Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


лекция. Қазақстан Республикасы кеден құқығының қалыптасуы және дамуы. Кеден құқығының жүйесі және қайнар көздері



бет5/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
кеден құқығы

2 лекция. Қазақстан Республикасы кеден құқығының қалыптасуы және дамуы. Кеден құқығының жүйесі және қайнар көздері.

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.


Жоспар:

  1. Кеден құқығы жүйесінің түсінігі.

  2. Кеден құқығы жүйесінің түрлері.

  3. Кеден құқығының қайнар көздері.

Қазақстан Республикасы кеден құқығының қалыптасу тарихы. Кеден құқығының дамуындағы сатылар. Кеден құқығы жүйесі және кеден заңнамасы жүйесі. Кеден құқығының пәні. Құқықтық реттеу әдістері. Кеден құқығының қағидалары. Кеден құқығының негізгі институттары. Кеден құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы кеден құқығы қазақстандық құқықтың өзіндік кешенді саласы ретінде.
Кеден ісі және кеден саясаты негізгі институт және қолданыстағы құқығы ретінде мемлекеттің осы сала қызметінің қазіргі жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселелерін көрсетеді. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын бірыңғай кедендік төлемдер жүйесін құру жолымен іске асырылатын кеден саясатын мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, жалпы мәселелерінің, кеден саясатының мақсаттары мен кеден ісінің жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын байқауға болады. Кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13 мың км; оның ішінде Ресеймен – 7000 км, Өзбекстанмен – 2000 км, Түркіменстанмен – 400 км, Қырғыз Республикасымен – 1000 км астам, Қытаймен – 1700 км. Теңіз шекарасы – 1700 км ұзындықты алып жатыр. Қазақстанның кеден шекарасынан жылына орта есеппен 1 млн. жеке тұлға қатынайды (мысалы: 1995 ж. - 651 148 адам Қазақстан Республикасынан, 526 050 - Қазақстан Республикасына, 1996 ж. – сәйкесінше 590 879 және 507 893 адам); 1997 – 2006 жж. 1 млн. ас- там тауарлар айналымы динамикасы әкелінуден сыртқа шығарудың жоғары екендігін байқатты (мысалы: 1995 ж. 73 715 мың тонна шығарылса, 19 418 әкелінген, 1996 ж. тиісінше 67 474 және 18 069, 1997 ж. - 55 000 және 15 000; 1998 ж. - 43 044 және 12 100 тонна кір- ген). Көптеген процедуралық әрекеттер жүзеге асырылады (мәселен, 1995 ж. - 298 537 жүк кеден декларациясы рәсімделген, кейінгі жыл- дары оның көлемі 200 000 асқан); 2000-2006 жж. – 300 000 – 350 000 жүк кеден декларациясы рәсімделген. Жыл сайын кеден қызметіне қойылатын талаптар қатаңдауы ке- рек, оның үстіне бюджетіміздің кіріс бөлігіне жыл сайын кеденнен түсетін табыс көбеюде (1994 ж. – 7 млрд. теңгеден астам, 1995 ж. – 20 млрд. теңгеден астам; 1996 ж. – 18 млрд. теңге; 1997 және 1998 ж.ж. – 20 млрд. теңгеден астам; 1999 ж. – 40 млрд. теңгеге жуық); 2000-2006 жж. – 100 – 350 млрд. теңгеден астам. Қазақстан бекіткен кеден ережелері Кеден одағы мемлекет- теріндегі және ТМД-дағы кейбір ерекшеліктерін қоспағандағы нормаларға ұқсас. Ережелерді бұзу динамикасының өзі нақты тұрақты динамиканың сақталуын айғақтайды. Сонымен, 1995 ж. - 3773 кеден ережесін бұзу анықталған (КЕБ) және 250 қылмыстық іс; 1996 ж. – 10000 астам КЕБ және 200 қылмыстық іс; 1997 ж. – 15000 астам КЕБ және 88 қылмыстық іс; 1998 - 11000 КЕБ және 40 қылмыстық іс қозғалған; 2000 – 2006 жж. – 25000 – 30000 КЕБ және 300 – 350 астам қылмыстық іс қозғалған. Кеден заңдылығымен қарастырылған 40 кеден ережесін бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 209, 214 және 250 баптары кедендегі заң бұзушылықтарды ба- рынша қамтығанымен, Қазақстан халықтарының және шетел мемлекеттерінің шекарасынан алынып кетілген көркемдік, та- рихи және археологиялық мұраларын қайтармау сияқты құқық бұзушылықтар назардан тыс қалдырылған. Кеден заңы халықаралық нормалардың жетістігіне негізделетін- діктен, кеден заңының зор болашағы және қорлары бар; құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру қажет. Мемлекет, сондай-ақ кедендік қатынастардың басқа да қатысушыларының қызметінің мүдделеріне сай кеден реттеулерінің қажеттігіне байланысты айтарлықтай айқындалған бағыттылығына ие болу қажет. Осыған орай Қазақстан ғалымдарының еңбектері кеден құқығының әдіснамалық негіздерін, пәні мен құқықтық реттеу тәсілін, осы құқық саласының жүйесін, қағидалары мен құқықтық институттарын зерттеуге және оның қайнар көздері мен өзге де мәселелеріне арналған. Кеден құқығы мемлекеттік және басқа кеден ісіне қатысу- шылардың мүддесін қорғайтын айтарлықтай анық бағытқа ие болуы тиіс. Бұл бағыттар ең тиімді кедендік әкімшілік етуді немесе кеден шекарасынан өткізетін процедуралар мен бақылау қызметтерін, кеден режимін анықтауда кеден төлемдерін есептеу мен алуды, кеден рәсімдеуін, кеден бақылауын жүзеге асыруды, жауапкершілік мәселелерін жүзеге асыру кезінде белгілі бір жариялылықты талап етудің түрлерін айқындауы қажет. Кеден заңында қарастырылатын кедендік әкімшіліктендірудің делдалдық қызметін пайдалану нысаны (кеден брокері немесе ке- ден тасымалдаушысы), кеңес және ақпарат беру, кейбір процеду- ралар мен қызметтерді жеңілдету сияқты мұнда шынында, кеден органдарының өкілеттілігінің бір бөлігін басқа ұйымдарға беру әр түрлі бұзушылыққа және қиянат етушілікке алып келуі мүмкін.
КСРО ыдыраған соң, Қазақстан өз мемлекеттілігін 1978 ж. Қазақ ССР Конституциясына және одақтық заңдарға сүйене оты- 10 рып құра бастады, бірақ бұл нормалар ескі жүйенің қағидаларынан көрініс беріп, бүгінгі күн талабына жауап бере алмады және жаңа мемлекеттің құқықтық негізі болып қызмет ете алмады. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына алғашқы дербес заңдар мен 1993 ж. егеменді Қазақстанның тұңғыш Конституциясы алғышарт болды. Конституция (1995) жаңа мемлекеттігіміздің негізін қалап, қоғамдық дамудың бағыты мен ретін анықтауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік биліктің құрылуына жол ашты. Тәуелсіздігіміздің 5 жылдығына арналған баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев эконо- микалық реформа және заңмен қамтамасыз ете алатын, ішкі са- яси процестерді тұрақтандыратын елімізде тұрақты, мирасқор мемлекеттік билік институты құрылғандығын және азаматтық ко- декс, салық кодексі, Жер туралы заң, ипотека, мемлекеттік қызмет сияқты экономикалық реформаларды іс жүзіне асыратын заңдардың бірқатарын атаған болатын. 1991 жылғы желтоқсан айындағы оқиғалар КСРО-ның ыдырауы- на әкеліп, Қазақ КСР-ін қоса алғанда, одақтас мемлекеттердің тәуелсіздігін жариялауына мүмкіндік берді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында”: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға жете қойғанымыз жоқ, дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелеріміз де бар,” – деген. Ескі саяси және экономикалық жүйенің қалдықтарын ескере келе, ұлттық стратегияны жүзеге асыру кезеңі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Дербес мемлекет қалыптастыру үшін құқықтық базаны түбірімен қайта құру қажет. Жүргізілетін құқықтық реформаның нәтижелілігіне мемлекеттік деңгейде мән берілген, бұған дәлел – 1993 жылғы 16 маусымдағы Президенттің “Қазақстан Республикасының құқық реформасының тиімділігін арттыру шаралары туралы” жарлығы. 1995 ж. Конституция жаңа қолданыстағы құқық категориясын енгізе отырып, оның негізі болып табылатын қайнар көздеріне сіл- теме жасайды. Оған Конституция нормаларынан өзге, тиісті заңдар, басқа нормативтік құқықтық актілер, халықаралық келісім-шарт- 11 тар және республиканың басқа да міндеттемелері, Жоғарғы сот пен Конституциялық Кеңестің нормативті қаулылары жатады. Мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын заңдарды кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді жүзеге асырсақ, айтылған мәселелерді шешуге қол жеткізе аламыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Парламент қызметі туралы айтқан сөзінде еліміздің заң шығарушы органының бүгінгі күні кодекс түріндегі жинақталған, кодталған кешенді актілерді қабылдауға ерекше көңіл аударып отырғанын алға тартады. Кеден құқығы егеменді Қазақстанда мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінде жаңа құрал болып табылады. Заңдарымыз “кеден ісі”, “кеден саясаты”, “кеден саласы” сияқты құқықтық категориялардың жеткілікті түрдегі дәл анықтамасын бермегендік- тен, оларды қолдануда кейбір қиыншылықтарға соқтырды. Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның кеден заңдары- ның, сондай-ақ, ТМД қатысушы – мемлекеттердің Кеден заңдарының негіздеріне жасалған талдау кейбір баптарда кеден ісі- не жоғары мән берілетіндігін көрсетті. Мысалы, кеден ісі 1-бапта “Кеден ісі” ұғымы анықталған соң ары қарай сілтемелі номерлер арқылы көрсетіліп, Қазақстан Республикасында (“Кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 3-11, 13, 16, 424 баптары) жан- жақты ұғымға айналған. Кеден саласы мемлекет қызметінің монополиялық саласы ретін- де кеден мүддесі мен мемлекет қызметіне сай келіп, өз құрылымына кеден саясаты мен кеден ісін енгізген. Бұл жағдайда республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, экономикалық мүдделерін қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге қажетті саласы кеден құқығының пәні болып табылады. Кеден саласының басқа бір элементі – кеден саясаты – тұтастай ішкі және сыртқы саясаттың өзіне тән мақсаттары бар. Заңдар не- гізінде оны мемлекет саясатының ішкі және сыртқы құрама бөлігі ретінде қарастырғанымен, кеден саясатының кейбір мақсаттары, біздің ойымызша, кеден саласы шеңберінен шығуы мемлекеттік басқарудың басқа салаларымен өзара тығыз байланысы мен оның маңыздылығын көрсетеді. Мемлекеттің бірыңғай сыртқы экономикалық қызметінің жүйесін қалыптастыру 1990 ж. 15 желтоқсанда “Қазақ ССР сыртқы 12 экономикалық қызметінің негізгі қағидалары туралы” Қазақ ССР Заңымен қарастырылған. Бірақ дербес кеден ұйымдарын құрмай, бұны тәжірибеде жүзеге асыру мүмкін болмады. Кеден ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту КСРО-ң біртұтас кеден аумағы негізінде бекітіліп, оның құзырына кеден саласында 1990 ж. 10 сәуірдегі “КСРО, одақтық және автономдық республикалардың экономикалық қатынастарының не- гізі туралы” Заңымен анықталған КСРО, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық мүддесін қорғау, кеден баждары мен алымдарын бекіту кірді. Одақтас республикалар өзара келісімінсіз тауарлар мен қаржы ре- сурстарын әкелу мен әкетуге шектеу қоюға, өз аумақтары арқылы жүк транзитіне бөгет жасауға, басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғалары меншігіндегі ақша және мүлік құралдарын өткізуге кедер- гі келтіруге, кеден төлемдерін енгізуге тыйым салынды. Кедендік, сондай-ақ, әрекет етуші тетіктердің болмауы Қазақстаннан әр түрлі шикізаттар мен басқа да тауарлардың кедергісіз әкетілуіне әсер етті, оларды әкетуге рұқсат және лицензия болғанның өзінде, Қазақстан тиісті бөлінген валюталық аударымдарды алмады. Сонымен қатар бұл үрдісті тоқтатуға республикалық мемлекеттік органдар дәрменсіз болды. Оған мысал ретінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 27 қазандағы № 210 бұйрығын айтуға болады. Онда киік мүйіздерін өткізуден түскен пайданың заң бекіткен пайызы (5 %) одақтас ми- нистрліктер мен оған ведомстволық бағынышты кәсіпорындардан Қазақстан Үкіметіне аударылуға тиіс екендігін негіздеген. Бұл пайда түгелімен аударылмаған және ол бойынша көрсетілген жазалау ша- ралары да орындалмаған. Тағы да бір айта кететін жайт, одақтық ми- нистрліктер мен ведомстволардың ешқайсысы селт етпеген, ал бел- гіленген квота шеңберінде берілген лицензиялар саны кемімеген. Мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызмет механизмін анықтауға тағы бір талпынысы 1991 ж. 6 маусымдағы № 328 “Қазақ ССР республикалық валюта комитеті туралы” Қазақстан Президентінің қаулысы болды. Жаңадан құрылған мемлекеттік орган валюталық және экспорт – импорт саясатын жасау мен үйлестіру, экспорт базасын дамыту мен экспорт үшін ресурс іздестіру шараларын айқындауы керек болды. Президент аппаратының бұл бөлімшесін Премьер – министр басқарса да, шын мәнінде, бұл комитеттің бар 13 мәселелерді шешуде ешқандай рөлі болмады және жарыса қызмет істеуші орган болып табылады. 1994 жылғы 9 маусымдағы Жоғарғы Кеңес мәжілісінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздің шикізаты көп салаларын айқын көрсетті. Қазақстан экономикасын реформалау үшін заңдардың пісіп – жетілмегендігі сезіліп тұрды. Бұрын қажет болмаған жаңа қоғамдық қатынастарды реттеу үшін жаңа заң актілерінің қажеттілігі туындай бастады. Бұл кеден саласы- на да қатысты. 1991 ж. 24 желтоқсанда Қазақстанда “Кеден тарифі мен бажы туралы” Заң қабылданып, кеден бажының жүйесі ретінде кеден та- рифін құрып, қолдану көзделді. Сөйтіп, республикамызда дүние жүзілік қауымдастық таныған мемлекеттік қызметтің тәуелсіз функциясы кеден саласында да орныға бастады. Кеден құқығының объектісі ретінде кеден саласы - өз алдына қойған мақсаттары мен тапсырмалары бар кең сала. Кеден саласы, 1991 ж. 16 желтоқсандағы ҚР тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңында да атап өтілгендей, еліміздің экономикалық негізін нығайту үшін құрылған объективті қажеттілік. Басты бағыт ретінде қаржы-несиелік, ақша жүйесін, республикалық кеден және салық жүйелерін құру құқығы анықталды. Кеден жүйесі кең мағынасында, қалыптасу барысында қазақстандық кеден құқығын дербес салаға айналдыратын қажетті заңды негіз қалап келеді. Кеден құқығы мен кеден саласының дамуында кезеңдік бөліну 1995 жылғы 20 шілдедегі “ҚР кеден ісі туралы” Президенттің заң күші бар Жарлығымен көрінді. Бұл жүйеленген нормативтік құқықтық актіні қабылдау кеден заңдарын толықтырып, құқық саласы ретіндегі құрылымын рет- теуге, кеден құқығы пәнін кеңейтіп, әдіс-тәсілдерін анықтауға, қағидаларын бөліп көрсетуге және қазақстандық құқықтың басқа да салаларымен байланысын құқыққа дәстүрлі тәсіл арқылы білуге мүмкіндік береді. Кеден ісінде жаңа мазмұнды категориялы аппарат пайда бола бастады. Ең маңызды мәселелер қатарына басқа қазақстандық құқық салаларымен – әкімшілік, салықтық, қылмыстық, қылмыстық- процессуалдық, қаржылық, еңбек құқықтарымен үйлесімі жатады. 14 Мемлекеттік құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланысты қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия, экология, көлік және т.б. салаларды атауға болады. Қазақстан Республикасының қорғанысы республиканың егемен- дігін қорғау, аймақтық біртұтастықты сақтау және оның шекарасына қол сұғылмауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын са- яси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құқықтық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады. Қарулы күштерге әскери басқарудың органдары, қарулы күштердің түрлері, тыл, әскери құрылыс бөлімдері, әскери оқу орындары, соғыс кезін- де – шекаралық және ішкі әскер, ұлттық гвардия, ҰҚК-ң әскерлері, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері кіреді. Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғауды заңмен бекітілген жағдайларда кеден органдарымен бірге қызмет атқаруға шақырылған шекаралық әскер жүзеге асырады. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу кейінгі кездері оның босаңсуы әкімшіліктен гөрі экономикалық әдіске көшу тен- денциясын көрсетеді. Әрине, бұл көптеген күрделі процедураларды жеңілдетіп, кеден тарифін реттеудің анық қажеттілігі пайда бола бастағанымен, осы уақытта кедендік әкімшіліктендіру сақталды. Қазақстан төмендегі қызмет түрлері енетін табиғи монополиялар саласын: құбыр жүйесі магистралімен мұнай өнімдері мен мұнайды тасымалдау; магистралді және таратушы құбыр жүйелерімен газ бен газ конденсатын тасымалдау; жылу және электр энергиясын беру мен бөлу, темір жол магистралінің эксплуатациясы; әуе жай, порттарда, әуе – навигация қызметі; жергілікті байланыс жүйесін пайдалану мен телекоммуникация қызметі; су шаруашылығы және канализация жүйесінің қызметі, пошта байланысы қызметі; заңмен бекітілген басқа да қызметтер түрін жатқызады. Мемлекет қызметінің салалары олардың өзара қызметтесуі тап- сырмалары мен іске асырып жатқан жұмыстарынан байқалады. Ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөліктеріне сыртқы экономикалық, ақша – несие, сауда, кеден, салық, инвестициялық, қазынагерлік, жаңа өнеркәсіптік, монеторлық және т.б. жатқызуға болады. Қазақстан үшін жалпы мемлекеттің осы ішкі және сыртқы сая- сат құрамдас бөліктерінің мақсатын, маңызын, әлеуметтік бағыт- 15 тылығын, өзара сәйкестілігін, орындау жауапкершілігін қарасты- руды қажет ететін ұлттық саясат туралы нормативтік құқықтық акт қажет. Тақырыпқа арналған сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет