Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде қалыптасуы



бет20/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
399017333 (1)

2. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде қалыптасуы.
Қазіргі педагогика ғылымында тәрбиенің шығуы туралы бірнеше тұжырымдама қалыптасты. Солардың ішінде дәстүрлі болып табылатын тұжырымдамаларға биологиялы-эволюциялық теориялар жатады.
Биологиялы-эволюциялық тұжырымдама бойынша адамдардың тәрбие әрекеті ұрпақ жалғастыруға бағытталған инстинкті ұмтылысы болып табылса, психологиялық тұжырымдама балалардың ересектерге ұқсауға бағытталған инстинкті ұмтылысын тәрбие деп анықтауға тырысады. Әрине, педагогиканың қазіргі зерттеушілері бұл бағыттарды жоққа шығармайды, бірақ басты назарларын адам мен қоғамның табиғи және әлеуметтік тіршілік иелері ретінде дамитындығына аударып, адам тәрбиесін әрекеттің ерекше түрі деп есептеп, тәрбиеге сапалы сипаттама береді.
Тәрбие дене, ақыл-ой, адамгершілікті-эмоциалы есеюдің бір мезетте дамуы барысында қалыптасты. Алғашық адамдардың тәрбиесі жүйесіз түрде болды: оның мазмұны мен тәсілдері қоғамдық тәжірибе мен сананың жетілуі барысында күрделене түсті. Алғашқыда тәрбие ерекше қызмет түрі бола алмады. Тәрбие адамның жануарлар әлемінен бөлінген дәуірінде, осыдан 2-3 миллион жыл бұрынғы кезеңде туындады. Сондықтан, алғашқы қоғамдық дәуірдегі адамдар арасындағы материалды байланыстың жетілуі нәтижесінде тәрбие адам әрекетінің ерекше түрі ретінде дамыды.
3. Педагогика тарихындағы тарихи - педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.

Адам қоғамының дамуының алғашқы сатысы үш кезеңге бөлініп қарастырылады: матриархат дәуірі, патриархальды-рулық дәуір, соғыстық-демократиялық дәуір.


Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар ұжымдық шаруашылыққа бірікті. Ұжым-еркек, әйел, болып бөлінді. Еңбектің тууы нәтижесінде еңбек құралдарын пайдалану мен жасау жолдарын балаларға үйрету нәтижесінде тәрбиелеу қажет болды. Балалар өмірге қажетті дағдыны, еңбек әрекетттерін меңгерді, салт-сананы сақтауға үйретілді. Алғашқы қауымдық құрылыста жас ерекшелігімен ерекшеленетін үш топ болды:

  • балалар мен жасөспірімдер,

  • ересектер (еңбекке қатысушылар),

  • егде кісілер мен қарттар.

Адамның әлеуметтік тәжірибе жинақтауы мен биологиялық белгілі жасқа жетуі оның еңбек етушілер тобына өтуіне мүмкіндік жасады. Біртіндеп бұл мүмкіндік «Арнауға» айналды: өзіндік сынақтар өткізілді. Мұнда жастардың өмірге даярлығы сыналды: батырлығы, төзімділігі, жоқшылық пен зардап шегу ауырлығына шыдамдылығы тексерілді. Әр топ мүшелері арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік түрге айналған салт-дәстүрмен реттеліп отырды.
Алғашқы қауымда балаларды тәрбиелеу ісі олардың мүмкіндігіне сай түрлі іс-әрекетке қатысуы барысында жүргізілді. Қауымдық тұрмыс-тіршілігі балалардың ұжымдық іс-әрекетке қатысуын талап етті. Балалар қауымға тиесілі болды: еңбек пен күнделікті тұрмыс әрекетінде өмірге қажетті дағдылар мен еңбек біліктілігін меңгерді, салттармен танысып, дәстүрлерді орындауға үйренді.
Алғашқы қауымдық қоғамда күнделікті тұрмысқа даярлану бірдей дәрежеде өткізілді. Уақыт өте келе жас шамасы мен ұл-қыз ерекшеліктеріне қарай еңбек бөліне бастады: ер балалар ерлермен бірге аңға шығып, балық аулап, еңбек құралдары мен қару-жарақ даярлауды үйренсе, қыз балалар егін жинап, тамақ әзірлеп, киім мен ыдыс-аяқ даярлауға үйретілді.
Аналық қоғамда (матриархат) балаларды тәрбиелейтін орындар – «жастар үйлері» (ұлдарға, қыздарға арналған) ашыла бастады. Бұлар ұлдар мен қыздар үшін бөлектелінген тәрбие орындары–мектептің алғашқы түрі болатын. Балаларды еңбекке тәрбиелеу үлкендерге тапсырылды- тәрбие қарым–қатынастың ерешелігі болып дамиды. Тәрбие жүйесі – кездейсоқ түрде болды. Сөздің пайда болуы–тәрбиені берудің тиімді де күрделі құралы болды. Сөзді көрсету жүйесі оны арақашықтықта беруге мүмкіндік туғызды, ал бұл жазудың пайда болуын қамтамасыз етті: пиктографиялық хат, идеографиялық, логографиялық, силлабиалық, консонанттық, әуенді (вокалды)-дыбыстық.
Аталық рулық қоғамда–егіншілік, кәсіпшілік пен малшаруашылығы дамып, еңбек тәжірбиесі күрделене түсті, соған қарай тәрбие ісі де күрделеніп, тәжірибелі кісілерге тәрбиелеу ісі тапсырылды. Олар балаларды тек еңбекке баулып қана қоймай, діни дәстүрмен, аңыздармен таныстырып, жазуға үйретті. Балаларды үлгі арқылы тәрбиеледі, ойын түрінде жүргізіліп, үлкендердің өмірін қайталау арқылы өмірге даярланды. Рулық қоғам біртіндеп қарулана бастады–әскери тәрбие шарттары пайда болды: садақпен оқ ату, найзаны меңгеру, атта жүру т.б. Жас ерекшелігі топтарында ішкі тәртіп сақталды, көсемдер белгіленіп отырды, арнау бағдарламасы күрделенді, жастарды арнайы белгіленген қауым ақсақалдары даярлайтын болды.
Тәрбие қоғамдық қызметтің ерекше түрі ретінде рулық қоғамда жетік дамыды. Рулық қоғамға дейін тәрбие ұжымдық түрде болды. Тәрбие ұл-қызға бірдей жүргізіліп, тәрбие процесінің алғашқы ұйытқысы болды. Бертін келе аңшылық, малшылық пен егіншілік кәсібі пайда болды. Тәрбие күрделеніп, бала еңбекке машықтана бастады. Діни ережелер, әдет-салт, батырлар туралы ертегі-әңгімелер айтылып, үлгі өлеңдермен тәрбиелеу шықты. Жыныстық ерекшелікке байланысты тәрбие түрлері пайда болды. Дене еңбегінен ақыл-ой еңбегі бөлінді. Біртіндеп ақыл-ой тәрбиесі бөлініп, орта мектептер пайда бола бастады. Жеке меншік, құлдық және жеке семьяның шығуына орай алғашқы қоғам ыдырай бастады.
Енді отбасы тәрбиесі шықты. Қоғам билеуші таптар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жеке меншік, құлдық, жалғыз әйелдік отбасы пайда болғаннан кейін дербес отбасы пайда болды. От басы бала тәрбиесін өз қолына алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет