3 лекция. Қазақстандық кеден құқығы және халықаралық кеден құқығы: құқықтық байланыс қырлары
Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.
Жоспар:
ҚР кеден құқығының пайда болуы мен дамуы.
Халықаралық кеден құқығы.
Кеден құқығының халықаралық шарттары.
Халықаралық құқық жүйесі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Халықаралық кеден құқығының негізгі міндеттері. Халықаралық кеден құқығының пәні. Халықаралық ұйымдар. Еуропалық кеден құқығының қайнар көздері және мазмұны. Кеден одағы және еуропалық кеден стандарттары мен ережелері. Еуразиялық кеден заңнамасы құқықтық білім негізі ретінде. Әмбебап халықаралық келісім-шарттар. Кеден одағы. Кедендік саясаттың және кедендік реттеу ережелерінің аумақтық ерекшеліктері. Халықаралық кедендік құжаттар. Қазақстан Республикасы кеден құқығының құрылымындағы тенденциялар.
Қазақстанның егемендігі экономикалық егемендік, өзіндік ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауіпсіздіктің бағыты төмендегі шаралармен байланысты: - экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жүйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу; - еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту; - геосаяси ортаның әсерінен пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтіруінің деңгейін азайту; - отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы ынтымақтастықгы қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау; - мемлекеттік бюджеттің табыс көзін нығайту; - сыртқы қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетілген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтік–экономикалық дамуының тепе-теңсіздігін болдырмау; - бәсекелестікті қолдай отырып, монополияны шектеп, экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, экономикада отандық товар өндірушілердің үлесін арттыру. Ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықаралық келісім–шарттарды бекітуге жол берілмеуі керек. Халықаралық келісім–шарттар – құқық нормасы ретінде танылған халықаралық әдеп– ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендік ынтымақ пен өзара көмеке байланысты халықаралық ұйымдардың шешімдері. Халықаралық сот пен арбитраждың шешімдері халықаралық кеден құқығының қайнар көздері болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тікелей әсер етеді. Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде халықаралық стандартқа сай нормалар арқылы қалыптастыруы тиіс. Қазақстан интеграцияны қолдап, тіптен Еуразиялық кеден одағының құрылуының бастамашысы болды. Бірақ кейбір мемлекеттерді интеграция бізге не береді және біз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырды. Алғашқысына баса назар аударылғандықтан, ол орындалуға тиіс. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасы құрған кеден одағына екі апта өткен соң 1995 жылғы 20 қаңтарда кірді. 1996 жылғы 29 наурызда кеден келісім– шартына Қырғызстан кірді. 1998 жылдан Тәжікстан бақылаушы ретінде кірді. Уақыт өте Кеден одағының тағдырына баға бере жатармыз. Бұл одақтың қызмет етуі ТМД жағдайларына, сондай–ақ экономикалық одақпен, өтем одағымен және статистиканың басқа органдарымен байланысты. Сонымен Кеден Одағын ғаламдық мақсаттардың, оның ішінде, саяси және экономикалық мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырамыз. Қазақстанның ТМД және Кеден одағынан тыс қабылдаған шарттары мен міндеттемелері әрқашанда тиімді нәтижелерге әкеле бермейді немесе оларды шешу белгілі бір міндеттемелер жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бастамасына негізделген. Олардың қатарына: 1. Еуропа экономикалық қоғамдастығын құрушы трактат 25 наурыз 1957 ж. және 1987 жылғы біртұгас Еуропа актісімен өзгертулер мен толықтырулар енгізген Рим трактаты. 2. 1951 ж. сәуірдегі Еуропалық көмір және болат ұйымын құрушы трактаты — "Париж келісім–шарты". 3. 1957ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы коммиссиясының құрушы келісім–шарты — Еуроатом келісім–шарты. Қоғамдастық органдарының 4. Халықаралық келісім–шарттар. 5. Жалпы құқық қағидалары (теңдік, бостандық, бірлік, сенім әділеттік қағидалары) жатады. Бұл Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден одағының заңды негізі болып табылады және ол оның барлық тауарға қатысты күші бар. Бүл келісім–шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тұлғаларға қатысты қолданатын, іс–жүзінде жүзеге асыруды көздейтін мақсатымен принциптерін, айқын ережелерді құрағандықтан "қоғамдастық конституциясы" болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актілер құқықтың қайнар көзі ретінде келісім шарттарда жүзеге асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады. Рим трактатын қабылдаудың мақсаты – Экономикалық одақ болғандықтан, барлық аумақтар бірігуге бағытталған. Кеден Одағында экономикалық одақтар 1967 жылғы, 1865ж. Француз–Монако келісімінде, 1921 ж. Бельгия–Люксембург келісімінде және Швейцария–Лихтенштейн мемлекетінің арасында 1928 жылғы келісімінде құрылған. Сонымен бірге қоғамдастықта жеке конвенциялардың ережелері әрекет етеді. Мәселен, Азаматтық авиация туралы Конвенция (Чикаго, 1994 ж. желтоқсан), Аумақтық су мен оған жалғас жатқан аймақтары туралы Конвенция (1958 ж. 28 сәуір, Женева), Теңіз туралы Конвенция (1982 ж. 10 желтоқсан Монтего – Бей). Кедендік реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамдастықтың кеден құқығының қайнар көзінің қатарына халықаралық келісім– шарттар кіреді және қоғамдастықтың субъектілері қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан келісім–шарт ережелерін орындауға міндетті. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшін және келісім–шарттардан туындайтын даулар үшін Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етеді. Халықаралық кеден құқығында "Кеден Одағына" бір кеден аумағының орнына екі немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп сауда және тариф туралы басты келісім берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кіретін аумақтарының арасында, әсіресе, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кіретін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бірыңғай баж қолданады. Ішкі нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез–келген бөгетті болдырмауға тырысады, ережелер келісіледі, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтіледі, т.б. Сонымен ішкі нарық "тауар, адам, қызмет және капиталдың еркін айналымы қамтамасыз ететін ішкі шекара болмайтын кеңістік" сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негізделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсіз юрисдикция кепіл болатын қоғамдастық органдарының шешімімінде жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердің аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания; Бельгия, Нидерланды, Греция; Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, еркін аймақтарын қосады. ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерінде тап осындай проблемалар туындаған. ЕЭК кеден тарифтері ставкалар жинағы ретінде қоғамдастық аумағына импортталаған барлық тауарлар түріне қатысты. Бірақ бұл кезде даму деңгейімен бәсекеге қабілеттілігі, экономика салаларының сезімталдығы ескерілуі тиіс. ТМД мемлекеттерінің интеграциясы бүгінгі күні көбінесе саяси сипатқа да тәуедді болып отыр. 1995 ж. 10 ақпандағы ТМД мемлекеттерінің басшыларының кеден заңдылықтары Негіздерін қабылдауы Кеден Одағында белгілі бір үйлесімділік пен реттілік әкелді. Қазақстан кеден саласында едуір алға жылжып 1995 жылы 6 шілдеде осы негіздер ратификацияланып, "ҚР Кеден ісі туралы" Президенттің Заң күші бар Жарлығы қабылданды. Құқықтық жағынан алып қарасақ, кеден заңдылықтары негіздерін ратификациялау туралы Президент жарлығының қызықты тұстары көп–ақ. Бұл жағдайда оған заң шығарушы өкілет берілген сияқты онымен қатар оның халықаралық–құқықтық қайнар көзі ретінде мәртебесі сақталған. Бұл құжаттың ұлттық заң актісінің болмаған жағдайында немесе ережелердің бұзылуы барысында Қазақстан аумағында жүзеге асуы әзірше қарастырылмаған. Бірақ бүгінгі күні Қазақстан "Негіздер туралы шешімді күшіне енгізу мақсатымен, ратификациямен қатар ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асырған жалғыз ғана мемлекет болып отыр. 1997 ж. сәуірдегі Белоруссия мен Ресейдің жаңа одағын көбісі қолайлы қадам деп үн қосып жатты, бірақ келісім–шарт бойынша олар алдын–ала одақ мүшелеріне хабарлауы тиіс болатын.
Бүгінгі күнгі экономикалық ғылым мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық және шаруашылық интеграция болашақтың бұлжымас талабы. Осылайша кедендік одақ жайлы келісім өзара сауда бөгеттерін жоюға, кооперациялық өндірістік байланыстарды нығайтуға, өнеркәсіп өндірісін сауықтыруға және біздің еліміздегі экономикалық реформалардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Кедендік одақ – өзара саудадағы кедендік шектеулерді жою және үшінші елдерге байланысты бірегей кедендік рететулерді қабылдау жайлы келісім, ол ұжымдық протекционизмнің (өзара қолдаудың) формасы болып табылады. Кедендік одақтың мақсаты — одаққа мүше елдердің өзара сауда қатынастарын жеңілдету. Кедендік одақ елдері ортақ ішкі базар құрып, оны сыртқы сауда экспанциясынан қорғайды. ТМД аясында біртұтас экономикалық кеңістік құру мәселесін шешеу үшін әлемдік бай кедендік тәжірибені қолданған жөн. Кедендік одақ жайлы келісім–шартқа қол қоюдан бұрын Қазақстан үшін бұл қадамның экономикалық мән–маңызына сыни талдау жасалды. 1997 жылдың 28 наурызында Мәскеуде өткен ТМД елдері президенттерінің кездесуінде ынтымақтастықтың жалпы қызметіне қанағаттанушылық танытылғанына қарамастан, ынтымақтастықтың кеңеюіне және тереңдеуіне ұмтылыс, оның тиімділігін арттырудың тәсілдері мен құралдарын бірлесе іздеу байқалды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының интеграциялық дамуының 1997–2005 жылдарға арналған концепциясы мемлекет басшылары тарапынан қолдау тапқан және ортақ экономикалық кеңістік құруды (ОЭК) көздейді. Бұл кеңістікті құрудағы негізгі ұстанымдар ретінде еріктілік, экономикалық өзара тиімділік, құқықтық кепілдіктер, нақтылы демократияшылдық мақсаттардың үйлестігі қабылданған міндеттемелерге жауапкершілік жарияланған. Мұнымен қатар ОЭК өндіргіш күштерінің мүмкіндігі, табиғи ресурстық, мәдени– тарихи, әлеуметтік–демографиялық, өндірістік-технологиялық, валюта-қаржылық, ұйымдастырушылық-құрылымдық, шаруашылық-құқықтық, идеялық, коммерция– мотивациялық сияқты бірқатар интеграция құрылымыдарын өз бойында жинақтауы ескеріледі. ТМД елдерінің егемендігі жағдайында мемлекетаралық, тура және жанама реттегіштер жүйесінің қолданылуы еске алынады. Тура макроэкономикалық реттегіштердің қатарына неғұрлым маңызды әлеуметтік–экономикалық, ғылыми–техникалық және басқа мемлекетаралық сипатқа ие мәселелер мен даму бағыттары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |