Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


лекция. Кедендік құқықтық қатынастардың субъектілері. Заңдық жауапкершілік түрлері



бет8/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
кеден құқығы

5 лекция. Кедендік құқықтық қатынастардың субъектілері. Заңдық жауапкершілік түрлері.

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.


Жоспар:

  1. Кедендік құқықтық қатынастарының субъектілері.

  2. Жеке тұлғалардың түрлері.

  3. Заңды тұлғалардың түрлері және олардың өкілдері.

Кеден өкілі. Кедендік тасымалдаушы. Уақытша сақтау қоймасының иесі. Кеден қоймасының иесі. Бажсыз сауда дүкенінің иесі. Уәкілетті экономикалық оператор. Декларант. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлға. Жөнелтуші кеден органы. Алушы кеден органы.
“Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелерде “Басқару” ұғымы әр-түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды” - ұйымның қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жоспарлау, ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының, келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару”дегеніміз – кәсіби дайындықтан өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсаттарды қою арқылы оған қол жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің теориясы мен тәжірибесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды қамтамассыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдарының басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады.
Сонымен, басқару - дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі және сыртқы қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған, әсер ету процессінің ашырамас қасиеті.
Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатыстарының қимыл-қозғалысы, элементтері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің объектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.
Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді, яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.
Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді. Кеден ісі жүйесінің мәні - бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге асырылатын үдерістер бірлігінің ішкі мазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті - негізгі қызметінен көрініс табады. Сондықтан, жүйеде қалыптасатын қасиет жүйенің қызметі деп аталады, ал ішкі құрылым – жүйенің құрылымы. Кеден жүйесінің негізін қалайтын қызмет – бұл халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған келіп саяды.
Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі-бір жүйелердің санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған. Мысалы, кеден бекеті белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезегінде ол аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті жүйесінің негізін құрайды.
Кез-келген жүйенің өзіне тиесілі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары, қызметтері, құқықтары және т.б. бар. Мысалы, кеден бекетінің жүйесі қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т.б. құралады. Бірақ, осы элементтердің әр–біреуін жеке мини-жүйе ретінде қарастыруға болады.
Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің құрамдас бөліктерге, элементтерге бөлу мүмкіндігіне меңзейді.
Кеден ісін тануда және оның мәндік, тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болды.
Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тіліндегі objecto – алға тастаймын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым береді. Қазіргі заманғы объект түсінігін Р. Декарта берді, яғни объектінің субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімнің тұпнұсқалық жағынан нақтылығын айқындау.
Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus – төменде жатқан, негізін қалаушы, sub – астында, jacio – негізін қалау) фәлсафалық тұрғыдан жеке тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге қарсы бағытталған.
Ілімнің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге ие болады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектісі – кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретіндегі қызметтері алдын ала құрылған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастырыуымыз қажет. 
Басқарудың субъектісі дегеніміз – басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың объектілері мен субъектілерінің жиынтығының құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:
басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері); 
басқарудың ұйымдастыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т.б.) ; 
кеден процесстері механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен олардың өзара қатынасы ретінде (кеден бағдарламалары көмегі, технологоиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т.б.) ; 
Кеден ісіндегі құқықтың объектісі – дегеніміз кеден қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан құқықтық реттелуге, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ –ке қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін нормативті-құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын қатынастарда тараптарды мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынас түрлерін таңдауға итермелейді. 
Кеден ісіндегі құқықтың субъектісі – бұл заң бойынша құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие) тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген юристердің пайымдауынша құқық субъектісінен құқықтық қатынас субъектісін бөліп қарау қажет.
Басқарудың объектілерін зерттеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” біртұтас түрде қарастыралады, ал қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.
Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”, “сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару” және т.б. терминдері жиі қолданылады. Менің көзқарасым бойынша, аталған терминдер дұрыс қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды және т.б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша, аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқарумен түсіндірілген болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін басқару” дәлірек болады.
Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың объектісін” анықтауда синтездеуге алып келді. Бірінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байланысты, ал екінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық жаңалықтармен толықтыруды көздейді.
Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады.
Субъектілері кеден саясаты. Жеке тұлғалар кеден саясаты. Заңды тұлға деп танылады кейін кеден өкілі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу. Тәртібі кеден өкілдерініңтізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару заңнамасымен анықталады, кеден одағына мүше мемлекеттердің. Кеден өкілі жасайды атынан және тапсырмасы бойынша декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды кеден заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кеден одағына, оның кеден органы кедендік өкілдердің тізіліміне енгізген.
Құқықтық қатынас нағыз қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде тығыз байланыстағы құқықтар мен субьектілердің міндеттерінен тұрады. Субьективті құқық және заңды міндеттер-құқықтық қатынастардың жүйелі элементтері, олар нағыз қоғамдық қатынастарға ерекше сапа береді. Құқықтық реттеу, субьектілерді арнайы қоғамдық қызметтер қатарына қосады. Қоғамдық қатынастар мүшелерінің әрқайсысының еркіндік өлшемі, оның мүдделерінің қанағаттану деңгейі, құқық нормаларының алдын ала белгілеуімен анықталады. Заңды құқықтар мен міндеттер-құқықтық қатынастың тең элементтері, бірақ олардың мазмұндары әр түрлі болады. Олардың байланныссыз өркениетті құқықтық нысаны ұдайы дамыту мүмкін болмас еді.
Азаматтық, құқықтық қоғамның болжамына сәйкес, қоғамның кейбір мүшелерінің құқығы басқалардың міндеттері арқылы қанағаттандырылады, соған қосымша құқықтар мен міндеттер қоғамдық өмірдегі нақты адалдықты қамтамасыз етіп, еркіндіктің өлшемі ретінде көрінеді. Бір жағдайда, жеке адамға не болмаса, ұйымға құқық беріледі, басқа жағдайда оларға міндеттер жүктеледі. Осыған байланысты, әр түрлі қоғамдық және оның жекелеген индивидтерінің мүдделерінің қанағаттандырылуы, қоғамдық өмірдің гормониясына жеткізеді. Егер жеке адамға не ұйымға белгілі міндеттер жүктеу керек болса, мемлекет қоғамдық мүдделермен санаса отырып, ондай міндеттерге құқықтық нысан береді. Егер сол субьектілердің өздері құқықпен қамтамасыздықты қажет етсе, оларға субьективтік құқық беріледі.
Субьективтік құқық пен міндеттердің көлемі және шегі жалпы түрде, құқық нормаларымен белгіленеді. Құқықтық қатынастарда олар жеке субьектілерге байланысты белгіленеді.
Субьективті құқық мемлекет берген және қорғалатын, өзінің көзқарасына сай қанағаттандырылатын, обьективті құқықпен субьективті құқық деп атайды, себебі тек субьектінің еркіне байланысты ғана, оны басқаруға болады.
Субьективті құқық үш түрде көрінеді:
Біріншіден, өзінің мүдделерін қанағаттандыру мақсатындағы субьективтік құқықпен иесінің жөнді тәртібінің мүмкіндігі. Мысалы, меншік иесі өзіне қарайтын заттарды пайдалануға, басқаруға құқығы бар фермер болса өзінің жерінде кез келген ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге болады.
Субьективті құқыққа, логикалық жолмен обьективті құқықтың белгіленген міндеттері сай келеді.
Қай жерде субьективті құқық болса, сол жерде қайткен күнде заңды міндеттер болады. Субьективті құқықтан субьектінің міндеттері, өзіне қойылған талаптарға байланысты, қажетті өз тәртібін табу болып табылады.
Құқық және міндеттілік құқықтық қатынастардағы басты және адам баласының араласуындағы жөнді жағдайлар.
Заңды міндеттер заңмен белгіленген және мемлекетпен қорғалатын, құқықтық қатынастар мүшелерінің құқығы бар субьектінің мүдделеріне керек міндетті тәртіптілік (жеке адамдар, ұйымдар, мемлекет тұтасымен). Егер субьективтік құқықтың мазмұы тәртіптің рұқсат етілген деңгейін құрса, міндеттіліктің мазмұны құқықтық қатынастағы қажетті тәртіптің деңгейін құрады. Міндетті адамға қажетті тәртіп деңгейі, құқығы бардың мүддесін қанағаттандыру мақсатында алдын ала көрсетіледі.
Заңды міндеттің мазмұны екі түрде көрінеді:
Біріншіден, құқықтық қатынастардың басқа мүшелерінің пайдасы үшін, қажетті белсенділік қимылын жасау. Мысалы, сатып алу-сатушарты бойынша, сатушы сатып алушының меншігіне затты беруге міндетті, себебі ол белгіленген ақшаны төледі. Заңды міндеттілік бұл жағдайда, алдын ала құқықтық қатынастың мүшесінің құқығын іске асыруға бағытталған белсенді қимылды жасаудың қажеттілігін көрсетіп береді
Екіншіден, заңды міндеттілік, құқық нормасында тыйым салынған қажетті ұстамдылықты көрсетеді. Мысалы, шартпен жалға берілген нәрсе, сол алған адам арқылы басқа біреуге жалға беру, заңмен тыйым салынған. Ондай заңды міндеттер, ескерусіз сипатта болады, себебі құқықтық қатынастар мүшелерінензаңды тыйым салынған қимылдарды жасамауды талап етеді. Жоғарыда көрсетілгендей, құқықтық қатынастардағы заңды құқықтар мен міндеттер субьектілердің өздерінің тәртіптері емес, құқықтық нормаларда берілген мүмкіндік, не болмаса, қажетті тәртіптілік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет