«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


Экологиялық сараптама заңы



бет13/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
УМК нормалау

2. Экологиялық сараптама заңы.

Бұл заң эколгиялық сараптама саласындағы түрлі қатынастарды терең әрі қоршаған орта сапасының нормаларын нақты бекітіп белгілі бағытта реттеу мәселелерін дамытуға негізделген. Бұл заңда алғаш рет экологиялық сараптаманың әрі мемлекеттік (3- тарау, бап 13-28) әрі қоғамдық (4-тарау, бап 29-32) түрлеріне анықтама беріліп, олардың принциптері мен түрлерінің толық мән-мазмұндарына айқындалған.

Бірінші тарау экологиялық сараптаманың анықтамалары мен терминдеріне арналған. Онда шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған орта саласы мен экологиялық талаптарға нормативтік сәйкестігін, обьектіні ісінің теріс әсер етпейтіні және оның зияныңның басқа зардаптарға болмайтынын сараптау арқылы алдын ала анықтауға бағытталған.

Экологиялық сараптаманың мақсат-міндеттері (4-бап) обьектілердегі жүргізілген сараптаманың толықтырып, жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестациялық және оның басқа қызметінде қоршаған орта мен адам денсаулығына,сонымен қатар әлеуметтік , экономикалық және экологиялық әсерін талдау арқылы бағалауды қамтиды. ҚР стандарттары мен нормаларына сәйкес экологиялық талаптардың орындалып, ғылыми негізде талданып, қортыныдыланып, тиісті органдарға ақпарат беріп, ол обьектінің іске қосылуы жөніндегі қаулы шығару шешімдері алынады.

Экологиялық сараптама жоспарланған құрылыс обьектілері мен шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтер нәтижесінде қоршаған орта мен адам денсауығына зиянды әерлердің алдын алу,өндіргіш күштердің жоспарлы түрде сол аймақта орналастырылуы олардың қоршаған ортаға оң әсерін ғана ескере отырып дамытуды мақсат етеді(3-бап).

Экологиялық сараптама төмендегі принціперге негізделеді(5-бап):

а) Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүргізілуі:

б) Минстистірліктер мен мемлекеттік комиттетер және ведомоствалармен орталық және жергіікті бақылаушы орындармен бірлесіп істеу;

В) экологиялық сараптаманың обьективті және ғылыми тұрғыда тұжырымдалуы;

г) сарапшылардың дербес жариялы түрде, кешенді және экологиялық сараптаманың әр түрін пайдалана отырып жургізуі;

д) медико-биологиялық және экологиялық мүдделердін басым болуы.

Экологиялық сараптаманың обьектілеріне ( 6-бап) табиғат ресурстарына қатысты жоспарлаудың алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттары, келісім шарттар, оның ішінде халықаралық келісімдер: ҚР қоршаған ортаға әсер ететін , қабылдауға дайындалған заң жобалары мен басқа да құқықтық-нормативті актілер, шаруашылық қызметі кезіндегі табиғат ресурстарын пайдаланушының қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі талаптарын орындалуын бағалау (экологиялық аудит), табиғи ресурстарды пайдалану, лицензия мен сертификат алу үшін дайындалған және қоршаған ортаны қорғау құжаттары жатады.

Сонымен қатар Экологиялық сараптаманың обьектілері ретінде ерекше құқықтық мәртебе беру үшін арнайы қорғауды талап ететін территориялар мен Экологиялық апат аймақтары да жатады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Экологиялық сараптамалаудағы қызмет аясы екінші тарауда қарастырылған (10-12-баптар).

Қазақстан Республикасының Үкіметі шет елдік обьектілер мен кешендерінің мемлкеттікң Экологиялық және басқа мемлкеттік сараптамалар жасау тәртібін , олардың Қазақстанның заңдарымен үйлесімділігін, Қазақстан мүддесін қорғауды естен шығармау мәселелрін қамтиды.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау салаларында орталық атқару органдарының қызмет аясы (П-бап) – бұл органдардың жергілікті жерлердегі бөлімшелері ол жерлердегі мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізуге ерекше құқығы бар орган болып табылады. Олар қоршаған ораны қорғау салаларында мемлекеттік Экологиялық сараптаманы ұйымдастырып өткізу, әдістемелік бсқару, оларды өткізөу үшін әдістемелік нұсқауларды дайындау, бекіту экологиялық сараптама саласындағы ғылыми зерттеулердің қоршаған ортаға әсерін бағалау проблемалары жөніндегі зерттеулерді үйлестіреді. Жобалау алдындағы , жоспарлау алдындағы және жобаланған құжаттар мен министрліктер мен ведомстволар арасындағы жұмыстарды жүргізуде шет елдердің тәжірибесіне сүйену, қажет болғанда олармен экологиялық сараптама саласындағы кеңесу, әдістемелік-ғылыми жетістіктермен алмасу, халықаралық қатынастар ережелеріне сәйкес олармен бірлесіп сараптама өткізуге міндетті. Мемлекеттік сараптама жүргізетін экосараптамашы мамандары мемлекеттік көлемде дайындауды ұйымдастыру. Экологиялық сараптама саласында, табиғатта қорғауда жобалау жұмыстарына лицензия беру, сраптама жасаушы комиссияның жеке мүшелерін, оның құрамына білікті отандық, шетелдік ғалым мамандары таңдап алуына көмектесу. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық сараптаманың талаптары мен шешімдері орындалуын қадағалап, мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктер мен табиғат қорғаушы түрлі қозғалыстар, мемлекеттік комиттер мен орталық атқару және жергілікті жердегі (органдардың) орындарының жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Жергілікті жердегі атқару орындарының және өкілдіктерінің экологиялық сараптау саласындағы қызмет аясы:

1. Экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті қаржыландыру көзін анықтау.

2. Әр түрлі экологиялық сараптама жүргізу кезіндегі әрекет етуші заңдарға сәйкес талаптардың орындалуын қадағалауды ұйымдастыру.

3. Жүргізілген экологиялық сараптама нәтижелерін халыққа жариялау. Атқару орындары сараптама жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған сараптаушы орындары мен жеке тұлғалалармен келісім шарттар жасайды

Мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республиканың Экологиялық сараптама заңынын үшінші тарауынын 13-28 – баптарында орын алып, 16- бапта кең қарастырылған . мемлекттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының орталық атқару органың және жерүгілікті жердегі оның бөлімшелерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі болып саналады. Ол міндетті түрде орындалуы тиіс және табиғат қорларын пайдалану мен оны қорғау жөнінде құқықтық шешімдер қабылдауға негіз болуы қажет. Мемлекеттік экологиялық сараптаудың бағасы оң болмайынша жобаны іске асыру мүмкін емес. Кейбір жағдайларда қайтара мемлекеттік сараптау жүргізу қажеттігі пайда болады (13-бап 2-бөлім).

Арнайы бапта (14-бапта) мемлекттік сараптама міндетті түрде жүргізілуі тиіс обьектілер келтіріледі, әрі ол жобалардың техникалық-экономикалық негіздеулері, кешенді нұсқа жобалары, жекешелендірілген жіне мемлекеттік мүлік иелері мен табиғат қорларын сақтау және оны қорғау салаларындағы негіздемелер ҚР заңдарына сүйене отырп жаслаады.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттарға қойылатын талаптар (15-бап, 1(а,б) және 2-бөлім) жеке-жеке барлық шарттарды талдап келіп , жоспарланған қызмет пен шаруашылықтың санитарлық нормаларға эко-әлеуметтік және экономикалық әсерлерінің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына ол шаруашылық қызметтің барлық жұмыс істеу мерзіміндегі келтіре алатын теріс әсерлері көрсетілген мәлімдеме түрінде берілген соң бағаланады. Бұл құжаттар жергілікті органдармен үйлесім тауып, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды пайдалану, тиімді энергия үнемдеуші, кешенді (комплексті) қайта өңдей алатын, мейлінше аз табиғат ластағыш заттарды бөлетін, әрі оларды табиғатқа зиянсыз күйге келтіре алатын қондырғылардының болуына көңіл бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет