Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет133/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

10. Кешенді қосылыстар


Қайталау сұрақтары

1. Кешенді қосылыстар қалай түзіледі?


2. Су ерітіндісінде кешенді қосылыстар диссоциациясы нәтижесінде не түзіледі? Мысал келтір.
3. Қандай иондар кешентүзушінің рөлін орындай алады?
4. Кешенді қосылыстар қалай жіктеледі? Мысалмен түсіндір.
5. Лигандтар (аддендтер) деген не? Мысал келтір.
6. Қандай иондарда координациялық сан 2, 4, 6 болады? Мысал келтір.
7. Неліктен кешен түзу қасиеті s- және p- элементтермен салыстырғанда d- элементтер үшін көбірек кездеседі?
8. Кешенді ионның зарядын қалай есептейді? Мысал келтір.


Есептер мен жаттығулар


Мысал 1. Берілген кешенді иондардағы орталық атом орбитальдарының будандасу типін валенттік байланыс әдісі [ВБ] тұрғысынан анықтаңыз:
1) [Zn(NH3)4]2+; 2) [CoF6]3-; 3) [Co(CN)6]3-
1 мен 2 – диамагнитті, ал 3 – парамагнитті кешендер екені белгілі.
Шығарылуы. 1. Zn2+ ионының электрондық конфигурациясы: [Ar]3d10. Бұл жағдайда Zn2+ - орталық ионның бос орбитальдарына төрт аммиак молекуласының бөлінбеген электрон жұбы келуі қажет. Лигандармен 4δ-байланыс түзу үшін 4 орбиталь қажет: олар 4s-орбиталь және 4р-орбитальдар, яғни 3-будандасу орын алады. Кешендік ионда тетраэдр түрі болады, оның ортасында Zn2+ ионы, ал төрт төбесінде – NН3 молекулалары орналасады.

2. Орталық Со3+ ионының электрондық конфигурациясы: [Ar]3d6. Алты донорлы-акцепторлық δ-байланыстар түзілуі үшін алты вакантты Со3+ атомдық орбитальдары пайдаланылады. Орталық атомның d-электрондарын жұптастыру үшін лигандтардың өріс күші жетіспейтіндіктен (парамагнитті кешен) алты байланыстың түзілуі сыртқы 4s, 4р және екі 4d-орбитальдар есебінен жүреді.

Будандасу типі – sр3d2. Сыртқы (төртінші) электрондық қабатының d-орбитальдары байланысқа қатысқандықтан, мұндай кешенді қосылыстар «сыртқы орбитальдық» деп аталады. Со3+ ионының электрондық қабатында жұптаспаған (жалқы) электрондардың болуы кешендік қосылыстың парамагниттік қасиеттерін түсіндіреді. Кешендік ионның геометриялық пішіні – октаэдр.


3. Диамагнитті [Co(CN)6]3- кешендік ионындағы Со3+ ионы мен CN- иондарының арасындағы алты донорлық-акцепторлық байланыс түзуге қатысатын вакантты будандасқан (гибридті) орбитальдар түзілу схемасы [CoҒ6]3- ионынан басқаша.

Лигандтар өрісінің әсері есебінен төрт d-электрондарының жұптасуы жүреді де, нәтижесінде екі ішкі (3d) d-орбиталі босатылады. Аммиактың алты молекуласы алты байланысты түзу үшін екі 3d-орбитальдар, бір 4s-орбиталь және 4р-орбитальдар d23 будандасқан орбитальдар пайдаланылды. Кешеннің геометриялық пішіні – октаэдр. Будандасуға сыртқы 4d-орбитальдар емес, ішкі 3d-орбитальдар қатысатындықтан [Co(CN)6]3- кешенін «ішкі орбитальдық» деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет