, күміс нитратының ерітіндісі, сүрме (V) оксиді, калий персульфатының ерітіндісі, марганец нитратының 10% ертіндісі, концентрлі азот қышқылы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, концентрлі тұз қышқылы.



1. Күшән (V) оксиді-күшән қышқылының алынуы және қасиеттері. Кәрлен тостағанға 5 мл азот қышқылын және 0,1 г күшән (ІІІ) оксидін салып, қоспаны азот оксидтері толық бөлініп біткенше және алынған күшән (ІІІ) оксиді толық ерігенше қыздырыңдар (тәжірибені тартқыш шкафта жүргізіңдер!). Су қоса отырып құрғағанша буландырып, азот қышқылының артық мөлшерін аластаңдар. Түзілген қатты заттың құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған затты суда ерітіп, күміс нитраты ерітіндісімен тексеріңдер. Тұнбаға не түседі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сүрме (V) оксидінің қасиеттері. Екі сынауыққа аздап сүрме (V) оксидін салып, оның натрий гидроксидінің сұйытылған ерітіндісі мен концентрлі тұз қышқылына қатынасын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибе оның қандай қасиеттерін көрсетеді? Сүрме пентаоксидін қалай алуға болады?
3. Калий висмутатын алу және оның қасиеттері. Сынауықта жаңадан тұнбаға түсірілген висмут (ІІІ) гидроксидін қыздыра отырып, қаныққан калий персульфаты ерітіндісімен (2-3 мл) өңдеңдер. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Декантация әдісімен тұнбаны сумен үш рет шайыңдар. Түзілген тұнбаны құрамында 1-2 тамшы 10% марганец нитратының ертіндісі, 1-2 тамшы концентрлі азот қышқылы және 2-3 тамшы суы бар суық ерітіндіге салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Калий висмутаты осы реакцияда қандай қасиет көрсетеді? Күшән, сүрме және висмут (ІІІ, V) гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік, тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет