Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақовтың Таскескенде өткен айтысы Жандарбек Бұлғақов



бет4/5
Дата29.04.2024
өлшемі23.26 Kb.
#500052
1   2   3   4   5
Б.Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақов

Бекарыс Шойбеков:

-Қолымда домбырамдай қосатарым,


Білмеймін бүгін оны неше атамын.
Депутаттық міндетім мойнымда тұр,
Жасау керек тірлікті жасатамын.
Айтысып қай маңайға барарымда
Інім-ау бар еді сонша не шатағың?
Халқым қалап шақырса ауылына
Байлап қойған қолды да босатамын.
Бұл тойы Таскескеннің жақсы – ақ болды
Беделі кәдімгідей асқақ болды.
Асқақтығың осы ғой ақындарды
Аманжолдай депутат бастап келді.
Одан қалса әйгілі Сыр елінен
Мұхтар Нияз депутат қоштап келді.
Үш депутат жүр екен осы айтыста,
Жаманықты бәрі де жасқап келді.
Шаруамыз шаш етектен болғанменен,
Сіздермен бірге болу мақсат болды.
Таскескеннен әулие емес қой деп,
Үшеуі де жұмысын тастап келді.
Мұхтарды отырмысың олқы адам деп,
Сырымды осал қолпы, солпы адам деп?
Абай атаң кезінде айтып еді,
Өнерпаз болсаң егер арқалан деп.
Арқалан деген сайын мына жерде,
Құтырып барасың ғой ортадан кеп.
Шай ішпеген адамды көк нәрші деп,
Нан жемеген адамды наркоман деп.
Көк нәрға емес, тойдырған көңіліне
Ойлаймын елдің бәрі мәрт адам деп.
Тәм- тұзы Таскескеннің құнарлы екен,
Жатырмыз қымыз ішіп, қартадан жеп.
Бүгін кеп бірдеңе де ішпек түгіл,
Кешегі іскен асым тарқаған жоқ!
Көп екен бәйге көрсе шулайтындар,
Қаны қызып шетінен тулайтындар.
Сондай кезде бармекен тыныш қана
Жандарбек Ниязов айтады деп тыңдайтындар?
Бәйгеге жүргізуші неге керек,
Ағайындар ал айтсаңдар шынды айтыңдар.
Өзі шапқан аттарды жүргіздім деп,
Осылар ғой еңбегін бұлдайтындар.
Бітіп тұрған нәрсені бітірдім деп,
Күні бұрын еңбегін бұлдайтындар.
Шаңға көміп көйлегің, шалбарың да,
Бәйгенің жүріп па едің шаң жағында?
Ақыры ат арытып келгеннен соң,
Күреске де қатыса салмадың ба?
Жоқ әлде түйе палуан тумапты ма,
Балғынбек екеуіңнің салмағында?
Концертті де жүргізіп одан кейін
Бұйырған гонорарын алмадың ба?
Айтыстан да ат шапан киіп қайтсаң
Мыс мыс ақша болады қарманыңда.
Жабылу салтанатын жасап берсең,
Содан соң не қалады ар жағында?
Бұл тойды өзің ашып, өзің жабу
Әлде сенің өмірлік арманың ба?
Әкең де ақын, әртіс, бақсы болды,
Дамбыл таппай жүруші еді анда-мұнда.
Жүрген жеріп сыпырып, сипап кету
Негізі бар екен ғой қандарыңда.
Біздер қайта сыпайы боп қалдық қой,
Мынадай жытқырлардың жандарында.
Таскескенді барынша пайдаланған
Тас тесер ақын отыр алдарыңда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет