Бекебай Толепберген Сейдульдаулы Токтамисова Жанат Еримбетовна Султанбекова Гулзия Серкебаевна


 «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата22.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#496286
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
1620468639 1

12. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны 
Мақсаты: оқушыларды өзін – өзі еркін ұстауға, батылдыққа және 
көшбасшылыққа жетелеу 
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. 
Оқушы сол суреттім - ишарамен, іс – қимылмен жасырады. Сыныптағы 
оқушылар сол заттың (жануар, мамандықиесі, жеміс, т. б) атын ағылшын 
тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды. 
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып 
көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады. 
13. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны 
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау 
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп 
шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа 
сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз 
айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта 
алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол 
жеңіске жетеді. 


28 
Қорытынды 
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын 
тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа 
ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, 
ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында 
пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың 
белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша 
білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және 
жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды 
құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана 


29 
емес, 
интеллектуалдылықты 
қалыптастыруға, 
жеке 
танымдық 
әрекетті 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі жас ұрпақтың рухани байлығына, 
мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. 
Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді 
қолдану оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, логикасын 
дамытып болашақта өз бетінше білім алу қабілеттерін арттыруда жетекші рөл 
атқарады. Әртүрлі пәндерді оқыту барысында ортақ тақырыптар аясында берілетін 
білімділік,функционалдық сауаттылық, өмірмен байланыс,адами құндылықтар 
негізінде жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуын жүзеге асыруда белсенді оқу 
әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. 
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп бере отырып, оқушылардың пәнге 
деген қызығушылы артады; 
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру арқылы сөйлем құрауға үйренеді; 
3. Оқушылар топқа бөлініп, өзара сөйлесіп, сөздік қоры дамиды; 
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастырып, тілдік дағдылары 
коммуникативтік қабілеттері артады; 
5. Шағын көріністер даярлатып, оқушының ағылшын тілінде сөйлеуге жағдай 
жасалып, ақыл - ой белсенділігі қалыптасады ; 
6. Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, жаңадан сөйлем құрай алуға баулиды. 
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың 
пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың 
зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. 
Яғни, баланың қиялын ұштап, шығармашылығын шыңдай отырып, ағылшын 
тілінде сөйлеу ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің өмірге деген 
қызығушылығы артады, шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеті жоғары 
деңгейге көтеріледі. Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологиялар мен 
әдіс- тәсілдерді, жаттығуларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар 
оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. 


30 
Осыған орай, осы әдістемелік құралда оқыту үдерісінде инновациялық әдіс- 
тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың таным қабілетін арттыруға арналған 
және оқу үдерісінде пайдалы қызықты танымдық тапсырмалар арқылы балаларды 
шығармашылыққа баулуға бағытталған материалдар жинақталды. 
Бұл әдістемелік құрал бастауыш және негізгі сынып пән мұғалімдеріне және 
жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет