«Бекітемін»: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар



бет2/6
Дата23.05.2024
өлшемі86.73 Kb.
#501773
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қазақстан тарихы 5 кл. Сарматтар қандай мемлекеттерменсоғыс жүргізді

Бағалау критерийлері

  • сарматтардың кем дегенде 2 шайқасын атау

  • еуропаға жасаған шабуылдары мен құрған одақтың кем дегенде екеуін атап картадан көрсету

  • Сармат қоғамындағы әйелдердің рөлін анықтап, кем дегенде 1-2 аргументпен дәйектеу

Тарихи концепт (фокус)

дәлел

Пәнаралық байланыс

Дүние тарихы

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Санитарлық нормаларға сәйкес қауіпсіздік ережелерін ұстану

АКТ-мен байланыс

Интерактивті тақта

Құндылықтардағы байланыс

Патриотизм, өз елі үшін мақтаныш

Алдыңғы оқу

Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалық одақтары, қаңлы, үйсін мемлекеттерінің және ғұн империясының қалыптасуы, қоғамдық құрылыстары, олар туралы жазба деректер мен археологиялық ескерткіштері, мәдениеті мен шаруашылығы туралы біледі.

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Ресурстар

Басы

7-8 минут


5 минут


Өткен тақырыпты қайталау. Сәйкестендіру. Сарматтардың қоныстанған аймағы мен ескерткіштерін сәйкестендір.

1

Атырау облысы, Жылыой ауданы

Сынтас ексерткіші

А

2

Ақтобе облысы Мартөк ауданы

Аралтөбе ескерткіші

В

3

Елек өзенінің бойы

Бесоба ескерткіші

С

Жауабы

1

2

3

В

С

А

Дескрипторлар:
Қазақстан территориясын мекендеген сарматтардың археологиялық ескерткіштерін біледі;
Сармат қорғандарының орналасуын анықтайды.


Б Сыныпқа Қазақстанның ежелгі картасын ұсыныңыз. Картамен жұмыс жасау арқылы оқушыларға келесі сұрақты қою:

  • Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізуі мүмкін?

  • Оның себептері қандай?

Оқушылардың болжамдарын тыңдау.
М Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстырып, сарматтардың жорықтары туралы қысқаша айта кету



Қосымша 1

Сармат-савроматтар бірлестігі. Ұлы дала мемелкеттері, Алматы «Аруна»;


Қазақстан тарихы. Энциколапедиялық анықтамалық, Алматы «Аруна» 2010, 653 б.;
Слайд №4-6

Ортасы

15 минут

10 минут

2-3 минут


15 минут

5 минут



15 минут



Зерттеу мен талдау
Б/Т Деректермен жұмысты ұйымдастыру.


Т Тапсырма «Үш қадамдық сұхбат». Оқушылар мәтінмен жұмыстанады, сосын «Конверт сұрақ» тәсілімен сұрақтарға жауап береді.
«Үш қадамдық сұхбат» құралының алгоритмі
Орналастыру:
Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Жұмыс алгоритмі:
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
Өзара бағалау мүмкіндігі бар. Бағалау критерийін оқушылармен бірге шығарып, жоғары ұпайды анықтауға болады.
Мысалы:
Жүйелі әңгімелеу – 1 ұпай
Сұрақты жауапсыз қалдырмау – 1 ұпай
Уақытқа бағыну – 1 ұпай
Кедергі келтірмеу – 1 ұпай
Барлығы – 4 ұпай


І тапсырма. «Конверт сұрақ». 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет