Бейорганикалық химия практикумы


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



бет186/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
(курстық жұмыстардың тақырыптары)


Ескерту. 1-4 жұмыстарды бір-бірімен ауыстыруға болады, сондықтан осы жұмыстардың біреуін ғана орындауға болады. Бұл жұмыста сендер Fe, Co, Nі қосылыстарын аласыңдар. Нақты нәтижелерді алу үшін сендерге лабораториялық тәжірибенің шарттарын мұқият орындау қажет.
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет. Денсаулыққа зиянды.



  1. Темір оксалатының алынуы.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Бюхнер құйғысы, тығыз тығыны бар ыдыс, су ағынды сорғы, кептіргіш шкаф, 0,5 н темір (ІІ) сульфаты, Мор тұзы, аммоний оксалаты.

200 мл Мор тұзына толық тұнба түзілгенше аммоний оксалатының ерітіндісін қосыңдар. Декантация әдісімен тұнбаны бірнеше рет дистилденген сумен шайып, Бюхнер құйғысында сүзіңдер де, сульфат-ионынан толық жуылып болған соң 1000С температурада кептіріп, тығыз жабылатын тығыны бар ыдысқа салып қойыңдар.

  1. Мор тұзының алынуы.

Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет. Тітіркендіргіш әсері бар!
Гексан және метанол оңай тұтанатын сұйықтар. Олардың бетін жауып немесе жалыннан алшақ ұстау керек. Ашық жалынның жанында спирт жанарғысын ашпау керек.



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: темір сымы, 250 мл жазық түпті құты, спирт жанарғысы, 2 н сұйытылған H2SO4, аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісі, Бюхнер құйғысы, сүзгіш қағаз, су ағынды сорғы, технохимиялық таразы.



Ескерту: Егер барлық операциялар тез жүргізілсе, тәжірибе сәтті өтеді.
2 г ұсақ кесілген сымды құтыға салып, оны қыздырып, 2 н H2SO4 ерітіндісінің есептелген мөлшерінде ерітіңдер. Ерітіндінің көлемін тұрақты ұстап тұру қажет. Металл ерігеннен кейін, алынған ерітіндіні сүзіп, оның бетінде кристалдық қабықша түзілгенше буландырыңдар. Ерітіндіде қандай заттар бар?
Темірдің бір атомына тұздың бір молекуласы сәйкес келетіндей етіп қыздыру арқылы аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісін дайындаңдар. Алынған ерітінділерді ыстықтай араластырып, кристалданғанша қойып қойыңдар. Түзілген кристалдарды Бюхнер құйғысында сүзіп, оны суық судың біраз мөлшерімен жуып, сүзгіш қағазда кептіріңдер. Тұзды өлшеп, пайыздық шығымын есептеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет