Бейорганикалық химия практикумы


ғ 16 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі



бет50/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 16 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі

(Оқытушының тапсырмасы бойынша студент 3 тәжірибенің біреуін орындауы керек).



Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер: секундомер, 5% Na2S2O3 ерітіндісін құю үшін нөмірленген 4 стакан немесе сынауықтар, 2,5% H2SO4 құю үшін нөмірленген 4 стакан немесе сынауықтар, термометр, көлемді дәл өлшеу үшін 0,01 мл бөліктері бар өлшеуір, араластыру үшін шыны таяқша, 0,5% Na2SO3, 0,5% KJO3, 0,02% KJ, 3% H2O2, 0,05% H2SO4 ерітінділері.

1. Натрий тиосульфатының күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Бұл реакция сулы ерітінде ерімейтін бос күкірт жүзгіндерін түзе жүреді.
Na2S2O3 + H2SO4 ( S(+...(аяқтаңдар(
Бос күкірт тұнбасының пайда болу жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясына және температурасына тәуелді болады. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігін зерттеу кезінде ерітіндінің температурасы тұрақты болу керек.
Жұмыстың орындалуы: нөмірленген бірдей 4 стаканның немесе сынауықтың әрқайсысына 2,5% күкірт қышқыл ерітіндісінен 5 мл-ден құйыңдар да, басқа 4 стаканға мынадай ретпен ерітінділерді құйыңдар:
біріншісіне-5 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 15 мл су,
екіншісіне-10 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 10 мл су,
үшіншісіне-15 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі + 5 мл су,
төртіншісіне-тек 20 мл 5% Na2S2O3 ерітіндісі.
Ерітіндінің көлемін өлшеуірмен тура өлшеп, оларды бір-біріне тез құю керек (натрий тиосульфаты ерітіндісін күкірт қышқылы ерітіндісіне құйған дұрыс). Ерітінділерді бір-біріне қосу уақытынан бастап күкірт жүзгіндерінің түзілу уақытына дейінгі аралықты секундомермен өлшеңдер. Күкірт жүзгіндерінің түзілу тығыздығы барлық тәжірибелерде бірдей болу керек. Тұнба тығыздығының бірдейлігін ерітінді қабаты арқылы бақылап отырған белгі (мысалы, стаканның астына немесе жанына шыныға жазатын қарындашпен белгі салып қоюға болады) көрінбей қалғанша анықтауға болады. Байқаулардың нәтижелерін кестеге толтырыңдар (басқа тәжірибелер үшін де осындай кесте толтырылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет