«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жүргізуге өтініш мәлімдеме



бет16/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
УМК нормалау

4-лекция. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жүргізуге өтініш мәлімдеме

ҚОӘБӨ - келешекте іске асырылуға ұсынылған жобаның жан-жақты қарастырылып (орналастырылатын орны, дамуының өз кезеңіндегі балама қызметтері, тұрғын үй қоры халықты жұмыспен қамту қамтамасыз етуі) инфрақұрылымы мен бүкіл әлеуметтік- экономикалық саласы талданып көрсетіледі.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу өтініштің мазмұнында асырылуға ұсынылатын жобаның қоршаған ортаға мүмкін болатын ластағыш әсерін, ластағыштардың негізгі көздерін жеке-жеке атап, мөлшерін көрсетіп, құнарлы топырақтан алынатын көлемді, тарихи, мәден құндылығы бар ескерткіштерді және жоспарланып отырған қызметтің жалпы қауіпсіздік дәрежесі көрсетіледі. Сонымен қатар ҚОӘБӨ – әсердің негізгі обьектілерінің атауы, олардың ішінде өнеркәсіп орнының немесе өндіріс орнының жұмысшылары, санитарлық-қорғаушы және жұмысшы зоналары, әсер тигізетіні зонадағы тұрғындар, олардың іс әрекет жүйесі, демографиялық ерекшіліктер мен этникалық құрылымдары қарастырылады.

ҚОӘБ-тің осы және басқа да көрсеткіштері жобаланып отырған аудан тұрғындарына тікелей қатысты болғандықтан, олардың талаптарын қамтамасыз ету, олардың шешімінсіз жобаның ары қарай іске асырылуы мүмкін болмайтыны, егер олар наразылық тудырмайтын болса, олардың да обьективті бағасын алу, сонан соң ғана жоба заңды түрде өзінің дамуын жалғастыруы мүмкін.

ҚОӘБӨ іске асырылуы ұсынылған жоба қызметінің экологиялық және онымен байланысты салдардың жан-жақты мүмкіндігінше толық талқылануы және қажетті дәрежеде тіркелуіне байланысты. Сондықтан ҚОӘБӨ – мемлекеттік басқару органдарына, бақылау және басқарудың басқа да органдарына, экологиялық бағыттағы қоғамдық органдарға, жобаның іске асуын қадағалап отырған аудан халқына жіберіледі. Жергілікті жердегі басқармаларда, өкілдік органдарда, әкімшіліктің органдарында бұл мәселелерде талқылау үшін тиісті рұқсаты мен ақпараты болуы қажет. Сондықтан ҚОӘБӨ-нің мемлекеттік және жергілікті жердегі тиісті органдардың талқылануынан өтуін үнемі бағала қажет, өйткені қәзіргі кезде көпшілік жағдайда халықпен санаспай іске асырлып жатқан жобалар аз емес. Ал, бұл мәселердің халық арасында талқылануы әлдеқайда тиімді нәтиже беретіні халықаралық тәжірибеде баяғыдан белгілі. Халықты бұл проецсті бақылауы өз аудандарындағы халық депуттары арқылы, заң органдары мен жергілікті әкімшіліктер арқылы, кейде БАҚ, радио, теледидар, митинг және т.б жолдармен әсер етуі ықтимал.

ҚОӘБӨ – мемлекеттік органдарда қарастырылуымен бірге қоғамдық талқылаудан да өткізілуі қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыратын тапсырыс беруші, ол әрі жауапты сондықтан ол халықты жобаның негізімен таныстыруы, қашан және қай жерде қарастырылатының алдын ала хабарлауы керек. Әрине ең жақсысы жобаны осы кезеңде халықпен жақсылап терең талқылау, олардың тілектеріне құлақ салу, олармен ортақ мәмлеге келу.

Бұл мәселелерді талқылау кезінде мемлекеттік болсын, қоғамдық болсын БАҚ органдары ҚОӘБ-ні талқылауды назардан тыс қалдырмауға, дер кезінде хабарландыру жасап, халық пен ұйымдастырушыларды байланыстырып отырғаны жөн. Өйткені талқылаулар нәтижесі жобаның материалдарына тіркеледі, сөйтіп ол жоба іске асырылуы күтіп отырған аудан халқының жергілікті жердегі басқарушы және сол халықтың денсаулығының мүдделі қорғаушысы екенінің көрсеткіші болады.

Мүдделердің, хабарландырылуы көлемі (аймағы) жобаның көлеміне байланысты болады. Мысалы өндіріс орны үлкен алқапты алуы көзделіп отырса (Іле ауданының Энергетик селосындағы темекі фабрикасы) ауданның бірнеше селосының халқы, тіпті басқа аудандардың, облыстың басқа облыстармен байланысы ескеріліп, республика көлемінде қарастырылады.

Әрине халықтың дайындығы болмағанадықтан жергілікті радио, теледидарда хабарлар ұйымдастыруға, мамандардың ой пікірлері баяндалып, жиналыста жоба жөнінде дайындалған қысқаша мазмұнды мәтінді тарату, жиналыстарда мамандардың терең тоқталып талдау және т.б., оларға жобаның пайдасы мен зияны аппарат мамандар тарапынан баяндалуы нәтижесінде қоршаған ортаның алдағы өзгерістері, немесе басқа балама ұсыныстардың болуына көңіл аудару, сөйтіп, талқылау тек жобаның іске іске асуын ғана шешпей одан да пайдалы іс, халықтың қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету және экология туралы әлдеқайда терең ойлар туғызуға әсерін тигізеді. Осы ортада жобаның кейбір қауіп-қатерге де жол ашуы мүмкін екенің, оның көлемі мен зардаптарын жою мәселелері талқыланып ашық айтылған соң әр түрлі қауесеттің алдын алуға, жобаның, қиындықсыз іске асуына оң әсерін тигізеді. Жобаны талықылаудың барысында, барлық жақтар жоба иесі, жергілікті жер әкімшілігі және тұрғындардың ортақ ой пікірге келу нәтижесінде айтылған ұсыныстарды ескеріп, талқыланған жобаның сол өңірде экологиялық жағдайларды бұзбайтынын есепке ала отырып, іске асуы халыққа да, ауданға да тиімді ортақ мәмлеге келеді. Екі ұғымды салыстырғанда айқындалатын – олардың принциптік айырмашылығы, яғни мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер мен болжаулар нәтижелерін қатты бақылау деп қарауға болады.

ҚОӘБ жобасы негізгі құжаттың құрамдас бір бөлігі ғана емес, бір жолы аяқталған зерттеулер нәтижесі, әр түрлі органдар үшін түсінікті түрде, бағаланатын обьектінің келтіретін барлық мүмкін әсерлері ескеріліп әрі мамандарға әрі мүдделі кісілерге түсінікті құжат болып саналады. Бұл нәтиже ҚОӘБ құрылымының мазмұнды бір тұтас және дұрыс үйлесімді жұмысымен түсіндіріледі.

ҚОӘБ құрылымының екі саласы бар. Оның біріншісі: көлбеу құрылым- жобаның барлық элементтері мен факторларының бірізділікпен өзара байланыста әрекеттесуін қарастырады. Мысалы: табиғи факторлардың атмосфера, гидросфера, литосфера, биота және әлеуметтік ортамен мүмкін болатын басқа әсерлері қарастырылады.

Екіншісі: тікшіл құрылым – бұның мағынасы белгілі бір аймақтағы көптеген табиғи процестердегі заңдылықтарды талдап, өзгеру және бұзылу дәрежесін бағалау, нәтижесі обьекті қызметі жобасының негізі болып табылады. Осы талдаудың негізінде болжамды бағалаулар жүргізіледі де ол ҚОӘБ-ның негізгі зерттеуі болып саналады. Сонымен, ҚОӘБ-ның әрбір бөлімі «көлбеу құрылымның» үш деңгейінен тұрады:

-спортанды (іштейгі) ерекшеліктері мен заңдылықтары.

-қазіргі жай-күйі.

-жоба бойынша мүмкін болатын әсердің салдарын бағалау.

Әрбір бөлімде тікелей және жанама әсерлердің басқа факторлар жағынан ықпалы қарастырылып, әрбір бөлімнен шығатын қорытындыларды жинақтап қолдана отырып, кешенді баға беру мүмкін болады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауда міндетті түрде қауіп-қатердің болуы сипаты және оның тереңдігі, оның қоршаған ортаға әсерінің салдары мен жою жолдары көрсетілуі қажет.

ҚОӘБ жобаларында обьектінің жұмыс жасау мерзімі аяқталған кезде оны жою жұмыстары да есепке алынуы шарт.

Қолданылып отырған халықаралық келісімдер бойынша қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретін қауіп-қатер, апаттар, олардан сақтандыру жүйесі алдын-ала ескерілуі қажет. Бұл сақтандыру жүйелері қауіпті деп саналатын барлық обьектілерді қамтып ҚОӘБ жобаларында орын алуы керек.

Өндіріс орындарының қауіпсіздігін бағалаудың негізгі жолдары тиісті нормативті- құқықтық құжаттарда келтірілген.

Қазіргі кезде елімізде жобалау мен экологиялық сараптау тәжірибесіне белсенді түрде әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдерінің заңдарында бекітілген қоршаған ортаға әсерді бағалаудың идеологиясы мен методологиясы енгізілуде.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңы бойынша өндіріс және басқа өнеркәсіп орындарын, түрлі обьектілерді орналастыруда төмендегі талаптарды орындау қажет: обьектілер қызметі кезінде қысқа және ұзақ мерзімді экологиялық, экономикалық, демографиялық, мінез-құлықтық зардаптарынан халықтың денсаулығы мен әл ауқатының жоғары дәрежеде болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл қойылған талаптардың орындалу кепілдігінің толықтығы мен жеткіліктігі. ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органдары мен оның жеткілікті бөлімшелерінің тарапынан жоспарлау алдында, жобалау алдында және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде бағаланады. Бұл қойылған шарттардың жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын дайындау кезіндегі толық орындалуын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасының кезеңделіп (этапталып) жүргізілгені жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет