ғ 23 жұмыс. Берілген молярлық концентрациядағы немесе эквиваленттің молярлық концентрациядағы ерітінділер дайындау
І. Қатты заттан. BaCl2(2H2O және судан 200 мл 0,5 н барий хлоридінің ерітіндісін дайындау керек. Бұған қанша BaCl2(2H2O нің мөлшері қажет екендігін есептеңдер. Тұздың сол мөлшерін алын-ала өлшенген шынышақшада немесе стаканға өлшеп алыңдар. Өлшендіні аз мөлшердегі суда ерітіп, ерітіндіні 200 мл өлшеуіш құтыға ауыстырыңдар. Стаканды бірнеше рет сумен шайып, ол ерітіндіні де құтыға құйыңдар. Ерітіндіге белгіге дейін су құйыңдар да, тығынмен жауып, жақсылап араластырыңдар. Алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар. Ондағы барий хлоридінің пайыздық
мөлшерін анықтаңдар (жоғарыдағы кестені қараңдар). Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер. Алынған тығыздық пен берілген тығыздықтың айырмашылығын табыңдар.
2. Концентрлі ерітіндіден. Берілген концентрлі ерітіндіден 250 мл 0,1М немесе 0,1 н тұз қышқылының ерітіндісін дайындаңдар (мұғалімнің тапсырмасы бойынша күкірт немесе басқа қышқылдарды алуға болады). Концентрлі ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар. Анықтамалық кестеден оның пайыздық концентрациясын табыңдар. Өлшендіні есептеп алып, одан кейін берілген ерітіндіні дайындауға қажет болатын ерітіндінің көлемін есептеу керек. Өлшеуіш құтыға жартысына дейін су құйыңдар да, оның үстіне құйғы арқылы өлшенген көлемдегі тұз қышқылын (күкірт қышқылын) құйыңдар. Құйғыдағы қышқылды шайып, ерітіндіні араластырып, белгіге дейін су құйып, тығынмен жауып араластырыңдар. Қышқылдық - негіздік титрлеу әдісімен алынған ерітіндінің молярлық және нормалдық концентрациясын анықтаңдар (әдістемені аналитикалық химия оқулықтарынан қараңдар).
Достарыңызбен бөлісу: |