Бейорганикалық химия практикумы



бет189/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Мыс (І) қосылыстары.
ғ 121 жұмыс. Мыс (І) оксидінің алынуы



Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (ІІ) сульфаты, 20% глюкоза ерітіндісі, 20% натрий гидроксиді, дистилденген су, спирт шамы.

Жылы суда 2,5 г мыс (ІІ) сульфатын ерітіп, 1,5 г глюкоза қосыңдар. Ерітіндіні қыздырып, оған 2,5 мл 20% натрий гидроксидін тез арада құйыңдар. Қоспаны араластырып, 1 сағатқа қалдырып қойыңдар. Бөлінген тұнбаны дистилденген сумен жуып, келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


ғ 122-жұмыс. Мыс (І) оксидінің қасиеттері



Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (І) оксиді, күкірт қышқылы (конц), тұз қышқылы (конц), аммиак ерітіндісі (25%), сынауықтар.

Алынған мыс (І) оксидінің қышқыл және аммиак ерітінділеріне әсерін анықтаңдар. Ол үшін мыс (І) оксидін 4 сынауыққа салыңдар. Бірінші сынауықты қыздыра отырып, оған концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Екінші сынауыққа түзіліп отыратын ақ тұнба ерігенше концентрлі тұз қышқылын тамшылатып құйыңдар. Ерітіндіні келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Үшінші және төртінші сынауықтардағы мыс (І) оксидін 25% аммиак ертіндісімен ерітіп, біреуін тығынмен нығыз жауып, екіншісін ашық күйде қалдырып, екеуін де қатты шайқаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Кешенді мыс (І) аммиакатының құрылысын валенттік байланыс әдісі тұрғысынан қарастырыңдар.


ғ 123 жұмыс. Мыс (І) гидроксидін алу және оның қасиеттері



Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (І) оксидінің хлорсутекті ерітіндісі, 20% натрий гидроксиді ерітіндісі, 10% аммиак ерітіндісі.

Мыс (І) оксидінің хлорсутекті ерітіндісіне (алдыңғы тәжірибелерде алынған) тамшылатып 20% натрий гидроксидін құйыңдар. Не байқалады? Тұнбадан ерітіндіні сүзіп алып, тұнбаға (тамшылатып) 1-2 мл 10% аммиак ерітіндісін құйыңдар. Не болады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Бөлінген тұнбаның түсі және құрамы қандай? Тұнбаның еруі немен түсіндіріледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет