Бейорганикалық химия практикумы


ғ 29 жұмыс. Ерітіндінің қатуы кезінде температураның төмендеуін анықтау



бет70/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 29 жұмыс. Ерітіндінің қатуы кезінде температураның төмендеуін анықтау



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 500 мл стақан, термометр, араластырғыш және тығыны бар сынауықтар үшін тесігі бар фторпластан немесе басқа да полимерден жасалған қақпақша, бөлігі 0,010С термометр, секундомер, түтікшелі сынауық, технохимиялық таразы, электр плитасы, спирт шамы, салқындатқыш қоспа.

37-суреттегідей құрал жинаңдар. Сынауық (1) пен араластырғышты (2) жақсылап жуу керек. Термометрді (3) стақанның түбіне 1-2 см жетпейтіндей етіп орналастырыңдар. (Термометрдің бөлігі 0,010С болу керек). Сынауыққа деңгейі термометрдегі сынаптың биіктігінен 2-8 см биіктікте болатындай етіп дистилденген су құйыңдар. Сынауықты (1) салқындатқыш қоспасы бар стақанға (мұз+тұз) орналастырыңдар. Араластырғышпен (2) үздіксіз араластыра отырып температураның өзгеруін бақылаңдар.




37-сурет. Ерітіндінің қатуы кезінде температураның төмендеуін анықтайтын құрал

Әрбір 10 секунд сайын термометрдің көрсетуін белгілеңдер. Су температурасының төмендеп, одан соң қайта көтерілуін қалай түсіндіруге болады? “Температура - уақыт” координаталарында график тұрғызыңдар. Өздеріңнің термометрлеріңде судың қату температурасын белгілеңдер.
100 мл 1 моль қанттың ерітіндісін дайындаңдар (2 студент үшін). Құрғақ сынауықты өлшеп алып, оған қанттың ерітіндісін құйып, тағы да өлшеңдер. Ерітіндінің қату температурасын жоғарыда жазылған әдіс бойынша анықтаңдар. Қату температурасының өзгеруін бір ғана термометрмен өлшеңдер.

Қатқан ерітіндісі бар сынауықты ерігенге дейін қыздырып, тәжірибені қайтадан қайталаңдар. Қату температурсын теориялық есептеп және оны тәжірибелік нәтижелермен салыстырыңдар. Судың қату температурасынан қант ерітіндісінен қату температурасы неліктен төмен екендігін түсіндіріңдер.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет