Бейорганикалық химия практикумы


Темір (ІІ) гидрокарбонаты және карбонатының алынуы



бет187/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Темір (ІІ) гидрокарбонаты және карбонатының алынуы.

Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет. Тітіркендіргіш әсері бар.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, Кипп аппараты, 2 н H2SO4 , бірнеше темір (ІІ) тұзының кесектері, 2 н натрий карбонаты, көмірқышқыл газы, спирт жанарғысы.

Сұйытылған күкірт қышқылының бір тамшысымен қышқылдандырылған дистилденген суды 1-2 минут сынауықта қыздырыңдар. Оған темір (ІІ) тұзының бірнеше кесегін салыңдар (шайқамаңдар!) және 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?


Не үшін тұнбаның түсі ауада өзгеретінін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Кипп аппаратынан тұнбасы бар сұйықтыққа көмірқышқыл газын жіберіңдер. Одан соң сынауықты қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.



  1. Пентаамминхлоркобальтат (ІІІ) хлоридін алу.

Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет. Тітіркендіргіш әсері бар. Концентрлі тұз қышқылы, концентрлі аммиак ерітіндісі, сутек пероксиді ерітіндісі, спирт тез тұтанады.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтар: 100 мл конус тәрізді құты, тұрғы, электр плитасы, Бюхнер құйғысы, ұсақ саңлаулы шыны сүзгіш, әмбебап индикатор қағазы, спирт, кобальт (ІІ) хлоридінің гексагидраты, аммоний хлориді, 30% сутек пероксиді, концентрлі тұз қышқылы, 25% аммиак ерітіндісі, мұз.

100 мл конус тәрізді құтыға 5 г CoCІ2L6H2O, 7 г NH4CІ салып, оны судың аз көлемінде (5-7 мл) ерігенше қыздырыңдар. Ерітіндіге 25 см3 концентрлі аммиак ерітіндісін, содан кейін толассыз араластыра отырып, тамшылатып 7 см3 30% сутек пероксидін қосыңдар.


Сутек пероксидінің қайнауы тоқтағанда және ерітінді қара қошқыл түске боялғанда тотығуды аяқталды деп есептеуге болады.
Алынған ерітіндіге біртіндеп концентрлі тұз қышқылын қосып бейтараптаңдар. Артық аммиак мөлшерін бейтараптаған соң (оған 30 мл тұз қышқылы кетеді) ерітіндіге тағы да 5 мл тұз қышқылын құйыңдар. Құтыны қайнағанша қыздырып, суыққа қойып қойыңдар. Түзілген тұнбаны Бюхнер құйғысында немесе ұсақ саңлаулы шыны сүзгіште сүзіп алыңдар.
Препаратты қайта кристалдау үшін құйғыны тұрғыға орналастырып, оның астына конус тәрізді құтыны қойып, тұнбаны ыстық, 25% аммиак ерітіндісінде ерітіңдер. Ерітіндіге күшті қышқылдық реакцияға дейін (оны әмбебап индикатор қағазымен анықтаңдар) тұз қышқылын қосыңдар және 15-20 минут бойы қайнатыңдар. Одан кейін құтыны суытып, түзілген кристалды 2 рет суық сумен және 1 рет спиртпен жуыңдар.
Кристалдарды өлшеп, алынған Со(ІІ) хлориді кристаллогидратының массасы бойынша тұздың шығымын анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет