Бейорганикалық химия практикумы


Көміртек (ІV) оксидінің қасиеттері



бет126/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Көміртек (ІV) оксидінің қасиеттері
1. Екі құрғақ банканы Кипп аппаратынан алынған көмір қышқыл газымен толтырыңдар да, оның біреуіне бір қасық ауада жағылған қызыл фосфор салыңдар. Не байқалады? Екінші банкаға магнийді жағып, салыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сынауықтың жартысына дейін су толтырып көк лакмус ерітіндісін қосып, оған көмір қышқыл газын жіберіңдер. Не байқалады? Көміртек диоксиді ерітіндісіндегі қайтымды реакция теңдеуін жазыңдар. Лакумус түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР


Кальций карбидінің синтезі



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кәрлен отбақыраш, муфель пеші, кальций үгінділері, ұнтақ түріндегі көмір.

5 г кальций үгінділері мен 3 г көмір ұнтағынан қоспа дайындап, отбақырашқа салып, бетін жауып түсі қою-қызыл болғанша (5000-5500С) 5-10 минут қыздырыңдар. Суытқаннан кейін қабысып қалған массаны алып, кальций карбидінің суға қатынасын зерттеңдер.


17. КРЕМНИЙ


ғ 69 жұмыс. Кремний



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, кәрлен отбақыраш, спирт шамы, Кипп аппараты, кремний диоксиді, ұнтақ түріндегі магний, 4 М тұз қышқылы, натрий силикатының ерітіндісі, лакмус қағазы, аммоний хлориді, тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісі.



1. Кремний және оның қосылыстарын алу және олардың қасиеттері.


1. 1 г ұнтақталған кварц құмы мен 1,5 г ұнтақ түріндегі магнийді араластырып, сынауықтың ұзына бойы салып, оның түбінен қыздырыңдар. Қоспаны қатты қыздырып болған соң суытып, сынауықты сындырып, кремний, магний оксиді, және магний силицидінен тұратын қоспаны шығарып алыңдар. Оның бірнеше түйірін 10-15 тамшы 4 моль/л тұз қышқылы құйылған отбақырашқа салыңдар да, түзілетін силанның SіH4 өздігінен жануын байқап, отбақырашта қалған кремний ұнтағының түсін анықтаңдар.
Кремний диоксидінен магний қатысында кремнийдің тотықсыздану, магний силицидінің түзілу, магний силицидінің тұз қышқылымен әрекеттесу және силанның жану теңдеулерін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет