Бекарыс Шойбеков:
-Қадірлім, қалың жұртым шақырғанда,
Керіліп келмейтіндей хақым бар ма?
Таскескен баяғыдан бай өлке ғой,
Туған жерін сүйетін батырларға.
Үйім жұрттың алғысы ақтарылар,
Қиындықты қоғадай жапырғанда.
Бұл тойдың өнегесі дарысы екен,
Бас пайдадан аспайтын пақырларға!
Түркістанның сәлемін ала келдім,
Шығыстағы шырайлы жақындарға!
Жақындығың көрінсін шайырларың,
Өлеңді сары қымыздай сапырғанда.
Таскескен шапалақпен шабыт берші,
Тілдері тас жаратын ақындарға!
Жандарбек жанымдағы мерген шығар,
Мергендер өздеріңдей елден шығар!
Құтылсақ мен Мұхтардан, Сен Сырымнан,
Реті де солай бүгін келген шығар.
Тілегін Бекарыс пен Жандарбектің
Таскескеннің төрінде берген шығар.
Жыртық үйдің де Құдайы бар демейді ме,
Қысық көздердің көз жасын көрген шығар.
Ақындар талай- талай жолдан өтед(і),
Самолетке мінгенді арман етед(і).
Ағаңыз сіздің flyarystan- мен
Айтыстың аспанынан самғап өтед(і).
Мен бірақ домбыраны лақтырмаймын,
Бекарыс қайта оны қорғап өтед(і).
Ал, бірақ, сен секілді кей ақындар
Өткен бір тарихыңды талдап өтед(і).
Бас- көз жоқ жаныңа кеп соқтыққан соң,
Жасауға тура келед(і) соңғы әрекет.
Амал жоқ самолеттен лақтырамын
Сол кезде домбырасы қолда кетед(і).
Қасыңда отыр едім ағаң ұқсап,
Айқара ашып едім саған құшақ.
Біраз жыл аңдыпсың – ау мына мені
Ағаңа кәдімгідей алаң ұқсап.
Неге шай ішпейсің деп сұрап отыр,
Жүдә бір диетолог маман ұқсап.
Мен негізі қантсыз шай ішпеуші ем,
Айтайын келген кезде орамды сәт.
Сен не қып ішпейсіңнен бастады ғой
Мынауың ішіп алған адам ұқсап.
Шайға бола сенімен шарпыспаймын,
Ақылға қона тұғын салт ұстаймын.
Сахна асхана емес, айналайын,
Осыны саған тағы айқыштаймын.
Сен секілді шай ішіп отырғанды емес,
Айтысып отырғанда кайф ұстаймын.
Сондықтан сахнада шай ішпеймін,
Өйткені асханада айтыспаймын.
Түске дейін аламан өтті деп еді,
Жан-жақтан арғымақтар жетті деп еді.
Бәйгеге бірдеңеден құр қалғандай,
Жандарбек пен Балғынбек кетті деп еді.
Аламан түске дейін тәмәм болды-ау,
Күткенім қуанышты хабар болды-ау.
Ой, тоба – ай таңғалғаным қарасаңшы
Мыналардың екпіні жаман болды- ау.
Жандарбекті жанына ертіп алып,
Балғынбек бәйге шапқан заман болды-ау.
Бәйгеден нешінші орын алып келдіңдер,
Соны күтіп мына жұрт алаң болды-ау.
Балғынбек екеуіңді көтере алмай,
Аттардың көрген күні қараң болды-ау!
Қазан аттың айқасын қайыстырған
Бұл өзі бір қайырымсыз қоғам болды-ау.
Бәйгенің рахатын сендер көріп,
Азабының барлығын солар көрді-ау.
Жандарбек мінген ат та жетіспейді,
Балғынбек мінген атқа обал болды-ау!
Достарыңызбен бөлісу: |