Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет19/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
399017333 (1)

ІІІ. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ


1 тақырып. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.
1. Педагогика тарихы мен мектептану пәнінің мақсаты, міндеті, мазмұны.
2. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде қалыптасуы.
3. Педагогика тарихындағы тарихи - педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.


1. Педагогика тарихы мен мектептану пәнінің мақсаты, міндеті, мазмұны.
Педагогика тарихы-тарихтағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Педагогика тарихы пәні студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы педагогтық мұраларға көзқарас қөалыптастырып, оқыту және тәрбие үрдістеріні теориясы мен тәжірибесінен нақтылы мағлұмат береді. Педагогика тарихы пәні педагогикалық категориялармен ойлауға және олардың шығу тегін (генезисін) түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы тәрбие мен оқытудың қалай дамығанын, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы пікірлердің қалыптасып, сол түйінді пікірлердің бүгінгі таңдағы оқу жүйесінде қолданылуы туралы мәліметтер беріледі. Оларды сын көзімен талдап, зерттеп-меңгеру болашақ ұстаздардың педагогтық дайындығын күшейтеді.
Пәннің мақсаты: педагогика тарихы арқылы өткен ғасырлардағы озық ойшылдардың педагогикалық көзқарастары мен пікірлерін ой-елегінен өткізіп қорыту.
Пәннің мазмұны: педагогикалық тарихты ерте дүниеден бастап, қазіргі заманға дейінгі тәрбие, білім, оқытудың теориясы мен тәжірибесін зерттеп, даму сипаттарын жан-жақты ашып, меңгерту. Әр қоғамдағы тәрбие, білім, оқытудың дәрежесі, мақсаты, міндеті, мазмұны мен ұйымдастыру формалары өзіне тән ерекшелігімен көрінуін түсіндіру.
Тарихта педагогика тарихы пән ретінде алғаш рет 17 ғасырдың аяғында дамып, бірақ жеке ғылым болып тек 18 ғ-н қалыптасты, 19 ғ.аяғы мен 20ғ. басында педагогиканың тарихын зерттеу кең өріс алды.
Пәннің міндеті: студенттердің ертеден келе жатқан озық ойлы педагогикалық ой-пікірлердің дамуының ең жоғарғы сатыларын игеру, осы арқылы ұстаздың мәдениетті, шеберлікті шыңдау.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Педагогика тарихын терең меңгеру арқылы болашақ ұстаздар мектептің теориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты қарастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі, педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты қаруландырады. Мектеп тарихы мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген заңдылыққа сүйене отырып, педагогика тарихын зерттеуші ғалымдар мектеп білімінің мазмұнын, оның ұйымдастырылуы мен педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.
Педагогика тарихы педагогика ғылымының дамуындағы дүние жүзілік маңызын, оның адамзаттың дамуындағы ерекшелігін ашып көрсетеді. Педагогика тарихы пәні сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бері, қазіргі заманға дейінгі тәрбие мәселелерімен айналысқан барлық адамдардың, ұстаздардың еңбегін оқытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет