Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақовтың Таскескенде өткен айтысы Жандарбек Бұлғақов



бет5/5
Дата29.04.2024
өлшемі23.26 Kb.
#500052
1   2   3   4   5
Б.Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақов

Жандарбек Бұлғақов:

-Ау, Бекарыс, айтыстағы баскесер ғой,


Жандарбек оны ұстайтын макси шоу ғой.
Жүрген жеріп сыпырып, жалмайды деп
Жұрт отыр айтқаныңа әсте сенбей.
Рас біз семьямызбен бес аспаппыз,
Жан – жақты болу деген жақсы өнер ғой!
Ақшаны көп табатын тас тесер деп,
Шымкенттіктер айтпасын вообще сендей!
Мына отырған халықтың бәрі пысық
Еңбекпен көш бастайтын хас көсем ғой!
Таулардың тасын жарып, су ағызған
Таскескеннің барлығы тас тесер ғой!
Жандарбек шай ішші деп қолқалайды
Бекарыс ішпеймін деп шалқалайды.
Кешегі ішкен тамағым тарқаған жоқ
Дегеніңді Жандарбек балталайды.
Су ішпей, сухой тамақ ұра берсең
Конечно жегенің тарқамайды.
Дәлелдеп жүрген сөзін іспен елге
Бекарыс бай екенсіз күш – беделге!
Әйтеуір бір ұтым жай ішпей кеттің,
Көнбейтін бірбеткейсің күштегенге.
Ағайын, ақындарға қол соғыңдар
Жүретін айтыс дейтін күшті өнерге!
Елден шығын шықпасын деп шай ішпейді,
Жаны ашып отырады кішкене елге.
Әкімдер жеме жесең, жеп қояды,
Ал ақындар ішпейді іш дегенге.
Таскескен тойдың шоғын үрлей берсін,
Үрлеу үшін мындай той ылғи болсын!
Ауылдан нар тұлғалар көптеп шығып,
Ауылыңның атағы дүрдей болсын!
Қыздарыңның ажары айдай болсын,
Ұлдарыңның қызығы күндей болсын!
Бес уақыт намаз оқып әр тұрғының
Бір уақыт Құран жаттап, дінді үйренсін!
Таскескен, Талдықорған, Түркістан бар,
Т-дан басталатындай гүлдей берсін.
Бүйірі әбден толып бұл ауылдың,
Бюджеті Астанамен бірдей болсын!
Біз енді орнымыздан қозғалайық
Ақындар жылы орнынан жылжи берсін.
Бақырайған ақындар бастай берсін,
Сығырайған ақындар сырғи берсін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет