Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


тақырып. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы



бет37/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
399017333 (1)

9 тақырып. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы.

1. С.Т.Шацкий мен Блонскийдің педагогикалық ой-пікірлері.


2. А.С. Макаренконың өмірі, педагогикалық қызметі мен педагогикалық жүйесі.
3. В.А.Сухомлинский ұжым тәрбиесінің мектеп өміріндегі мәні туралы ой-пікірлері.

Кеңес үкіметі 1917 жылы 7 қараша (25 қазан) Қазан төңкерісінен кейін билікке келді. Осы кезден бастап кеңестік дәуір қалыптасты. Бұл дәуірдегі тәрбие жүйесі тұлғаның қызығушылығын қоғамға тәуелді етіп қалыптасты. Кеңестік дәуірде мектеп пен педагогика тарихы үш кезеңді айқындаймыз: І кезең-1917-30 жылдардағы мектеп пен педагогика; ІІ кезең–1930-40 жылдардағы мектеп пен педагогика; Ш кезең–1945-1991 жылдардағы мектеп пен педагогиканың даму тарихы. Бұл кезеңдердің әр қайсысында бірізділік пен өзіндік ерекшелік байқалады.


1917 жылы елде жалпы жаппай сауатсыздық болды. Шет жақтарда сауаттылық 23 пайыз, астанада 50 пайыз құрады. І кезеңнің басында мектеп пен мұғалімдерді большевиктер елді басқарудың құралы деп есептеді (УШ съезд РКП-1918).
1917 жылдың 9 қарашасында қабылданған декрет бойынша ағарту ісінің Мемлекеттік комиссиясы құрылды. Бұл комиссияны А.В.Луначарский басқарды (1875-1933). Білім беру саласында Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттері: 1) жаппай міндетті бастауыш білім; 2) мектептің барлық сатыларының жетілдіру; 3) мектептің зайрылылығын қамтамасыз ету; 4) халықтық білім беру ісіне көтеріңкі бюджет; 5) халықтық білімді демократизациялау, 6) ұлттық және жергілікті ерекшелікті ескеру; 7) жаңа мектепті құру мәселесінде педагогтарды пайдалану.
1917 жылдың 15 желтоқсанынан барлық шіркеу жанындағы оқу орындары халық ағарту комитетінің құзырына берілді. 1917 жылдың 23 желтоқсанында қабылданған декрет бойынша жаңа жазба қабылданды (қатаң белгі сөйлем соңынан алынып тасталды). 1918 жылдың 21 қаңтарында «Дін, шіркеу қоғамдары мен ар еркіндігі туралы» декретте шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден аластатылуы туралы жарияланды.
1918 жылы қаңтарда округтық оқыту басқармасы сияқты ескі жүйе жойылды. Директор мен инспектор қызметі қысқартылды. Халық және шаруа депутаттары Кеңесінің құзырына бастауыш және орта мектепті басқару құқығы берілді. 1918 жылдың 31 мамырында ұлдар мен қыздарды мектепте біріктіріп оқыту туралы қаулы қабылданды. 1918 жылдың 26 маусымында «Халықтық білім беру ісін ұйымдастыру туралы» декреті бойынша ағарту ісін Мемлекеттік комиссия қолға алды, губерниялық, уездік, волостық білім беру бөлімдерін атқару комитеті басқарды.
1918 жылдың тамызында І Бүкілресейлік ағарту ісінің съезінде екі басқышты (жалпы) бірыңғай мектеп жүйесі қабылданды. І басқышы – 5 жыл, ІІ басқышы- 4 жыл, барлығы 9 жыл орта жалпы білім беретін мектеп құрылды. Әр түрлі типтегі мектеп жойылды.
Н.К.Крупская мен А.В.Луначарский «Жалпы бірыңғай еңбек мектебінің ұстанымын», «Жалқы еңбек мектебінің декларациясын» құрастырды. Бұлар І съезде хабарланып, 16 қазанда баспадан жарыққа шықты. Кеңес педагогикасының негізгі қағидасы – мектептің өмірмен байланысы. Мектепті демократизациялау мәселесіне көңіл бөлінді: оқытудың өндірістік еңбекпен байланысы (политехнизм) оқу тәрбие жұмысында прогрессивті әдістерді пайдалану; оқушылардың өндірістік еңбегі, мектеп жанындағы учаскелердегі еңбегі, мектептің өзін-өзі қызметтендіруі; жаппай міндетті бастауыш оқыту, тегін оқыту, білім алуға азаматтардың құқығы, әйел мен ердің білім алу жүйесінің бірлігі; ана тілінде оқытатын мектептердің ашылуы; ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, мектептің діни тәртіптен аластатылуы, тұлғаның жан-жақты дамуы.
1919 жылдың 26 желтоқсанында «Халық арасындағы сауатсыздықты жою» декреті қабылданды. 50 жасқа дейінгілер орта және ана тілінде сауат ашуы міндеттелінді. ІІ басқышты мектепке мұғалімдер даярланды, педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды. 1920 жылы РСФСРде 57 жоғары оқу орнында 10 мың студент оқыды, 154 үшжылдық, 90 біржылдық педагогиалық курстарда І басқышты мектепте 24 мың оқушыны оқытатын мұғалімдер даярланды.
2. 1918 жылдың қыркүйек – қазан айларында «Халық ағарту ісінің жаршысы» журналында 9 жылдық бірыңғай мектептің оқу жоспары жарық көрді. Қазан төңкерісіне дейінгі мектеп жоспарынан өзгеше еді. Онда: құдай заңдылығы, латын тілі, заңтану пәндері алынып, еңбек тарихы, өнер тарихы, әлемнің жалпы суреттемесі, қол еңбегі, музыка мен ән айту, дербес пән ретінде химия енгізілді. Жаратыстану пәнінің сағаты көбейтілді. 1918 жылғы бағдарламалары оқу пәндерінің дербестілігін сақтау қағидасымен құрастырылды. Пән материалы ғылымның логикалық жүйесі мен дидактика талаптарына сәйкес орналасты. Ғылым негіздерінің жүйелілігі білімімен қамтамасыз ету мідеті алға қойылды. Оқушылардың білімді белсенді де саналы түрде танып білуі талабы қойылды, лабораториялық, практикалық жұмыстар енгізілді, экскурсия, бақылау сияқты жұмыс әдістері мен түрлері пайдаланылды.
1921-25 жылдар арасындағы мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларының мәні мен маңызы. 1919 жылы оқу ағарту жұмысы жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жанынан барлық оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысын қайта құру үшін Мемлекеттік Ғылыми Кеңес құрылды. Төрағасы тарих пәнінің белгілі ғалымы М.Н.Покровский сайланды. 1920 жылы Кеңес мектептің І, ІІ басқышына арналған І оқу жоспары жарыққа шықты. Түсіндірме сөзде 1 сынып сабақтары бала бақшадағы сабақтардың жалғасы деп түсіндірілді: сөйлеу дағдысын дамыту, сауат ашу, есептеуге үйрету, табиғаттану, сурет салу, ән айту.
1920 жылы оқу жоспары гуманитарлық және жаратылыстану цикліндегі пәндердің мақсатының бірізділігі қағидасы негізінде құрылды. Мектептің өмірмен байланысын, оқушының политехникалық даярлығын қамтамасыз ету үшін табиғат пен қоғам ғылымдары толық берілді. Бұл жоспар барлық Кеңес республикаларына үлгі болды, тек жергілікті жағдайға сәйкес өзгертулер, толықтырулар енгізілді (еңбекке оқыту, тарих, жағрапия, республика экономикасы, ана тілі).
Еңбек тәрбиесі педагогикалық тәжірибенің маңызды бөлігі деп есептелді. Еңбек тәрбиесінің маңызына көп көңіл Кеңес педагогтарының ішінде С.Т.Шацкийдің, П.П.Блонскийдің, А.С.Макаренконың есімдерін ерекше атауға болады.
Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934) - әлеуметтік тәрбие жүйесіне өзіндік үлес қосқан, оқу-тәрбие орындары «Сеттльмент», «Ширақ өмір», Бірінші тәжірибелік станцияны құрған тәжірибелі педагог-теоретик. Бұл оқу орындарында балалардың өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың өз өзін басқару, тәрбиелеу жұмысы сынақтан өткізілді. Оның педагогикалық көзқарасының қалыптасуында отандық және шетел педагогтарының идеялары, әсіресе Л.Н.Толстойдың, А.Ф.Фортунатовтың, Д.Дьюидің пікірлері көп әсерін тигізді. Үкіметті большевиктердің жаулап алуына қарсы шыққан Бүкілресейлік оқытушылар одағының 1917-1918 жылдардағы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Кейін, балалар мен қоғамның жағдайын жақсарту мақсатында наркомпроспен біріге қызмет атқарды. С.Т.Шацкий «Педагогикалық жұмыстағы ең негізі тірек балалар еңбегі. Бұл еңбектің ересектердің еңбегінен ерекшелігі жалпы білім беруге бағытталуында» деген пікірді ұстанды.
Павел Петрович Блонскийді (1884-1941) жиырмасыншы жылдардағы педагогтарға тигізген ықпалы үшін «Кеңес Песталоцциі» деп атау әдетке айналды. «Еңбек мектебі» атты монографиясы мектептегі-педагогикалық ізденістердің маңызды теориялық бағдары ретінде қабылданды. Ол негізгі педагогикалық идеяларды қалыптастырды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет