Бейорганикалық химия практикумы



бет56/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Жұмыстың орындалуы: Стаканға 5-10 мл FeCl3 ерітіндісін құйып, оған осынша көлемде NH4CNS (немесе KCNS) ерітіндісін қосыңдар. Ерітінділерді шыны таяқшамен араластырып, 4 сынауыққа тең етіп бөліп құйыңдар. Тәжірибелерді салыстыру үшін эталон ретінде 1 сынауықты алып қоясыңдар да, қалған 3 сынауыққа мынадай реактивтерді қосасыңдар: біріншісіне-бірнеше тамшы FeCl3 ерітіндісін, екіншісіне-бірнеше тамшы NH4CNS (немесе KCNS) ерітінділерін, үшіншісіне-KCl кристалдарын саласыңдар. Алынған ерітінділердің түстерін эталон түсімен салыстырыңдар.
Тапсырма: Боялған заттардың түстерін көрсетіп қайтымды реакция теңдеулерін жазыңдар. Әрекеттесуші массалар заңына сүйене отырып (Ле-Шателье принципі) болып жатқан құбылысты түсіндіріңдер. Алынған ерітінділерді сұйылтқанда тепе-теңдік ығыса ма? Тепе-теңдік константасының мәнін жазып, қай затты қосқанда тепе-теңдік тез ығысатынын түсіндіріңдер Неліктен? Реакцияның қайтымды және қайтымсыз болу шаттарын көрсетіңдер. Қайтымды реакцияны қалай аяғына дейін жүргізуге болады?
2. Хромат-бихромат жүйесіндегі тепе-теңдік.
Хром қышқылының тұздары, хроматтар (CrO42-) сары түске боялған, ал бихромат қышқылының тұздары бихроматтар (Cr2O72-) (JUPAC бойынша-дихроматтар) қызыл-сары түсті болады. Бұл тұздардың ерітінділерінде сутек иондарының концентрацияларын өзгерткенде оңай ығысатын тепе-теңдік жағдайында болады.
Жұмыстың орындалуы: стақанға (сынауыққа) 10% K2Cr2O7 ерітіндісінің аз мөлшерін құйыңдар. Осы ерітіндіге тамшылатып концентрлі сілті ерітіндісін қосып, түсінің өзгеруін байқаңдар. Ерітінді сары болғанда тамшылатып концентрлі H2SO4 құйыңдар. Қызыл-сары түстің пайда болуын байқайсыңдар. Осыдан соң тағы сілті қосып тепе-теңдіктің кері бағытқа ығысқанын бақылаңдар.
Тапсырма: 1 пунктті қараңдар.


ғ 21 жұмыс. Химиялық тепе-теңдікке температураның әсері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет