Жандарбек Бұлғақов:
-Төрінде Таскендей тойлы ауылдың,
Маңыратып марқа жыр сойған ұлмын!
Түске дейін бәйгені жүргізіп кеп,
Аз – маз ұлттық спортқа пайда қылдым.
Ол жерден нешінші орын алдың дейсің
Реті енді кеп тұр бәйге алудың.
Ақтангер деген атың бар емес пе,
Бәйгеге келмей өзің қайда жүрдің?
Жандарбекпен айтысасың дегеннен соң,
Құдай біледі уайымдап ойда жүрдің.
Бекарыспен айтысасың дегеннен соң,
Мен өзім бәйге көріп, тойда жүрдім.
Жандарбек жауабыңды берсін кері
Ағамыз жақынырақ келсін бері.
Бәйгені біз жүргізсек айып па екен
Дұрыс қой мұндай тойда тер сіңгені.
Талғат саған бәйгеге Балғынбекпен
Жандарбек комментатор болсын деді.
Жылқының жүйріктерін басқаруға
Айтыстың жүйріктері келсін деді.
Бекарыс та жүргізсін деп айтып едік,
Талғат сақан сізді онша менсінбеді.
Бекарыс қартайған ғой қайтесіңдер,
Айтысына дайындала берсін деді.
Бәйгеде ат сүрініп кетпес үшін,
Пейілі пәк адамдар енсін деді.
Адамды самолеттен лақтырмайтын,
Ниеті түзу ақын келсін деді.
Сөзіңе жауап берсек біз бірауыз,
Қалжыңмен осы тойды қыздырамыз.
Қара шайды қантсыз ішпеуші ем деп,
Әбігер қып отырсыз бізді нағыз.
Даусың ащы болғанда тілің тұздай,
Тәттіні не қылады сіздің ауыз?
Тосырқап біз емеспіз топтан шығар
Көзінде ақындардың от бар шығар.
Шымкенттің кеп тұрған ақыны ғой,
Астарлап сөйлеуінде гәп бар шығар.
Шымкентке барғанымда көп көргенмін
Көк шайды көп ішіде көкпаршылар.
Сен де сол көкпаршының біреуі едің,
Қант деп отырғаныңыз көк нәр шығар.
Көк нәрді ел алдында іше алмайсыз,
Есірткіге заңменен сот бар шығар.
Қонақтардың қалауын қайтармайтын
Әй, бірақ Талғат саған ат бал шығар.
Бекеңе былай шығып беремін деп,
Көк нәрін қанттай қып отырған шығар.
Айтыстың отырғанда алқасына
Шайды айтсам маған кінә артасың ба?
Сахнада кайф ұстаймын деп қалды ғой
Бірдеңе бар – ау деймін қалтасында.
Өзіміз терлеп – тепшіп айтысамыз
Бір кесе қара шайдың арқасында.
Дегенмен қонақ деген қойдан жуас,
Ішу керек шайын да, сорпасын да.
Қайтпаған әкем жаудан, шешем шайдан
Дейтұғын қазағымның халқы осында.
Елден әулие емессің сондықтан да,
Ерніңді тигізіп қой ортасында.
Кесеге сауысқандай сақ қарайсыз
Бір кілтипән жатқандай жалпы осында.
Шайдан неге шошисыз соншалықты
Аузың күйіп азабын тартасың ба?
Өзіңіз зар жылатқан ақындардың
Көз жасы бар шығар деп қорқасың ба?
Ақынсың әлеуметті жырмен байытқан,
Сахнада білген мен көргенді айтқан.
Ақындарды шетінен лақтырам деп,
Мына Бекең астарлап кімдерді айтқан?
Арыстан деген сайын жұрт менсінбей,
Хабарсыз боп отырсыз мүлдем жайттан.
Сен арыстан болсаң, мен жолбарыспын,
Дұрыс қой осы жерден бірден қайтқан.
Жастарда жолбарыстай қайрат бар деп,
Қазақтың Мағжан деген перзенті айтқан.
Арыстан аң патшасы болғанменен,
Тигр есть тигр деп президент айтқан.
Құрық салған жуасы асауына
Ұқсаушы ең қары өлеңнің қасабына.
Бұрын аға айтысқа көп шықпаушы ең,
Ілеспей Ермановтың жасағына.
Төбемді емес, өремді көрсетем деп,
Дақ түсірмей жүруші ең еш арыңа.
Соңғы кезде айтыстан бір қалмайсыз,
Не себеп мұнша өзгеріс жасауыңа?
Бір айда он айтысқа қатысасыз,
Қарамай жақсысына, нашарына.
Жаспен де, баламен де айтысасыз,
Қарамай мықтысына, осалына.
Не болды бірдеңеден құр қалардай,
Астан қалу емес қой аса күнә.
Айтпақшы аманаттық депутат қой,
Ілескен елдің Ерлан Қошанына.
Бекарыс, тұршы орныңнан, айтшы қане
Депутат боп бітірдің не шаруа?
Депутат болмай тұрып айтыс түгіл,
Уақыт жоқ еді отбасы, ошағыңа.
Қартайғанда қаңғитын болыпсыз ғой,
Депутат боп қолыңыз босады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |