Мақсаты:
Оқушылардың жазу дағдысын меңгеруіне көмек беру , жазу тілін, тіл және әдебиет туралы алғашқы мәліметтер беру. Баланы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
Міндеті:
Сабақты ұйымдастыру барсында ойын, жаттығу, тренингтерді жүйелі қолдана отырып, зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту;
Жазу тілі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
Графикалық қырағылығы : графикалық қателерді көру және оларды түзеу жолдарын табу, әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақату дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың жазу, жазу тілі, жазу мәдениеті ұғымдары бойынша білімін тереңдету;
Нәтижесі:
-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі мен білігі бойынша:
«Көркем жазу» пәнін;
Көркем жазудың бастапқы негіздерін;
Графикалық белгілерді;
Жазу тәртібі;
Жазу нормативі;
Қатесіз және жатқа жазу;
Дағдылары бойынша:
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;
Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;
Әріптердің жазылу алгоритмін;
Әріптер мен әріптерді байланыстырып жазу;
Жазу жылдамдық нормаларында орындау;
Баспа мәтінін көшіріп жазу;
Жай сөздерді жатқа жазу
Күнтізбелік жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |