«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасы



бет15/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
УМК нормалау

3-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасы
Мақсаттарды қалыптастыру бұл процедураның жауапты және орталық бөлімі болып табылады. Ал мақсаттар, табиғат қорғау саясатының әдістемесі мен жобаларының және бағдарламаларының мазмұның анықтайтын болады.

Егер мақсаттар шаруашылық қызметтер барысында қоршаған ортаға әсердің барлығы жан-жақты ескерілетініне жеткілікті дәрежеде кепілдік бере алатындай болса, онда , ҚОӘБ процедурасы оны қамтамасыз ететін анық, мысалы, темір-бетон конструкциякомбинатының жобасы қарастырылып жатқанда тек тұрғын үй проблемалары ғана қарастырылып қоймай, басқа да әлеуметтік мәселелерге (халықтың қол бос болмаушылығы (занятость т.б) үлкен орын берілуі қажет. ҚОӘБ кезінде бүгінгі күні және болашақтағы ұсынылатын техникалық шешім қоршаған ортаға мейлінше аз әсенр ететіндей болуына көңіл аударған жөн (ауа және су бассаейндеріне, топырақ пен жануарлар жәнеөсімдіктер дүниесіне).

Келесі кезең - ұсынылған нұсқалардың анағұрлым тиімдісін тандап алу. Қойылған мақсатқа жетудің өзектілігіне қарай осы күнге дейінгі зертеушілердің тәжірибелеріне сүйене отырып, бұл мәселелермен терең айналысып жүрген мамандардың ұсынысын пайдалану. Тың – жобалардың шешімдері үшін тіпті халықаралық тәжірибеге де сүйену қажет.

Нұсқаларды тыңдап алу кезінде шешілетін мақсаттарды екі классқа бөлуге болады: олар ақпараттық потенциялы жеткілікті және жеткіліксіз. Бірінші класс проблемалары үшін біліммен тәжірибе жеткілікті деуге болады, мысалы ластанған суларды тазарту әдісін таңдау. Екінші класс проблемаларында күрделірек, мысалы технологияларды енгізген кезде бір маманның ойы жеткіліксіз, тіпті түрлі бөлім мамандарының ой пікірін де қанағат тұтқан, басқа тәжірибелерді де қолдану үшін түрлі сараптамалардың кейін ғана шешім қабылданады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) жүргізгенде зерттеушілердің топтарын проблемаларды теориялық және практикалық жағынан жақсы білетін білікті мамандармен бірге аралас саладағы мамандардың, да қатысқаны жөн.

Осындай мамандардан топты құрған соң олардың ой-пікірлерін алу басталады. Мысалы, оларға ұсынылатын су тазарту технологиясы негізінде таза су алудың әлдеқайда оңай да пайдалы бағыттарын қалыптастыру жөнінде өз көзқарастарын ортаға салу тапсырмасы берілді. Бұл проблеманы тлқылау жазбаша және баяндама түрінде аралас жүргізіліп, бұл сұрақ-жауап әдісінің нәтижесі сараптамалық бағалаудың бір түрі болып саналады. Сұраудың негізгі түрі анкеталау, интервью алу, Дельфи әдісі және дискуссия пікір-талас болып табылады. Бұл әдістердің қайсысын тандап алатыныңызды, шешуді қажет ететін проблемаға (алғашқа ақпараттың бар-жоқтығына, мерзімінің (уақыттың.) аз-көптігіне, ҚОӘБ жұмасалатын қаржы көлеміне ) байланысты болады.

Анкеталау- анкета көмегімен жазбаша формада жүргізіледі. ҚОӘБ-да бұл әдістің қолданылуы әдетте шектеулі болады. Интервью тәсілі әңгіме сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әдетте бұл әдісті жүргізуші, проблеманың құрылымын жақсы білетін, қойылатын сұрақтарды терең мазмұнды етіп және ретімен қоя алатын жақсы маман болуы қажет.

Нұсқаларды таңдауда мамандардан жауап алудың пайдалы әдісі Дельфи әдісі қолданылады. Онда анкеталау көп түрлі процедурадан тұрады., әрбір тур соңында нәтижелер жарияланып отыарады және қатысушылар бірін-бірі білмейтін болады. Бірінші ткрда қойылатын сұрақтарға аргументтер келтірмей жауаптандырылады да параметрлер сандармен бағаланады. Соныңда барлық қатысушылардың бағалары оқылады. Сөйтіп ауытқуы өте үлкен болған қатысушыдан дәлел талап етіледі немесе бағаны өзгерту талап етіледі.

Екінші турға қатысушылар өз ойларын , жауаптарын аргументтермен қатар түзілген болса түсіндіруі тур соңында бірінші турдағыдай нәтижелер жарияланады да, бағалардағы ауытқулар шамалы болса оны түзетіп аргументтейді.

Келесі турларды өткізу де осы нұсқамен жүргізіледі. Үшінші турда әдетте бағалар ортақ шамаларға жақындай бастайды., бұл келесі турларды жүргізудің қажет еместігін белгісі болып саналады.

Дельфи әдісімен сауалнама (опрос) жүргізудің тиімділігі, бағалаудың автоматтандырылғандығында , қатысушыларға жариялау жұмыстарын тездету үшін компьютердің қолданылуында.

Пікірталас (дискуссия) – қарастырылып отырған проблеманы ашық түрде ұжымдық талқылау арқылы түрлі факторларды талдап, олардың оң және кері әсерлерін айқындап, мамандардың ұстанымдары мен қызығушылығын анықтауда кең қолданылады.пікірталас нақтылы ғылыми техникалық проблеманы шешуде де пайдаланылады.

Сауалнаманың жоғарыда қарастырылған түрлері бірін-бірі толықтырады және белгілі бір дәрежеде бірін-бірі алмастыра алады. Жаңа нұсқаларды генерациялау үшін бұл айтылғандарды кешенді пайджаланған әлдеқайда тиімді.

Нұсқаларды анықтаған соң келесі саты бағалауға кіреседі. Ол үшін қойылған мақсаттардың орындалғанының немесе орындалмағаның бағалай алатын, белгілерді қолдану қажет. Бұндай бағалаудың нәтижесінде қолданылатып жүрген және жаңадан қолданылайын деп жатқан технологиялардың қоршаған ортаға әсерін салыстыруға, яғни қайсысында қандай өзгеріс артықшылықтар бар екенін біліп және соған сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік туады.

ҚОӘБ-көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере жүргізілетіндіктен, шешімнің тиімді болуы үшін анықтаған белгілерді де кешенді түрде пайдаланады, сөйтіп әр қайсысының әр түрлі дәрежедегі мақсатқа сәйкестігі анықталады. Әрбір мақсатты сан жағынан сипаттау қажет, ол үшін төмендегі әдістерді қолданады: тікелей өлшеу, қосалқы (жанама) – белгілер, субьективті шкалалар.

Бірінші әдісте тікелей өшеу жүргізіледі, мысалы атмосфераға қатты заттар мөлшерін өлшеу арқылы ауаны тазарту жұмысының , талаптарға сәйкес атқарылғаны немесе жеткіліксіз екені анықталады.

Екінші әдіс жанама анықтамалар жүргізу арқылы мысалы ауаның өнеркәсіп орнындағы ластануын жұмысқа келмеген жұмысшылар санын есептеу арқылы, жұмыс күндерінің ішіндегі бұл шаманы анықтау өңдірістің шығаратын және пайдаланатын заттары (өндірілген зат көлемінің) арасындағы қатынастармен анықталады. Дәл осы әдісті әр түрлі өндіріс орындарының қоршаған ортадан тұрғындардың денсаулығына әсері бағаланады.

Бұл әдістерді жүргізу қиындықтар тудыратын болса субьективті шкала әдісін қолдануға болады. Ол үшін нөлден жүзге дейінгі шкала (0-100) белгіленеді, онда "0" ден төменгі және "100" ең жоғарғы баға деп алынады.мысалы белгілі бір жобаның қоршаған ортамен гармониясы 100 дейік,ал өндірістік пейзажы 0-ге тең болады.бұл жағдайда жобаның қоршаған ортаға әсерін осы шкала аралығында бағалауға болады. Егер экспериментальды мағлұматтар болатын болс, онда түрлі нұсқаларды салыстыру арқылы әлдеқайда жақсыларын анықтау қиын болмайды. Мысалы құрылыс материалдарын шығаратын технологиялық топтамада (циклда) атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар туралы деректер әрбір іске асырылуы мүмкін жобаларда көрестіледі. Яғни бұндай жобаларды бағалауда басты белгісі ретінде сандық сипаттамалар қолданылуы әбден мүмкін. Жобаның қораған ортаға ұзақ мерзімді әсерін аспаты әдіс көмегімен бағалау әркезщде мүмкін болмайды. Бұндай жағдайда мамандардың пікірлері жинақталып,содаң сон бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет