4 лекция. Қазақстандық кеден құқығы және халықаралық кеден құқығы: құқықтық байланыс қырлары
Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.
Жоспар:
ЕАЭС кеден одығының даму тарихы.
ЕАЭС халықаралық қатыстардағы ролі.
ЕАЭС Кеден одағының актілері.
ЕурАзЭҚ шеңберінде әрекет ететін халықаралық келісім-шарттар. Кеден одағының келісімдік-құқықтық базасын әзірлеуді аяқтауға бағытталған келісім-шарттар. 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы келісім-шарттар. Біріккен кедендік аумақты және Кеден одағын құру туралы келісім-шарттар. Кеден одағының келісімдік-құқықтық базасын әзірлеуге бағытталған халықаралық келісім-шарттарды күшіне енгізу тәртібі туралы хаттама. Біріккен кедендік-тарифтік реттеу туралы келісім. Үшінші елдерге қатысты әкету кеден баждары туралы келісім. Тауарлардың шыққан елін анықтаудың біріккен ережелері туралы келісім.
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған.[7] Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.[9]
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.[1]
Мүшелері:
Беларусь - (1.01.2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01.01.2015 жыл).
Қазақстан (1.01.2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01.01.2015 жыл).
Ресей (1.01.2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1.01.2015 жылдан)).
Армения (2.02.2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31.12.2014 жыл).
Қырғызстан (8.05.2015 жылдан)[2], (5 874 100 адам. 1.11.2014 жыл).
Үміткерлер:
Достарыңызбен бөлісу: |