Бейорганикалық химия практикумы


ғ 18 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығына



бет53/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 18 жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығына
катализатордың әсері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, бөлікті өлшеуір, 50 мл өлшегіш цилиндр, газ өткізгіш түтік, 2% H2O2, 0,2% K2Cr2O7, кристаллизатор, 3% FeCl3, MnO2, PbO2 ерітінділері, 5% H2C2O4, 2 н H2SO4, MnSO4 ерітіндісі, тамшуыр, сынауықтар, секундомер.

Катализатор деп - реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамына кірмейтін заттарды айтады. Арнаулы заттардың әсерінен химиялық реакциялар жылдамдығының арту құбылысын катализ деп атайды.
Катализаторлар көмегімен жүретін реакцияларды катализдік реакциялар деп атайды.
Катализатор мен әрекеттесуші заттардың фазалық күйіне байланысты каталитиздік реакциялар гомогенді және гетерогенді катализ деп бөлінеді. Реакцияға қатысатын заттар мен катализатор бірдей агрегаттық күйде (газ немесе көбіне сұйық) болатын катализдік реакцияларды гомогендік катализ, ал қатысатын заттар мен катализатор әр түрлі агрегаттық күйде болатын катализдік реакцияларды гетерогендік катализ дейді. Гетерогендік катализде әрекеттесуші заттар мен катализатор әртүрлі агрегаттық күйде болады: көбіне катализатор қатты зат, ал әрекеттесуші заттар газ немесе сұйық болып келеді.
1. Гомогенді катализ. (Студент өз таңдауы бойынша 3 тәжірибенің біреуін орындауы керек). Сулы ерітінділерде сутек пероксиді мына теңдеу бойынша өздігінен баяу ыдырайды:
2 H2O2Þ 2H2O+O2
Ерітінділерде кейбір қатты заттардың немесе кейбір қосылыстардың катиондары мен аниондарының болуы катализдік әсер етіп, процессті тездетеді.
Катализатор мен реагентердің фазасына байланысты сулы ерітіндідегі осы реакция гетерогенді де, гомогенді де бола алады. Бұл тәжірибеде катализатор ретінде K2Cr2O7 ерітіндісі болады да, ол осы катализдік реакцияның гомогендік сипатын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет