Бейорганикалық химия практикумы


Қышқылдардың күштерін салыстыру



бет72/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Қышқылдардың күштерін салыстыру
Үш сынауыққа 2-3 мл 1 н тұз, күкірт және сірке қышқылдарын құйыңдар. Бірдей шамадағы мыс түйіршіктерін алып (шамамен 0,2-0,3 г), оларды қышқылы бар сынауықтарға салыңдар. Сутектің бөлінгенін және қай сынауықта сутек жылдам бөлінетіндігін бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар және бұл құбылысты түсіндіріңдер. Қышқылдардың күші қандай қасиетпен анықталады?


3. Сәйкес біртекті иондарды қосқан кезде сутекті және гидроксильді иондар концентрациясының өзгеруі
а) Екі сынауыққа мырыш түйіршіктерін бір-бірден салыңдар да, 1 н тұз қышқылының ерітіндісінен 3 мл құйыңдар. Сутектің бөлінуі бірдей болған кезде бір сынауыққа шамамен 3 мл сірке қышқылды натрийдің концентрлі ерітіндісін құйыңдар, ал екіншісіне сондай мөлшерде дистилденген су құйыңдар. Енді сутектің бөліну жылдамдығын салыстырыңдар. Бақылап отырған құбылысты түсіндіріңдер, Тұз қышқылының мырышпен және сірке қышқылды натриймен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
б) Екі сынауыққа 0,1 н сірке қышқылының ертіндісінен 3 мл-ден құйыңдар. Бірінші сынауыққа ерітінді қаныққанға дейін құрғақ натрий ацетатын салыңдар. Екі сынауыққа да бірдей уақытта, бірдей мөлшерде магний лентасын салыңдар. Сутектің әртүрлі жылдамдықта бөлінуі немен түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Екі сынауыққа 0,1 н аммиак ерітіндісінен 3 мл-ден құйыңдар. Біреуіне ерітінді қаныққанға дейін құрғақ аммоний хлоридін салыңдар. Екі сынауыққа да магний хлориді ерітіндісінен 2-3 мл-ден құйыңдар. Неге бір жағдайда тұнба түзілмейді? Реакция теңдеуін жазыңдар және әрекеттесуші массалар заңын пайдалана отырып, байқаған құбылысты түсіндіріңдер.
4. Нейтралдану жылуы. Құрғақ стақанға тамшуырмен 50 мл 1 н тұз қышқылын құйыңдар. Келесі стақанға басқа тамшуырдан сондай мөлшерде 1 н NaOH ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің температурасын 0,10 дәлдікпен өлшеңдер. Ерітінділерді қарапайым калориметрдің стақанына құйыңдар да (23-сурет), абайлап араластырып, нейтралданғаннан кейінгі температураның өзгеруін 0,10 дәлдікпен өлшеп алыңдар. Ерітіндінің жалпы көлемін ескере отырып алынған мәліметтер бойынша нейтралдану реакциясы кезінде бөлінген жылудың мөлшерін калориямен есептеңдер. (Ерітіндінің тығыздығын бірге тең және ерітіндінің жылу сыйымдылығы судың сыйымдылығына тең деп алыңдар, ал тәжірибенің температурасы кезіндегі судың жылу сыйымдылық мәнін анықтамалық кітаптан қараңдар). Нейтралдану реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастырыңдар және 1 моль қышқыл эквивалентінің нейтралдануының жылу эффектісін есептеңдер.
Судың диссоциациялану процесінің термодинамикалық сипаттамалары (энтальпия ((0 және энтропия (S0) қандай? Су диссоциациясы кезінде энтропияның төмендеуі немен түсіндіріледі(




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет