5.Жаңа сабақ
Отыз екінші қарасөз
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз» деген Абай 1895 жылы жазған «Отыз екінші сөзінде» білім - ғылым үйренудің нақтылы жолдарын көрсетті. Мұнда ғылымға жетудің алты түрлі шарты болатындығын атады. Абай ең алдымен, білім-ғылымды ұсақ-түйек пайда үшін жеке бастың есебімен үйренудің адамға келтіретін зиянына тоқталады. Ғылымға шын мейірлену керектігін ескертеді. Өйткені Абайша айтсақ: «Шала мейір шала байқайды». Сондықтан да ғылымды «ондай-мұндай іске, дүниенің бір қызықты нәрсесіне» жаратар едім деген мақсатпен іздемеу керек. Әуелі білім-ғылым үйренбекке қызығушылық болу керек. Әрбір білмегеніңді білген сайын дәулет кенелгендейде ғана адам бойында ризашылық, рахатшылық сезім оянады. Міне, сол рақат сезімді берік ұстаған жағдайда білімге деген құмарлық, ынтызарлық пайда болады. Шын жүрек пен құмартып игерген ғылым ғана адам баласына туған шешесіндей мейірленіп келеді, ал шала үйренген ғылым өгей шешенің мейіріндей толық болмайды. Сол себепті адамды шала сауатты болудан сақтандырады. Бұл ғылым үшін де, талапкердің өзі үшін де аса қауіпті болатындығын ескертеді. Сондықтан «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түсетін» жағын ойластыру керек.
Топтық жұмыс
«Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсат пен білмек үшін үйренбек керек» деген Абай сөзін «Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша талдап көріңдер.
1-қадам: рөлдерге бөлініңдер.
Баяндаушы – қарасөздің тақырыбы, идеясына талдау жасайды.
Сөз тапқыш – қарасөзде кездескен атауларға түсінік береді.
Бейнелеуші-суретші – қарасөздің мазмұны бойынша суреттер салады. Дәнекер – қарасөз мәтінін қазіргі өмірмен ұштастырады, шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.
2-қадам: берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылаңдар.
3-қадам: тапсырмалар талқыланған соң презентация жасап, топқа бөлініп қорғаңдар
Жұптық жұмыс
Венн диаграммасы арқылы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
«Ғылым таппай ұқсастығы Отыз екінші
мақтанба» өлеңі сөз
Достарыңызбен бөлісу: |